Бұл туралы жанар-жағармай нарығындағы ахуалға қатысты өткен жиында айтылды. Премьер-министр Олжас Бектенов жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығындағы жағдайды бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстаннан мұнай өнімдерінің заңсыз ағынын болдырмау жөніндегі тапсырмалардың орындалуы туралы есепті тыңдады. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ЖЖМ нарығындағы тұрақты жағдай туралы баяндады. Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары жоспарлы режимде жұмыс істеп жатқаны атап өтті. Қазақстандағы бензиннің, дизель отынының, авиаотынның жиынтық қорлары ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Энергетика министрлігі ЖЖМ өндіру және жеткізу жағдайын бақылауда ұстайды. Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің мәліметінше, жыл басынан бері автомобиль өткізу пункттерінде жалпы көлемі 40 мың литрден асатын 593 мұнай өнімдерін әкету әрекеті тоқтатылған. Жалпы,…
Автор: adilet.tv01@gmail.com
Абай облысында алғаш рет «Алакөл алаулары – 2026» мәдени-туристік фестивалі өтіп жатыр. Бұл – жазғы туристік маусымдағы ең ауқымды мәдени іс-шаралардың бірі. Фестиваль мәдениет пен туризм салаларын тоғыстырып, өңір тұрғындары мен қонақтарына мазмұнды әрі тартымды бағдарлама ұсынады. Бағдарлама аясында танымал отандық өнерпаздардың концерттері, облыстың қала-аудандарының шығармашылық ұжымдарының өнер көрсетуі, сондай-ақ мемлекеттік және ұлттық мерекелерге арналған мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда. Фестиваль бағдарламалары апта сайын өткізіліп, әр аудан Абай өңірінің тарихын, салт-дәстүрін және шығармашылық әлеуетін таныстыратын арнайы мәдени бағдарламасын ұсынады. Фестиваль ашылған күннен бастап көрермендердің ерекше қызығушылығына ие болды. Салтанатты ашылу рәсіміне шамамен 7,5 мың адам қатысты. Талдықорған қаласының мәдениет күндері аясындағы іс-шараларға…
Бүгін қазақ опера өнерінің көрнекті өкілі, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ермек Серкебаевтың туғанына 100 жыл толды. Ермек Серкебаев — ұлттық өнердің өресін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосқан бірегей дарын иесі. Талантты тұлға қазақ және әлем операларындағы таңдаулы партияларды асқан шеберлікпен орындап, талай туындыны классикалық музыканың биігіне көтерді. Осылайша қайталанбас қолтаңбасы бар ән мектебін қалыптастырды. Дара тұлғаның ғасыр тойы ұлттық мерейі, оның өрелі өнері, бекзада болмысы — өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге.
Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Өңірде экологиялық мәдениетті қалыптастыру, елді мекендерді көгалдандыру, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында ауқымды жобалар іске асырылуда. Президенттің республика аумағына 15 миллион ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, биыл Түркістан облысында 1 миллионнан астам ағаш отырғызу жоспарланған. Көктемгі маусымда 332 мыңнан астам көшет отырғызылды. Барлық көшеттер облыстағы 14 жергілікті тұқымбақта өсірілуде. Сонымен қатар инвесторлардың қолдауымен қосымша 1 миллионнан астам ағаш отырғызылып, белгіленген жоспар артығымен орындалмақ. Биыл облыс көлемінде 3 мыңнан астам экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде 15…
Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Жиында Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысы қаралды. «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында қоршаған ортаны қорғау, табиғи байлыққа ұқыпты қарау әр азаматтың басты міндеттерінің бірі ретінде бекітілген. Жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру – ел қызметінің негізгі қағидаты. Осыған байланысты, Мемлекет басшысының “Таза Қазақстан” бастамасы Конституцияда белгіленген негізгі қағидат ретінде бірізділікпен жүзеге асырылуда. Біздің осы қағидатты ұстануымыздың жарқын мысалы ретінде экологиялық мәселелерді бірлесіп шешуге қоғамның барлық өкілін, еріктілер мен бизнесті тарту бойынша ауқымды жұмыс болды. Біз табиғатқа ұқыпты қарау және тазалықты сақтау Қазақстанның әрбір азаматы үшін ішкі…
Ұлытау облысы әкімінің кеңесшісі болып Торғын Ескендірова (Әбушахман) тағайындалды. Әр жылдары «ADAM Media Company» ЖШС телевизиялық жобаларында PR-менеджер, редактор, Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінде менеджер, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ЮНЕСКО халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасында оқытушы, «Adyrna.kz» ақпарат агенттігінде шеф-редактор, Жезқазған қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы, Ішкі саясат бөлімінде бас маман, сектор меңгерушісі, ҚР Сот әкімшілігінде инспектор, ҚР Сот әкімшілігі Ұлытау облысы бойынша департаменті баспасөз қызметі бөлімінің басшысы болған. Осы тағайындауға дейін Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасында бөлім басшысы лауазымын атқарды.
