2026 жылғы 01 шілдеден 02 шілдеде түнде Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнайды, жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр мен бұршақ жауады. Дауыл соғады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, орталығында 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Автор: adilet.tv01@gmail.com
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды. ҚР Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасына және 95-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылдың 23 тамызына белгіленді. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының Үкіметі, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдайтын болады.
Қазақстанның әкімшілік-аумақтық картасында тағы бір жаңа өңір пайда болуы мүмкін. Бұл туралы tugyr.kzz — ақпараттық порталы өзінің әлеуметтік парақшасында жариялады. Желіде және сарапшылар арасында Оңтүстік Қазақстан облысын қайта құру және оның орталығы ретінде Сарыағаш қаласын белгілеу туралы ұсыныстар мен ақпараттар белсенді талқыға түсуде. Егер бұл бастама жүзеге асса, жаңа облыстың құрамына Түркістан облысының бірқатар тығыз қоныстанған аудандары кіреді деп күтілуде. Реформаның негізгі себебі 2018 жылғы өзгерістермен байланысты. Сонда Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесін алып, облыс орталығы Түркістанға көшірілген болатын. Алайда, Түркістан облысының географиялық ауқымы мен халық санының тығыздығы басқару жүйесін оңтайландыру қажеттілігін тудырып отыр. Жаңадан құрылуы мүмкін облыстың орталығы…
Түркістан облысы әкімдігі мен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен «Жаңа Конституция – жастардың құқықтық мәдениеті: «Тәртіпке тартыл» тақырыбындағы облыстық белтемірге тартылу жарысының ақтық кезеңі өтті. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға құрметті арттыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтың, лудомания мен қаржылық алаяқтықтың алдын алу. Облыстың барлық аудан-қалаларында өткен іріктеу кезеңдері мен финалдық жарысқа жалпы 10 мыңнан астам жас қатысып, өз бақтарын сынады. Жарыс қорытындысы бойынша 14-20 жас аралығында сарыағаштық Али Мамедов бас жүлдені иеленді. Ал, ІІ орынды созақтық Айбек Жарылқасын, ІІІ орынды да созақтық спортшы Николай Александр иеленді. Ал, 21-28 жас аралығында түлкібастық…
Енді партияға өтініш білдіру, бастама ұсыну, мәселе туралы хабарлау немесе оның қатарына қосылу үшін ресми сайт немесе бірыңғай QR-код арқылы бірнеше минуттың ішінде онлайн түрде жүгінуге болады. Сервис мемлекеттік басқару, экономика, денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқа да ел өмірінің маңызды салаларын қамтитын 26 тақырыптық бағытты біріктіреді. Өтініш жіберілгеннен кейін оған автоматты түрде тіркеу нөмірі беріледі, ал қарау нәтижесі бойынша жауап өтініш берушіге жолданады. Жаңа цифрлық құрал азаматтармен кері байланысты анағұрлым жедел әрі ашық етіп, қоғаммен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттырады.
