Автор: adilet.tv01@gmail.com

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте биылғы қаңтар-маусым айларындағы қала бюджетінің орындалуы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі шаралар және мемлекеттік қажетіне жер учаскелерін қайтару жұмыстарының барысы қаралды. Қаржы басқармасының басшысы Руслан Бақтыбаевтың айтуынша, Шымкент салық түсімдерінің өсу қарқыны бойынша жоғары көрсеткішті сақтап, еліміздегі үздік бес өңірдің қатарына кіріп отыр. Сонымен қатар, бюджет кірісін ұлғайту және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда. Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Талғат Мекамбаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы баяндады. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде Шымкент баға өсімі ең…

Read More

Түркістандық кәсіпкерлер  сүт өнімдерін өндіруді мықтап қолға алды.  Жергілікті кәсіпорындар енді экспортқа басымдылық беруде. «Milkart» — сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорын. Түркиядан жеткізілген заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған өндіріс орны өз жұмысын 2024 жылы бастаған. Бүгінде өндіріс орнында 13 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Оның сегізі өндірістік цехта еңбек етсе, бес қызметкер дайын өнімді сауда орындарына жеткізу жұмыстарын атқарады. Кәсіпорында тәулігіне ондаған тонна сүт өңделіп,  48 түрлі өнім шығарылады. Оның қатарында сүт, айран, қаймақ, сүзбе, сарымай және басқа да сүт өнімдері бар. Кәсіпорын қазіргі таңда Түркістан және Кентау қалаларының тұрғындарын сапалы өніммен қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар өнімдер Түркістан қаласындағы әлеуметтік дүкендерге, сауда…

Read More

Биылғы жылдың 6 айында Қазақстанның республикалық бюджетінің кірісі 24,6%-ға өсті. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша республикалық бюджеттің кіріс бөлігі толық көлемде атқарылды, ал мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақтылы қаржыландырылды.  Бұл туралы ҚР Үкіметі хабарлады. Трансферттерді есепке алмағанда республикалық бюджет кірістері 8,5 трлн теңгені немесе жоспарға 100,6%-ды құрады. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда кірістер 1,7 трлн теңгеге немесе 24,6%-ға өсті. Салық түсімдері 8,3 трлн теңгені немесе жоспарға 100,3%-ды құрады. Өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда салық түсімдері 29%-ға өсті немесе 1,9 трлн теңгеден астамды құрады. «Кірістер серпініне негізгі экспорттық тауарлар бойынша бағаның өсуі, сондай-ақ сыртқы сауда белсенділігі оң әсер етті. Бұдан бөлек, электрондық…

Read More

Елімізде 6 айда 8,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі шамамен 4,1 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға артты. Оң өсім еліміздің көптеген өңірлерінде байқалды. Атап айтар болсақ, ең жоғары өсім Ұлытау, Қызылорда және Павлодар облыстарында тіркелді. Есепті кезеңде 8,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.  Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 7,9 млн шаршы метрді құраған. Осылайша тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 6,7%-ға өсті. Өсім 19 өңірде тіркеліп, ең жоғары көрсеткіштер Жетісу және Алматы облыстарында байқалды. «Министрлік жаңа өндіріс орындарын іске қосу, локализациялау деңгейін арттыру және өңірлердегі…

Read More

233 мыңға жуық талапкер 2026 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды. Оның ішінде 73,1%-ға жуығы қазақ тілінде, 26,8%-ы орыс тілінде, 383 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.  Талапкерлерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатысу мүмкіндігі ұсынылды. Осылайша, 233 мың талапкер ҰБТ-ны 422 мың рет тапсырды. Тестілеу қорытындысы бойынша 177 мыңға жуық талапкер шекті балл жинады, бұл қатысушылардың жалпы санының 76%-ын құрайды. Бес пән бойынша ҰБТ-ның орташа балы 69 балды құрады. Ең жоғары 140 балды Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир және Қызылорда облысының түлегі Балхан Альфия (ҚАЗТЕСТ конвертациясы арқылы) жинады. 821 адам 130 балдан жоғары нәтижеге қол жеткізді.…

