Шымкент жастар театры маусымды «Гамлетпен» қорытындылады. Сахнада алғашқы сәттерден басталған психологиялық шиеленіс көрерменге бірден әсер етті. Дания ханзадасының тақ үшін тартысы, махаббат пен опасыздық хикаясы. Пьесаның мазмұны осы. Қойылым көрерменді адам болмысы, әділдік пен жауапкершілік туралы ойға жетелейді. Бұл — бүгінгі қоғамның да өзекті мәселесі. Қоюшы режиссер Қуандық Қасымов күрделі философиялық туындыны жаңа, заманауи үлгіде ұсынған. Мұнда классикалық мәтін мен қазіргі заман психологиясы шебер тоғысқан. Әлемдік классикаға қазақ халқының дәстүрлі элементтері сәтті кіріктірілген. Айта кетейік, жас ұжымның жетістігі аз емес. Республиканың ғана емес, шетел көрермендеріне де танылып үлгерді. Таяуда Румынияның Тырговиш қаласында өткен 14-ші халықаралық «BABEL» фестивалінде Шымкент жастар театры…
Автор: adilet.tv01@gmail.com
9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күні! Бұл кәсіби мереке 2019 жылдан бері еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, табиғи ресурстарды қорғап жүрген 29 мыңнан астам маманның құрметіне бекітілген. Жыл сайын 9 шілдеде су шаруашылығы жұмыскерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Бұл сала мамандары гидротехникалық құрылыстардың сенімді жұмысын, су инфрақұрылымын дамытуды және су ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді. Олардың қажырлы еңбегінің арқасында халық пен кәсіпорындар тұрақты түрде сумен қамтамасыз етіліп, еліміздің су қауіпсіздігі сақталып отыр. Жер бетінің шамамен 71% пайызын су құрайды. Жалпы көлемі шамамен 1,38 миллиард текше шақырымды құрайды. Оның ішінде ауыз…
. Қазақстанда «Табиғи монополиялар субъектісінің мемлекеттік тіркелімінде» республикалық маңызы бар 70-тен астам ірі кәсіпорын және жүздеген жергілікті коммуналдық монополистер бар. Оларда 100 мыңнан астам Табиғи монополиялар саласы қызметкерлері еңбек етеді. Биыл Қазақстан Республикасы Үкіметінің кәсіби мерекелер тізбесіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, табиғи монополиялар саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ресми түрде бекітілді. 9 шілде – Табиғи монополиялар саласы қызметкерлері күні! Аталмыш сала иелері төл мерекелерін алғаш рет қарсы алып отыр. Мерекенің 9 шілдеде атап өтілуі де кездейсоқ емес. Дәл осы күні, 1998 жылғы 9 шілдеде елімізде табиғи монополиялар саласын құқықтық тұрғыдан реттеген маңызды құжат – «Табиғи монополиялар туралы» заң қабылданған болатын. Бұл…
Қазақстанның солтүстік аймақтарына қыс ерте түсетіні белгілі. Әсіресе, Солтүстік Қазақстан облысына қыс қылышын сүйретіп қазан айында-ақ келеді. Климаты қатал Солтүстік Қазақстанның жылу магистрін жыл сайын жөндеп тұрмаса, қақаған аязда құбырлар шыдас бермесі анық. Осыны ескерген Үкімет «Қыс қамыңды жаз ойла» деген ұстаныммен Солтүстік Қазақстан облысындағы жылу магистралі құрылысына 650 млн. теңгеге жуық қаржы бөлді. Бұл қаражат Петропавл қаласындағы Ж.Жабаев – А.Шәжімбаев – Новая – Ы.Алтынсарин көшелері бойындағы жылу желісінің құрылысына бағытталған Биыл 1,4 шақырым жылу желісі қайта жөнделіп, қосымша жаңа құбырлар тартылады. Осылайша, Үкімет Петропавл қаласындағы ұзындығы 2 шақырымнан асатын № 2 магистралін жөндеу жұмыстары қара күзге дейін аяқталады. 2025…
Шымкент қаласында тұрғындардың, экологиялық таным көкжиегін кеңейту, қоршаған орта мәдениетін қалыптастыру іс-шаралары одан әрі жалғасын табуда. Бүгін Абай саябағында қалалық жастар ресурстық орталығы «Таза Шымкент» қалдықсыз қала тақырыбында жастармен кездесу іс-шарасын өткізді. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған табиғат аясындағы басқосуға ерікті жастар, студенттер, белсенді азаматтар қатысты. Қоғамда экологиялық сауаттылықты арттырудың маңызы зор. Кездесуде Шымкент қаласы бойынша Экология Департаменті басшысының міндетін атқарушы Дүйсен Құлтілеуов мекеме тарапынан жүзеге асып жатқан жұмыстар, ауаны ластамау, қалдықтарды қайта өңдеу, заңсыз қоқыс орындарын анықтаудағы негізгі көрсеткіштерді көпшілікке баяндап берді. Оның айтуынша, бүгінде қаладағы ірі кәсіпорындарда экологиялық ахуалды жақсартуда автоматтандырылған мониторинг жүйесі жұмыс істейді. Сол арқылы онлайн…
