Автор: adilet.tv01@gmail.com

Шымкентте Астана күніне орай «Елімнің жүрегі – Астана» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті. «Shym City» саябағының амфитеатрында ұйымдастырылған айтулы мейрам аясында қала тұрғындары мен қонақтары үшін «Шымкент концерт» концерттік ұйымы өнерпаздарының қатысуымен арнайы бағдарлама ұсынылды. Салтанатты шара елдің бірлігі мен ынтымағын дәріптеу және мемлекет тарихындағы бас қала — Астананың ерекше рөлін айшықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Мерекелік кеш жиылған көпшіліктің Мемлекеттік Әнұранды орындауымен басталды. Бұдан кейін сахна төрінде би ұжымдарының жарқын өнері жалғасты. Көздің жауын алатын ұлттық киімдер мен заманауи үлгіде өңделген халық билерінің өзіндік колориті көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Сондай-ақ, елордаға деген ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігін әнмен өрген жас орындаушылардың…

Read More

Қазақстан халықаралық әуе қатынастарының географиясын кеңейтуді жалғастыруда. Осы орайда FlyArystan әуе компаниясы Қытай мен Қырғызстан бағыттары бойынша жаңа тұрақты рейстерді іске қосты. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің мәліметінше, халықаралық бағыттар санын арттыру және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылғы 26 маусымнан бастап FlyArystan әуе компаниясы Ақтау – Үрімші бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындай бастады. Ұшақтар аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері Airbus A320 әуе кемелерімен қатынайды.

Read More

Шымкентте алдағы 10 күнде ауа райы ыстық болады. Ауа температурасы 40 градустан асады. «Қазгидромет» мамандары алдағы күндері Қазақстанның солтүстік-батысы мен орталығында аптап ыстық рекордтық деңгейге, яғни 41 градусқа дейін жететінін хабарлады. Тіпті, әдетте салқын жүретін теріскей аймақтардың өзінде сынап бағанасы 38 градусқа дейін көтерілмек. Тек еліміздің батысы мен шығысында ғана өткінші жаңбыр жауып, бұршақ аралас екпінді жел соғады деп күтілуде. Аптап ыстықта денсаулыққа қауіп төнбеуі үшін мына қарапайым ережелерді міндетті түрде сақтаңыз: су ішу режимін бұзбау керек — дене салмағының әр килограмына 30 мл-ден таза су ішіңіз. Сыртқа шыққанда ашық түсті, жеңіл киім киген абзал. Күн қатты қызып тұрған шақта…

Read More

Түркістан облысындағы 640 елді мекендегі 2 миллионға  жуық тұрғын табиғи газға қол жеткізе алады, бұл өңірді газдандыру деңгейін 90%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкімет отырысында облыс әкімі Нұралхан Көшеров мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда өңірде 840 елді мекеннің 606-сы газбен қамтылған, ал облысты газдандырудың жалпы деңгейі халық саны бойынша 88%-ға жетті. Өткен жылы 87 нысанның құрылысына 20,7 млрд теңге бөлінді. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша 102 мыңға жуық тұрғынды қамти отырып, 41 ауыл қамтамасыз етілді. Биыл газдандыруды жалғастыруға және 74 нысанның құрылысына 13,7 млрд теңге бағытталды. «Жыл соңына дейін 33 нысан пайдалануға берe жоспарлануда, бұл 34 елді мекендегі 35…

Read More

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында өткен жылы пайдалануға берілген №35 «Келешек мектебі» жалпы білім беретін мектебіне барды. Министр жаңа форматтағы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасымен танысып, заманауи пәндік кабинеттерді, STEM-зертханаларды, инклюзивті білім беру кабинеттерін, спорт инфрақұрылымын және оқушылардың сапалы білім алуына жасалған жағдайларды аралап көрді. Министр сондай-ақ педагогтермен білім беру сапасын арттыру, заманауи білім беру ортасын дамыту және оқушылардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау мәселелерін талқылады. Мектепте Жұлдыз Сүлейменова Ақтау қаласының олимпиада жеңімпаздары және дарынды жастарымен де кездесті. Кездесу барысында министр оқушылардың жетістіктеріне жоғары баға беріп, білімге ұмтылу мен ғылымға қызығушылықтың маңызын атап өтті. Сапар қорытындысы…

