Елімізде 6 айда 8,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі шамамен 4,1 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға артты. Оң өсім еліміздің көптеген өңірлерінде байқалды. Атап айтар болсақ, ең жоғары өсім Ұлытау, Қызылорда және Павлодар облыстарында тіркелді. Есепті кезеңде 8,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 7,9 млн шаршы метрді құраған. Осылайша тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 6,7%-ға өсті. Өсім 19 өңірде тіркеліп, ең жоғары көрсеткіштер Жетісу және Алматы облыстарында байқалды.
«Министрлік жаңа өндіріс орындарын іске қосу, локализациялау деңгейін арттыру және өңірлердегі инвестициялық қызметті барынша ынталандыру арқылы өзіне тиісті салаларда тұрақты өсім қарқынын қамтамасыз ету ісін жалғастыра береді»,– деп түйіндеді сөзін ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев.


