Автор: adilet.tv01@gmail.com

Балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру – Қазақстанның мәдени, білім беру және ақпараттық саясатындағы басым бағыттардың бірі. Осы мақсатта елімізде кітапханаларды жаңғырту, кітап қорын толықтыру, баспа ісін дамыту және балалар мен жасөспірімдер арасында кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бүгінде Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсететін 300-ден астам кітапхана жұмыс істейді. Кітапханалардың қорында 7 миллионнан астам кітап жинақталған. Ал тұрақты оқырмандар саны 1,7 миллионнан асады.  Кітапханалардағы оқырман сұранысы балалар әдебиетіне деген қызығушылықтың жылдан-жылға артып келе жатқанын аңғартады. Жас оқырмандардың сүйіп оқитын шығармалары мыналар: «Менің атым Қожа» – Бердібек Соқпақбаев; «Жусан иісі» – Сайын Мұратбеков; «Әке мен бала»…

Read More

Джеки Чан Алматыда жүр. Мұнда ол «Доспехи бога: Ультиматум» халықаралық көркем фильмін түсірмек. Осы орайда халықаралық көркем фильмінің өндірісін ресми түрде бастау рәсімі өтті. Оған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық киноиндустрия өкілдері қатысты. Үкімет басшысының орынбасары Джеки Чанның Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға қосып отырған үлесін жоғары бағалады. «Қазақстан мәдениетін әлемдік аренада танытуға және екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға қосып отырған үлесіңіз үшін Сізге алғыс білдіремін. Алдағы түсірілім жұмыстарына сәттілік, жаңа шығармашылық табыстар тілеймін», – деді Аида Балаева.…

Read More

Елімізде «Спортшылар кеңесі» өз жұмысын бастады. Кеңес құрамына Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, қазіргі спортшылар, сондай-ақ ел спортының дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер енді. Олардың мол тәжірибесі мен кәсіби білімі спорт саласындағы өзекті мәселелерді шешуге және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге жұмылдырылады. «Спортшылар кеңесі» отандық спортты дамытуға қатысты өзекті мәселелер бойынша спортшылар, мемлекеттік органдар, спорт федерациялары және сарапшылар қауымдастығы арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін тиімді диалог алаңына айналады. Кеңестің қызметі спортшылардың мүдделерін қорғауға, саланы дамытуға қатысты ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік бастамаларды іске асыруға бағытталады. «Спортшылар кеңесінің» құрылуы спортшылардың саланы дамытуға қатысты шешімдер қабылдау…

Read More

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазығұрт ауданына жұмыс сапары барысында Қ.Әбдәлиев ауылдық округіндегі «Үшбастау» өндірістік кооперативінің егін орағы науқанымен танысты. Мұнда бидай пісіп, биыл елімізде алғаш болып қамбаға түсіп жатыр. Өңір басшысы астық жинау жұмыстарының ұйымдастырылуын көріп, шаруашылықта енгізілген заманауи агротехнологиялар мен өндірістік әлеуетпен танысты. Қазығұртта өндірілген өнімдер көрмесін тамашалады. Аудан кәсіпкерлері мен диқандармен пікір алмасты. – Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын әртараптандыруды, терең өңдеуге басымдық беруді тапсырды. Біз осы бағытта жұмысты күшейтіп жатырмыз. Мемлекеттік қолдауларды тиісді пайдаланып, жаңа технологияларды батыл енгізу керек. Ізденіс, еңбек, өзгеріс қажет. Бұл ретте ауыл шаруашылығы мамандарына сенім артылады. Жұмыстарыңызға табыс, еңбектеріңізге береке тілеймін, – деді…

Read More

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мирас Қалиұлы Төлебаев туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды. 1986 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.  Еңбек жолын 2008 жылғы шілде айында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ Корпоративтік даму және стратегиялық талдау департаментінің бас маманы болып бастаған.  2009 жылғы наурыз айында Экономикалық жоспарлау департаментінің бас менеджері қызметіне ауыстырылып, 2010 жылдың қаңтарына дейін осы қызметте еңбек етті. 2010 жылдың ақпанынан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс…

