Бүгін тағы да шымкенттік 30 отбасы баспаналы болды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Көрме» орталығында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға баспана кілтін табыстады. Бұл шара бір аптада осымен үшінші рет өтіп отыр. Бұған дейін 60 отбасы жаңа баспананың иесі атанған болатын. Жаңа баспаналар «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары аясында, барлық талапқа сай келген азаматтарға берілді. «Бозарық» шағын ауданындағы көп қабатты үйлерден берілген пәтерлер заманауи әрі барлық талаптарға сай. Пәтер иелерінің дені – көп балалы және толық емес отбасылар, олардың ішінде жетім балалар да, мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Сондай-ақ, пәтерлер бюджет саласының қызметкерлеріне де табысталды.⠀ ⠀ Қалада…
Автор: adilet.tv01@gmail.com
«Әділет» партиясы облыстық филиалдарының басшылық құрамын толықтай жасақтады. Қазақстанның барлық өңірінде өткен конференциялардың қорытындысы бойынша филиал төрағалары, Саяси кеңестердің мүшелері және Тексеру комиссияларының құрамы сайланды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Конституция – Жаңа Дәуір» атты үндеуін қолдау болды. Сонымен қатар қатысушылар партияның облыстық филиалдарының басшылық органдарын жасақтау мәселесін талқылады. Дауыс беру нәтижесінде партияның барлық облыстық филиалдарының басшылық құрамы толық бекітілді. Облыстық филиалдардың төрағалары: • Алматы облысы – Қасқарауов Данияр Алдабергенұлы • Қарағанды обылысы – Алтынбеков Бекзат Құмарұлы • Жетісу облысы – Есбай Амангелді Ғабдылкәрімұлы • Ұлытау облысы – Құрмансейіт Ақжол Ахатұлы • Ақмола…
Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы аясында өткен кездесуде Қазақстан мен қаржы институтының таяу жылдардағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Президент еліміздің экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін ЕҚДБ басшылығына ризашылық білдірді. – Бізді стратегиялық қарым-қатынас байланыстырады. Қазақстан – Банктің негізгі серіктесі саналатын мемлекеттің бірі. Мұндай ынтымақтастық біздің ұзақмерзімді саясатымызға сай. Өзара ықпалдастығымыз көптеген жылдан бері табысты ілгерілеп келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Соңғы отыз жылда Банк Қазақстандағы 354 жобаға 11 миллиард еуродан аса инвестиция құйған. Соның нәтижесінде еліміз ЕҚДБ-ның аймақтағы ірі серіктестерінің біріне айналды. Бүгінде даму институты Қазақстанда жалпы құны 3,1 миллиард еуродан асатын 131 жобаны қаржыландырып отыр. Мемлекет басшысы Қазақстан Үкіметі…
«Біз шикізат экспорттаумен шектеліп қалмай, ел ішінде қосылған құны жоғары өнім шығаруға ұмтыламыз. Ол үшін, ең алдымен, тамақ өнеркәсібін дамытуға, озық технологияларды енгізуге және орнықты өндірістік-нарықтық тізбекті қалыптастыруға басымдық беру өзекті. Аталған салада өндірістік циклдің барлық кезеңіне инвестиция салуға мол мүмкіндік бар. Біз жасанды интеллект, роботтандыру технологияларын және Индустрия 4.0 шешімдерін тамақ өнеркәсібіне белсенді түрде енгізе бастадық. ЖИ негізінде сапаны бақылау жүйесі, құрал-жабдыққа болжамды қызмет көрсету технологиясы, автоматтандырылған өндірістік желі және жеткізу тізбегін интеллектуалды басқару өнеркәсіп тиімділігін айтарлықтай арттырады, жоғары өнім сапасы мен қатаң сақталатын халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар интеллектуалды логистика жүйелеріне, автоматтандырылған қойма кешендеріне, мұздатқыш…
1 шілде – елімізде жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай және Ұлттық домбыра күні қарсаңында Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті күйші-композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Кенжеқызы Нұрпейісованың 165 жылдығына арналған «Тұран даласының күйлері» атты күйшілер байқауы өтті. Ұлттық домбыра өнері мен күйшілік дәстүрді кеңінен насихаттап, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу, жас күйшілердің шығармашылық әлеуетін дамыту және қазақтың күйшілік мектебінің сабақтастығын сақтау мақсатында ұйымдастырылған шараға қаламыздағы өнерлі 20 жас бақтарын сынады. Байқаудың ашылу салтанатына арнайы Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Әліпов Мадияр Бақтыбайұлы, облыстық мәслихат депутаты Жантөреева Қалыйма Жантөреқызы, Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Сәрсенбаев Ғаппар Амантайұлы қатысып, ұлттық өнердің ұлт болмысын сақтаудағы, рухани…