Қазақстандағы тау-кен өндірісі – ұлттық экономиканың ең бәсекеге қабілетті және қарқынды дамып келе жатқан стратегиялық секторы. Өнеркәсіп елдің жалпы экспорттық кірісінің айтарлықтай бөлігін қамтамасыз етеді. Ел аумағында мыс, марганец, хром, қорғасын, көмір және алтын сияқты бағалы қазбалардың мол қоры шоғырланған. Сонымен бірге сирек кездесетін металдар қоры жағынан Қазақстан жетекші елдердің алдыңғы қатарынан орын алады. Елімізде литий, бериллий, тантал, ниобий, молибден және вольфрам қорлары мол. Әлемдік нарықта көршіміз Қытай сирек жер металдардың 70 пайызын өндірсе, өңдеудің 85-90 пайызын бақылап отыр. Бұл металдар жаңартылатын энергетика, электроника, электромобиль өндірісі мен ғарыш саласында стратегиялық маңызға ие. Бүгінде әлемде сирек кездесетін металдар үшін бәскелестік пен…
Ішкі істер министрлігінде жалға берілетін электрлі самокаттарды пайдаланушыларға арналған жаңа ережелерді түсіндірді. 1 шілдеден бастап жалға берілетін электрлі самокаттарды пайдалануға қатысты жаңа талаптар күшіне енді. Сонымен: Самокатқа тіркеу нөмірі беріледі. Осылайша заң бұзған самокаттар камералар арқылы анықталмақ. Самокатты қолданатын азаматқа сақтандыру полисі міндеттеледі. Ал кикшеринг компаниялар электрсамокаттардың техникалық жағдайын қамтамасыз етуге, олардың жылдамдығы мен орналасқан жерін бақылауға, белгіленген жерде жылдамдықты автоматты түрде шектеуге, оларды ретсіз қалдыруды болдырмауға, самокаттардың есебін жүргізуге, қажетті мәліметтерді ішкі істер органдарына жолдауға міндетті. Самокатты пайдаланушының жүргізуші куәлігі болмаса, ол жүріс жолымен жүрмеуі тиіс. Мұны сервис қатаң бақылауы қажет. Еске саламыз, электрлі самокаттар велосипед жолымен немесе велосипед…
Қазақстанда жаңа Құрылыс кодексі күшіне енді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген Қазақстан Республикасының жаңа Құрылыс кодексі қазіргі нарық талаптары мен экономиканы ауқымды цифрландыру үдерістерін ескере отырып, саланы кешенді жаңғыртуға бағытталған. Құжатта кадастрлық жүйе арқылы қала құрылысы жобаларын бақылау, сондай-ақ бас жоспарларға қайшы келетін рұқсат беру құжаттамасын беруді шектеу көзделген. Қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қала құрылысы жобалары қоғамдық талқылауға шығарылып, олардың нәтижелері жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында жарияланады. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын жиі түзетуге тыйым салынады (2 жылда 1 реттен артық емес). Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сейсмикалық қауіпті аумақтарда сейсмикалық тәуекелдерді бағалау, микросейсмикалық аудандастыру карталарын міндетті түрде ескеру…
Геннадий Головкин Ұлттық ұланның Орталық музейіне бокс қолғабын сыйлады. Аңызға айналған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин музей қорына өз қолтаңбасы қойылған бокс қолғабын сыйға тартты. Бұл жаңалық Ұлттық ұланның елордалық 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Марлен Сұрамаев үшін айрықша мәнге ие. Ол бала кезінен Геннадий Головкиннің жекпе-жектерін жіті бақылап, оның сабырлылығы, еңбекқорлығы мен чемпиондық мінезіне тәнті болып өсті. Жуырда Марлен Құрмет қарауылы ротасының құрамында Геннадий Головкиннің есімі Даңқ залына жазылуына арналған құттықтау бейнеролигінің түсіріліміне қатысқан болатын. Ал бүгін ол спорт саңлағының музейге қолғабын табыстағаны туралы жаңалықты ерекше әсермен қабылдады.
Президенттің елдің транзиттік-көлік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде елімізде темір жол желілерінің, автожолдар мен авиахабтардың ауқымды құрылысы жүргізілуде. Соңғы бес жылда көлік саласының жалпы өнім көлемі 3 есеге өсті. Темір жолдардың өткізу қабілетін арттыру үшін 754 шақырым жаңа желі салынып, 3 мың шақырым жол жаңартылуда. Атап айтар болсақ, биыл «Мойынты – Қызылжар», «Дарбаза – Мақтаарал» учаскелерінің құрылысы аяқталады, сондай-ақ Астана – Қарағанды желісінде үшінші жолдарды салу басталады. Сонымен қатар ел тарихындағы ең ауқымды 124 вокзалды жаңғырту бойынша әлеуметтік бағдарлама іске қосылды, оның алғашқы 30-ы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілді. Өзгерістер басқа бағыттарға да әсер етеді. Автожол саласында 10…