Астанада Орталық Азиядағы спорт ғылымы мен жоғары білікті мамандар даярлау бағытындағы ең ірі білім беру жобаларының бірі – Қазақ ұлттық спорт университетінің ресми ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шара New Era of Sport: KNUS 2026 халықаралық форумы аясында ұйымдастырылып, оған мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық спорт федерацияларының басшылары, олимпиадалық қозғалыс мүшелері және академиялық қауымдастық өкілдері қатысты. Университетті соңғы бес жыл бойы жүйелі түрде жаңғырту жұмыстарының алғашқы кезеңінің аяқталғанын білдіретін маңызды оқиға – жаңа кампустың ашылуы болды. Осы уақыт ішінде оқу орны халықаралық әріптестігін кеңейтіп, ғылыми әлеуетін нығайтып, жоғары жетістіктер спорты, бұқаралық спорт және спорт индустриясы үшін мамандар даярлайтын заманауи білім беру экожүйесін…
Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында сел қаупі жарияланды. «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарының тұрғындары мен қонақтарына сел және көшкін жүру қаупі туралы шұғыл ескерту жасады. Бұл жөнінде мекеменің баспасөз қызметі мәлімдеді. Қауіпті табиғи құбылыстардың туындауына өңірлердегі ауа райының қолайсыздығы себеп болып отыр. Мамандардың мәліметінше, алдағы күндері таулы аймақтарда су деңгейі күрт көтерілуі мүмкін.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз ұдайы орнықты даму бағдарын ұстанып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ең әуелгі міндет экономиканы және саяси бағытты жаңа талаптарға дер кезінде бейімдеу екеніне тоқталды. – Сыртқы конъюнктураның қолайсыздығына қарамастан, Қазақстан экономикасы былтыр 6,5 пайызға өсті. Елдегі ішкі жалпы өнім көлемі 300 миллиард долларлық межеден асты. Инвестиция тарту көрсеткіші бойынша еліміз Орталық Азиядағы көшбасшылығын сақтауды көздейді. Тікелей шетелдік инвестицияның жиынтық көлемі 150 миллиард доллардан асып, аймаққа құйылған барлық қаржының шамамен 70 пайызын құрады. Осы экономикалық табыстарға негізінен саяси тұрақтылықтың арқасында қол жеткізіп отырмыз. Жалпыұлттық тарихи референдумның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдадық, бұл құжат қазірдің…
«Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалының бірінші конференциясы өтіп, оның қорытындысы бойынша филиал басшысы, Саяси кеңес пен Бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері сайланды. Конференцияның күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Конституция – Жаңа Дәуір» атты үндеуін қолдау, партияның Шымкент қалалық филиалының басшы органдарын қалыптастыру мәселелері қаралды. Ашық дауыс беру нәтижесінде «Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалының басшысы болып бірауыздан Мұрат Жолдыхожаев сайланды. Сонымен қатар, партия филиалы Саяси кеңесінің құрамына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген түрлі салалардың өкілдері енді. Олардың қатарында шағын және орта бизнес, білім, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, өнеркәсіп, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары және басқа да салалардың…