Read More

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерінде ақылы режимнің кезең-кезеңімен енгізілетінін хабарлайды. 2026 жылғы 10 шілдеден бастап Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал және Бұрылбайтал – Құрты учаскелерінде ақылы режим қолданыла бастайды. Ал 2026 жылғы 11 шілдеден бастап Талдықорған – Өскемен учаскесінде ақылы режим енгізіледі. Барлық учаскеде қажетті инфрақұрылым дайындалған. Көлік құралдарын сәйкестендіру және жол жүру ақысын есептеу автоматты түрде жүзеге асырылады. Яғни бақылау аркалары арқылы өткен кезде көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі тіркеледі. 1. Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал Бұл учаскеде ақылы режим 2026 жылғы 10 шілдеден бастап енгізіледі. Ақылы учаскенің ұзындығы – 645,64 шақырым. Оның ішінде 91…

Read More

2020 жылға дейін балық шаруашылығының дамуына құқықтық базаның жеткіліксіздігі, көлеңкелі айналым, инвестициялық қызығушылықтың төмендігі, мемлекеттік қолдаудың аздығы, жеңілдетілген несие берудің жоқтығы, балық ресурстарын жаңғырту кешендерінің ескіргендігі кедергі келтірді. Осыған байланысты 2021 жылы балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданды. ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетовтің айтуынша, Бағдарлама аясында тауарлық балық өсіру көлемін жылына 7 мың тоннадан 270 мың тоннаға дейін ұлғайту, балық өнімдерін ішкі тұтыну көлемін 67 мың тоннадан 134 мың тоннаға дейін жеткізу, сондай-ақ табиғи су айдындарындағы балық ресурстарының көлемін 7%-ға арттырып, 237 мың тоннаға дейін жеткізу көзделген.         «2025 жылдың қорытындысы бойынша…

Read More

        Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысында Қазақстан Үкіметі мен халықаралық іскер топтар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы инвестициялық мүмкіндіктер қаралды. Жиында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктерге назар аударылды.         «Біздің бүгінгі кездесуіміз еліміз үшін тарихи кезеңде өтіп отыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан өзінің даму жолында мүлде жаңа дәуірге қадам басты. Жалпыұлттық референдумда қабылданған Конституция Әділетті және Озық Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды реформаларды жүйелі түрде жалғастыруға жол ашатын нағыз ұлт Жарғысына…

Read More

Қазақстанда шыжыған шілденің аптап ыстығы адамдарға ғана емес ағаштарға да қауіп төндіріп тұр.  Бір күнде, яғни 9 шілдеде Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында 4 орман өрті тіркелді. Өрт жағдайлары Павлодар облысында, Наурызым қорығында, «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде және «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында болған. Өрт ошақтары «Қазавиаорманқорғау» РМҚК әуе патрульдеуі, ерте анықтау жүйелері және мемлекеттік орман күзетінің бақылауы барысында дер кезінде анықталды. – Жедел әрекет ету нәтижесінде өрт ошақтары қысқа уақыт ішінде толық сөндірілді. Өртті сөндіру жұмыстарына мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК әуе өрт сөндіру десанттары, тікұшақтары және арнайы техника жұмылдырылды, – дейді сала мамандары. Мамандар өрт…

Read More

Астанада екі жол-көлік оқиғасына себепкер болған Toyota Land Cruiser жүргізушісі ұсталды. Полиция рөлде бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов болғанын растады. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші бірнеше көлікпен соқтығысып, оқиға орнынан кетіп қалған. Жедел іздестіру барысында аталған көлік Достық көшесінде тоқтатылды. Қазір тексеріс жүріп жатыр. Оның нәтижесі бойынша жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, заң аясында тиісті шаралар қабылданады. «Жауапкершілік адамның танымалдылығына немесе жетістіктеріне қарамай, бәріне бірдей қолданылады», – деп мәлімдеді полиция. Adilet-ақпарат

Read More