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Су кеңесінің отырысы өтті. Онда су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің Президенттің су саласын жаңғырту, жаңа су қоймаларын салу үшін су үнемдеудің озық технологияларын пайдалану жөніндегі тапсырмаларын орындау жөніндегі есептері тыңдалды. Сондай-ақ Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін енгізуге назар аударылды. Премьер-министр кәсіби мерекесі қарсаңында су саласының қызметкерлерін құттықтап, өңірлердің тұрақты дамуы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында олардың еңбегі стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті. Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы және Су саласын дамытудың кешенді жоспары шеңберінде жалпы…
«ҚазАвтоЖол» жолдарға жаңа «ақылды» камераларды орнатып жатыр. «ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, жүйе тәулік бойы жолдағы ахуалды бақылап, қауіпті жағдайларды жедел анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жүйе жолдың жүру бөлігіндегі адамдардың немесе жануарлардың болуын, көліктің қарсы жолақпен не кері бағытта қозғалуын, тоқтау және тұраққа қою қағидаларының да бұзылуын анықтай алады. Бұдан бөлек, камералар көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін танып, оның маркасы мен түсін анықтайды. Жаңа жүйенің басты ерекшелігі – автономды жұмыс істеуі. Камералар күн панельдері мен жел генераторлары арқылы қуат алатындықтан, тұрақты электр желісі жоқ шалғай жол учаскелерінде де үздіксіз жұмыс істейді. Ал жиналған ақпарат нақты уақыт режимінде жол қызметтеріне жіберіліп, жол-көлік оқиғалары мен…
Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде автомобиль жолдары саласындағы түйткілдер талқыланды. Мәжілісте облыс әкімі Нұралхан Көшеров бұл саладағы мәселелерге тоқталып, жауаптыларға жұмысты ширату жөнінде тапсырма берді. Атап айтқанда, аудан, қала әкімдеріне жол құрылысы нысандарындағы жұмыстарды жедел бастауды, мердігерлердің жауапкершілігін күшейтіп, сапасыз орындалған жұмыстар бойынша заң аясында шара қолдану, жол бойындағы сервистік орталықтар мен санитарлық-гигиеналық тораптарды талапқа сай келтіру, жолдарды күтіп ұстау, қысқы маусымға дайындау жұмыстарын жүйелеуді тапсырды. Сонымен бірге «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ-ның филиалы тарапына да тиісті ұсыныстар мен сын-ескертпелер айтылды. Жиында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев пен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры Ербол…
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Аризона штатындағы Қазақстан Республикасының Құрметті консулы Хью Холлман бастаған делегацияны қабылдады. Кездесуде білім беру, туризм және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Өңір басшысы Қазақстан мен АҚШ арасындағы достық қарым-қатынас жыл сайын нығайып келе жатқанын атап өтіп, өңіраралық байланысты дамыту екі елдің өзара сенімін арттырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты. Сондай-ақ Түркістан облысы халықаралық серіктестермен білім, ғылым, туризм және инвестиция бағыттарында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға әрдайым ашық екенін жеткізді. Облыста АҚШ-тың қатысуымен білім ордасын құру немесе мамандарды бірлесе оқыту, осы саладағы әріптестікті тереңдету, әсіресе, ауыл шаруашылығын цифрландыру, терең өңдеу саласының мамандарын даярлау маңызды екеніне…
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Жаңа Конституцияны насихаттауға арналған «дөңгелек үстел» өтті. Қаладағы іргелі жоғары оқу орындарының бірі саналатын университетте бүгінде 22 мыңнан астам студент бар. Сондықтан, мұнда қоғамдық-саяси тақырыптардың жастар арасында кеңінен талқылануының маңызы зор. Жиынды саясаттану ғылымдарының PhD, «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі Ардақ Базарбекұлы ашып, қатысушыларды Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуімен құттықтады. Ата Заңымыз еліміздің саяси-құқықтық дамуының жаңа кезеңін айқындайтынын айтып, мұндай өзгерістердің әділетті мемлекет құру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті. Заң ғылымдарының докторы, профессор, «Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс» кафедрасының меңгерушісі Айсана Сман Жаңа Конституцияның мемлекетіміздің құқықтық жүйесін жетілдіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын…

