Автор: adilet.tv01@gmail.com

Ақмола облысының Щучинск қаласында өткен XII халықаралық әскери-патриоттық жиында Шымкенттік жастар жеңіске жетті. 2015 жылдан бері ұйымдастырылатын «Айбын-2026» жарысы 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерді әскери тәртіпке, жауапкершілікке және отансүйгіштікке баулиды. Биылғы дода Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледж базасында өткен. Оған Қазақстаннан бөлек шетелден келген 64 командалар қатысты. Жас сарбаздар әскери-спорттық, зияткерлік және шығармашылық бағыттар бойынша сынға түсті.

Read More

Республикалық бас мешітке «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілді. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында хабарланды. Мәліметке сәйкес, мешіт бұдан әрі де халықтың рухани өміріне қызмет етіп, қоғамдағы өзара құрмет пен ынтымақты нығайтуға, дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтауға және ізгі бастамаларды дамытуға өз үлесін қоса береді.

Read More

«Әділет» партиясы III кезектен тыс Съезін өткізеді. «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай партияның III кезектен тыс Съезін шақыру туралы Қаулыға қол қойды. Қаулыға сәйкес, партияның III кезектен тыс Съезі 2026 жылғы 10 шілдеде Астана қаласында өтеді. Съезге дайындық жұмыстары басталды. Іс-шараға партия делегаттары, өңірлік филиалдардың өкілдері, басшылық органдарының мүшелері және өзге де қонақтар қатысады.

Read More

Түркістан қаласында академиялық есуден ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Елдің әр өңірінен келген үздік спортшылар бақ сынаған байрақты бәсекеде Түркістан облысының ескекшілері жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы 42 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 24 алтын, 8 күміс және 10 қола жүлде бар. Төрт күнге созылған ел чемпионатында түркістандық спортшылар жекелей және командалық бағдарламаларда жоғары шеберлік танытып, жалпыкомандалық есепте көшбасшылар қатарынан көрінді. Бұл нәтиже өңірде академиялық ескек есу спортының жүйелі түрде дамып келе жатқанын тағы бір мәрте айғақтады. Соңғы жылдары Түркістанда су спортына ерекше көңіл бөлініп келеді. Заманауи талаптарға сай салынған халықаралық деңгейдегі ескек есу каналы спортшылардың сапалы дайындалуына мүмкіндік беріп…

Read More

Қадыр ақынның «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген қанатты сөзі халқымыздың болмысын бір ауыз сөзбен айқындап бергендей. Домбыра қазақтың жаны, тарихы мен тағдырын, қуанышы мен мұңын, рухы мен дүниетанымын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан қасиетті ұлттық аспап. Қос ішектен төгілген әрбір күй халқымыздың өткені мен бүгінінен сыр шертеді. Елімізде 2018 – жылдан бері шілденің бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күні аталып өтеді. Шымкентте Ұлттық домбыра күні сән-салтанатымен басталды. Қала тұрғындары мен қонақтары Шым қала тарихи-мәдени кешенінің Этноауыл аумағына жиналды. Ол жерде «Домбыра – ұлттың үні, Конституция – елдің тірегі» атты шара өтті. Мерекелік шарада кітап көрмелері, қолөнер…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық Домбыра күнімен құттықтады. Құрметті отандастар! Баршаңызды мерейлі мереке – Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қос ішекті қастерлі аспап – ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігі, халқымыздың рухын көтеретін баға жетпес мұра. Домбыра арқылы тереңнен тамыр тартқан төл құндылықтарымыз жұрт жадында жаңғырып, төрге озады. Осылайша, дәуірлер мен ұрпақтар арасындағы сабақтастық сақталып келеді. Шын мәнінде, ұлттың үні саналатын қасиетті аспабымыз қуанышты сәттерде де, қиын кездерде де берекелі бірлігімізді нығайтып, елдің рухын асқақтатуға себепкер болды. Домбыраның күмбірі азаматтарымызды жігерлендіреді, алға нық қадам жасауды көздеген рухани бағыт-бағдарымызбен үндеседі. Жаһандық сын-қатерлер күшейіп, дәстүрлі құндылықтар көмескіленген қазіргідей алмағайып заманда Ұлы даланың мол…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжирдің Тәуелсіздік күнімен құттықтады. – Біз Алжирді араб әлеміндегі сенімді серіктестеріміздің бірі деп қарастырамыз. Берік достық пен өзара түсіністікке негізделген қазақ-алжир қарым-қатынастары халықтарымыздың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенімдімін,– деп жазылған жеделхатта. Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунның жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Алжир халқына құт-береке тіледі.

Read More

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында Ұлттық домбыра күніне орай «Қазағымның үнісің сен – домбыра!» атты көрме ашылды. Көрмедегі ең құнды жәдігерлердің бірі – музей қорында сақталған Абай Құнанбайұлының домбырасы. Көпшілік назарына 30-ға жуық жәдігер ұсынылды. Олардың қатарында Абайдың домбырасымен бірге, Шәкір Әбенұлы мен Ахат Шәкәрімұлының музыкалық аспаптары да бар. Қазақ мәдениетінде өзіндік қолтаңба қалдырған тұлғалардың музыкалық аспаптары да көрмеде жинақталды. Келушілер Мәдениет Ешекеевтің, Болат Сыбановтың, Арғынбек Ахметжановтың, Нұридден Иманбаевтың және өзге де өнер иелерінің домбыраларын тамашалай алады. Экспозицияға Бұқар жырау атындағы Павлодар облыстық әдебиет және өнер музейі мен Қостанай қаласындағы Абай атындағы мектептен музей қорына табысталған музыкалық аспаптар,…

Read More

Қазақстанда мемлекеттік тілдегі әдебиетке қызығушылық артып келеді. Кейінгі бір жылда көпшілік кітапханаларынан оқырмандарға 88,9 млн басылым берілсе, оның 53,4 миллионы немесе 60,1 пайызы қазақ тіліндегі әдебиеттер болды. Бұл үрдіс кітапхана қорларының толығуынан да көрінеді. Бір жыл ішінде көпшілік кітапханаларына 906,5 мың жаңа басылым түсіп, соның 662,3 мыңын қазақ тіліндегі кітаптар құрады. Бүгінде еліміздің көпшілік кітапханаларындағы қазақ тіліндегі әдебиеттер қоры 30,3 млн данаға жетті. Бұл – жалпы кітапхана қорының 41,7 пайызы. Оқырмандар арасында көркем әдебиетке деген сұраныс дәстүрлі түрде жоғары. Көркем шығармаларға, тіл білімі мен әдебиеттану саласындағы еңбектерге жалпы берілген кітаптардың 57,6 пайызы немесе 51,3 млн данасы тиесілі. Бұл бағыттағы басылымдар…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігіне 250 жыл толуымен құттықтады. Президент Америка халқының еркіндік, теңдік және әділдік қағидаттарына бейіл екенін паш ететін бұл айтулы күннің айрықша тарихи маңызына назар аударды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы қазақ-америка қатынастарының қарқынды дамуына Президент Трамптың қосқан үлесін атап өтіп, стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас АҚШ халқына бақ-береке тіледі.

Read More