Read More

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады.  Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының биылғы қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есепті тыңдап, экономиканы одан әрі әртараптандыру жоспарымен танысты. Премьер-министр бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнім көлемі 4,1 пайызға өскенін баяндады. Экономика құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 9,8 пайызға, көлік саласы – 7,1 пайызға, құрылыс 15,2 пайызға артты. Сондай-ақ сауда-саттықта – 5,7 пайыз, ауыл шаруашылығында – 4,4 пайыз және байланыс қызметінде 4,3 пайыз өсім тіркелді. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 9,5 триллион теңгені құрады, соның ішінде жеке инвестиция 21,4 пайызға ұлғайды. Олжас Бектенов ұлттық экономика құрылымын нығайту жөнінде есеп берді. Биыл өңдеу секторында…

Read More

Қазақстанда қан донорларына арналған жаңа ведомстволық марапат пайда болды. Үкімет қаулысымен алғаш рет «Құрметті донор» төсбелгісі тағайындалды. Марапат қан және оның компоненттерін өтеусіз негізде тұрақты тапсырып жүрген азаматтарға беріледі. Алғашқы иегерлері бекітілген талаптарға сәйкес келетін 481 тұрақты донор болады. Ведомстволық төсбелгі Қазақстан азаматтарына, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға донорлық қызметі үшін табысталады. Ол үшін қан және (немесе) тромбоцит донорлығы кемінде 40 рет, ал қан плазмасының донорлығы кемінде 70 рет жасалуы қажет. Марапаттың дизайнын Қазақстан теңге сарайы әзірлейді. Төсбелгінің негізгі белгісі – қанық қызыл түсті эмальмен көмкерілген қан тамшысы. Оның ішінде жүрек соғысының графикалық ырғағы бейнеленген. Композиция күңгірт өңделген дөңгелек…

Read More

13-20 шілде аралығында талапкерлерден грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылданады. Құжаттарды жоғары оқу орындарындағы қабылдау орталықтары арқылы офлайн (виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн) немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі. Грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын, 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері үшін диплом) тапсыру керек. Сондай-ақ бар болған жағдайда жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынылады. Білім беру гранттары конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ нәтижелері бойынша келесі шекті баллдар белгіленген: ✔ «Педагогикалық ғылымдар» және «Құқық»…

Read More

Астанада өткен «Әділет» партиясының съезінде Құрылтай сайлауына қатысатын 186 кандидаттан тұратын партиялық тізім бекітілді. Олардың арасында бұрынғы «Аманат» мүшелері, қоғам белсенділері, кәсіпкерлер, тіл мамандары мен заңгерлер бар. Съезде партияның сегіз негізгі бағыттан тұратын сайлауалды бағдарламасы да қабылданды. Бағдат Мусин —  цифрландыру, Ренат Бектұров — әділетті экономикалық модель, Замира Кузиева — аймақтарды дамыту, Динара Зәкиева — әлеуметтік саясат, Лаура Қарабасова — адами капитал, Қарлығаш Жаманқұлова — мәдениет, Ирина Тен — экология бағыттарын таныстырды. Айта кетейік,  Құрылтай сайлауына Respublika — 76, ҚХП — 72,  «Ауыл» — 69, «Ақ жол» — 63, «Байтақ» партиясы — 51, ЖСДП — 33  кандидат ұсынды. Партиялық тізімдер 13…

Read More

           Экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкент қаласы аумағында 31 заңсыз қоқыс орны анықталып, оларды жоюға құзырлы органдардан құралған арнайы мобильді топ жұмылдырылды. Мұнымен қоса, шаһарда қалдықты қайта өңдейтін жаңа зауыттың құрылысы басталды. Мемлекет басшысы мен Бас прокурордың тікелей тапсырмасына сәйкес қолға алынған жобаның басты мақсаты — қала тұрғындары арасында жаңа эко-мәдениет қалыптастыру, бейберекет төгілген қоқыс үйінділерін тазарту және қоршаған ортаны ластаушыларға қатысты қатаң әкімшілік шара қолдану. Ғарыштық мониторинг және мобильді топтар            Қазіргі таңда Шымкентте әкімдік, полиция, Экология департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті және қала белсенділерінің басын қосқан арнайы…

Read More