Read More

Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Ақтау қаласындағы Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі мен Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжіне барды. Министр колледждердің оқу-өндірістік базасымен, заманауи зертханаларымен және өндірістік оқыту шеберханаларымен танысып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар колледж студенттері мен оқытушылары жүзеге асырып жатқан инновациялық және өндірістік жобалар таныстырылды. Сапар барысында Жұлдыз Сүлейменова колледж ұжымдарымен және студенттермен пікір алмасып, техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру, білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының сұранысына бейімдеу және жұмыс берушілермен әріптестікті одан әрі нығайту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Read More

 DATAmetrics жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижесіне сүйенсек, қазақстандықтардың басым бөлігі еліміздің даму бағытын қолдайды.  Респонденттердің 87,8%-ы еліміз дұрыс бағытта дамып келеді деп есептейді.  Азаматтардың сайлау процесіне қатысуға дайындығы да жоғары деңгейде. Зерттеу барысында: «Егер алдағы жексенбіде Құрылтай (Парламент) сайлауы өтсе, Сіз дауыс беруге барар ма едіңіз?» деген сұрақ қойылған.  Нәтижесінде, респонденттердің 75,6%-ы сайлауға қатысуға ниетті екенін айтқан. Оның ішінде 44,2%-ы нақты дауыс беретінін, ал 31,4%-ы дауыс беруі мүмкін екенін жеткізген.  Саяси партияларға қолдау деңгейі бойынша: «Әділет» партиясы – 54,2%,  «Ауыл» партиясы – 7,3%,  «Ақ жол» партиясы – 4,6%.   Сонымен қатар, азаматтардың 22,6%-ы қай партияға дауыс беретінін әлі шешпеген.  Айта кетейік, зерттеу…

Read More

6 шілдеде  Астанада 24 әйел босанды.  Мереке күні Астанада 24 нәресте дүние есігін ашты. Олардың 15-і  ұл, 9-ы қыз. Атап айтар болсақ: қалалық перинаталдық орталықта — 7 сәби: 4 ұл, 3 қыз; № 2 көпсалалы қалалық ауруханада 9 сәби: 8 ұл, 1 қыз; № 3 көпсалалы қалалық ауруханада 8 сәби: 3 ұл, 5 қыз тулды. Барлық ана мен жаңа туған нәресте өздерін жақсы сезінуде және медициналық мамандардың бақылауында, қажетті көмек пен күтімді алады.

Read More

Бүгін таңертеңнен Шымкенттің әр бұрышын күмбірлеген домбыра үні тербеді. Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – ұлттың үні, Конституция – елдің тірегі» атты мерекелік шара домбырашылар шеруімен басталып, қаланың қоғамдық орындарында жалғасын тапқан болатын. Ұлттық өнерді ұлықтаған шеру Shym City саябағына жетіп, кешкісін ауқымды мерекелік концертке ұласты. Қала тұрғындары мен қонақтары жиналған саябақта қазақтың күй өнері мен халық әндері шырқалып, ұлттық рухты дәріптеген мәдени кеш өтті. Биылғы мерекенің мазмұнын тереңдете түскен тағы бір жайт, Ұлттық домбыра күні Конституцияның күшіне енуімен тұспа-тұс келуі. Жиналған қауымды мерекемен құттықтаған қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек домбыраның қазақ халқы үшін тек музыкалық аспап емес, ұлттың рухани…

Read More

Ұлттық домбыра күні қарсаңында Шымкент қаласында дүниеге келген сәбилер мен олардың аналарына ерекше құрмет көрсетілді. Салтанатты іс-шара қалалық №6 перзентханада ұйымдастырылып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақтың бойына төл мәдениет пен рухани мұраны бесіктен сіңіру мақсатын көздеді. Дәстүрлі шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) жанындағы Аналар кеңесі ұйымдастырды. Осыдан 11 жыл бұрын бастау алған республикалық «Айналайын» акциясы жыл сайын Ұлттық домбыра күні аясында тұрақты түрде өткізіліп келеді. Биылғы акция Шымкент қаласында өте жоғары деңгейде әрі рекордтық көрсеткішпен өтті. Өзге өңірлерде бұл күні небәрі 2-3 ана перзентханадан шықса, Шымкентте бірден 10 ананы салтанатты түрде шығарып алу рәсімі өтті. Демеушілердің қолдауымен, осы күні дүниеге…

Read More