Түркістан облысында жалпы құны 534,2 млрд.теңгені құрайтын заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешендерін салу бойынша үш ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Олар Қазақстанның маусымаралық кезеңдегі жаңа піскен көкөніске деген сұранысын толық қамтамасыз етпек. Жылыжай кешендері пайдалануға берілген соң өңірдегі жылыжай өнімінің өндірісі жылына 102 мың тоннаға артады. Сонымен қатар 1 225 тұрақты жұмыс орны ашылады. Бүгінде Түркістан облысы жылыжай шаруашылығын дамыту бойынша еліміздегі көшбасшы өңір саналады. Облыстағы жабық топырақтың жалпы аумағы 1006,7 гектар. Бұл – республикадағы жалпы көрсеткіштің 72 пайызы. Өткен жылы өңірдің жылыжай кешендерінде 113 мың тоннадан астам көкөніс өндіріліп, маусымаралық кезеңде ішкі нарықтағы сұраныстың 45 пайызы қамтамасыз етілді. Биылғы…
Астана күніне орай елордада 200-ден астам мерекелік іс-шара өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін ашық аспан астындағы концерттер, фестивальдер, спорттық жарыстар, көрмелер және отбасылық ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады. Мерекелік іс-шаралар елорданың түрлі алаңдарында өтеді.
ІІМ бірінші жартыжылдықтағы есірткі қылмысына қарсы жұмысты қорытындылады, — деп хабарлайды Polisia.kz. — 2024 жылы Ішкі істер министрінің бастамасымен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылды. Бұл ұсынысты Мемлекет басшысы қолдады. Республикалық нашақорлыққа қарсы штабтың мәртебесі премьер-министр деңгейіне дейін көтерілді. Қабылданған шаралардың арқасында біз маңызды нәтижелерге қол жеткіздік. Бүгінде есірткі қылмысына қарсы күрес мемлекеттік деңгейде 2026-2028 жылдарға арналған үш жылдық кешенді жоспар аясында жүргізілуде. Алғаш рет Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес құрылды. Оның құрамына медиа саласының танымал өкілдері, атақты спортшылар, дін және мәдениет, қоғам қайраткерлері енгізілді. Осындай кеңестер еліміздің барлық өңірінде жұмыс істейді. Комитет заңнаманы жетілдіруден бастап цифрлық технологияларды…
Ішкі істер министрлігі терроризм тұрғысынан осал нысандардың терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда, — деп хабарлайды Polisia.kz. 2026 жылдың 5 айында ішкі істер органдары терроризм тұрғысынан осал 2 665 объектіні тексерді. Оның ішінде 2 458-і жоспарлы, 207-сі жоспардан тыс тәртіппен жүргізілді. Тексерілген нысандардың 72%-ында терроризмге қарсы қорғалу деңгейі белгіленген талаптарға сәйкес келді. 736 объектіде заңбұзушылықтар анықталып, олардың басшыларына анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқамалар берілді. Терроризмге қарсы қорғау талаптарын орындамағаны үшін 263 басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 118 миллион теңгеден асты. Түсіндіру жұмыстарымен 3,2 мыңнан астам объект басшысы мен меншік иесі қамтылса, оқу іс-шараларына 237…
Еліміздің біраз өңірлерінде жүргізілген ауқымды реконструкциядан кейін 30 теміржол вокзалы мен жолаушылар инфрақұрылымы нысандары пайдалануға берілді. Жұмыстар Мемлекет басшысының көлік инфрақұрылымын дамыту және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жүргізілді. Жаңғырту соңғы жылдардағы теміржол вокзалдарын жаңартудың ең ірі жобасы болды. Реконструкция нәтижесінде жолаушыларға арналған жағдайлар айтарлықтай жақсарды, қауіпсіздік пен жайлылық деңгейі артты, нысандардың өткізу қабілеті ұлғайды, сондай-ақ теміржол саласы қызметкерлері үшін заманауи еңбек жағдайлары жасалды. Жұмыстар барысында ғимараттардың қасбеттері мен шатырлары жаңартылды, энергия үнемдейтін витраждар орнатылды, жылу жүйелері, сумен жабдықтау, желдету, ауаны баптау, өрт қауіпсіздігі және бейнебақылау жүйелері жаңғыртылды. Құрылыс және реконструкция кезінде негізінен отандық өндірістің материалдары…

