Геологиялық барлау саласына жеке инвестициялар тарту, заңнаманы жетілдіру және жер қойнауын пайдалану рәсімдерін жеңілдету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты 2025 жылдың соңында Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексіне саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған өзгерістер енгізілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР энергетика вице-министрі Ерлан Акбаров хабарлады. Оның айтуынша, маңызды жаңалықтардың бірі аз зерттелген шөгінді бассейндер үшін арнайы құқықтық режимнің енгізілуі. Мұндай аумақтарда геологиялық тәуекелдердің жоғары деңгейі ескеріліп, жер қойнауын пайдалану құқығын берудің жеңілдетілген тәртібі қарастырылған. «Бұл инвесторлар үшін анағұрлым қолайлы жағдай қалыптастырып, геологиялық барлау жұмыстарына жеке инвестициялар тартуға мүмкіндік береді. Биыл жер…
Автор: adilet.tv01@gmail.com
Астанада Euronews халықаралық жаңалықтар арнасының қазақ тілінде ақпарат таратуына орай ресми таныстырылым өтті. Қазақ тілі Euronews арнасында тұрақты хабар таратылатын 14 тілдің қатарына қосылды. Бұл – Орталық Азия халықтарының тілдері арасында алғаш рет жүзеге асқан бастама. Таныстырылымға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов, Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давид және Euronews агенттігінің Астанадағы бюро жетекшісі Боян Бркич қатысты. Іс-шара барысында Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов бұл жобаның мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, отандық ақпарат кеңістігін дамытуға және қазақтілді аудиторияның халықаралық сапалы ақпарат тұтынуына ықпал ететінін атап өтті. «Euronews телеарнасының қазақ тіліндегі ақпарат тарата бастауы…
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен зейнетақы жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі арнайы жұмыс тобының отырысы өтті. Оған мемлекеттік органдардың, сарапшылар қауымдастығының және салалық ұйымдардың өкілдері қатысты. Жұмыс тобының қарауына зейнетақы жүйесінің сингапурлық моделінің жобасы ұсынылды. Аталған модель міндетті зейнетақы капиталын қалыптастыруды көздейді және азаматтарға зейнет жасына дейін жинақтың бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, білім алуға, медициналық шығындарды өтеуге және инвестициялауға пайдалану мүмкіндігін береді. Бұл ретте аударылатын қаражат үш шотқа бөлінеді, олардың біреуі жеңілдетілген тетік арқылы тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған. Сонымен қатар талқылау барысында бірқатар сарапшылар ұсынылған модельдің әлеуметтік осал топтардың, оның ішінде мүгедектігі бар…
«Әділет» партиясында «Қуатты өңірлер – қуатты ел» атты стратегиялық сессия өтті. Онда сарапшылар, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығының өкілдері Қазақстан өңірлерін дамытуға қатысты ұсыныстарды талқылады. Жиынның негізгі тақырыптары аймақтар арасындағы айырмашылықты азайту, инвестиция тарту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, сондай-ақ ауылдық аумақтарды дамыту, экология және энергетика мәселелеріне арналды. Сессия барысында сөз сөйлеген «Әділет» партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшесі Рауан Кенжеханұлы өңірлік даму мәселелерін бүгінде тек экономикалық көрсеткіштер арқылы ғана емес, қабылданған шешімдердің халықтың күнделікті тұрмысына қаншалықты оң әсер етіп отырғаны тұрғысынан да бағалау қажет екенін атап өтті. «Өңірлердің дамуын тартылған инвестиция көлемімен немесе жүзеге асқан жобалар санымен ғана емес, әрбір қала,…
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қытайдың «Jiangxi Zhixin Real Estate Development Co., Ltd» компаниясының бас директоры Мао Тинь және «Хуатун» халықаралық инвестициялық-өнеркәсіптік тобының халықаралық бизнес және шетелдік өнеркәсіптік инвестициялар жөніндегі басшысы Пэн Бохэнмен кездесті. Облыс әкімі Түркістан өңірінің инвестициялық мүмкіндіктері, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың артықшылықтары, қолайлы логистикалық орналасуы мен мемлекеттік қолдау тетіктері жөнінде жан-жақты ақпарат берді. – Түркістан облысында өндірісті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Біз шикізат экспортынан гөрі оны терең өңдеуге, қосылған құны жоғары өнім өндіретін жобаларды жүзеге асыруға басымдық береміз. Сондықтан құрылыс индустриясын дамытуға бағытталған бастамалар біз үшін маңызды. Инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Жобаларыңызды жүзеге асыратын дайын…
Еліміз 2026-2027 жылдары жеті әлем чемпионатын өткізу құқығын жеңіп алды. Биыл еліміз күрес түрлерінен әлем чемпионатын қабылдаса, 2027 жылы олимпиадалық спорт түрлері бойынша үстел теннисі, дзюдо, бокс, таеквондо, сондай-ақ киберспорт пен шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаттары ұйымдастырылады. Елімізде ірі халықаралық спорт жарыстарын өткізу – Мемлекет басшысының спортты дамыту, елдің халықаралық беделін нығайту және Қазақстанды өңірдегі жетекші спорт орталықтарының біріне айналдыру жөніндегі тапсырмаларын жүйелі іске асырудың нәтижесі. 2027 жылы әлем чемпионаттарының барлығы Астана қаласында ұйымдастырылады. Атап айтқанда, шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 28-31 қаңтар аралығында, бокстан әлем чемпионаты 10-26 сәуірде, үстел теннисінен әлем чемпионаты 22-30 мамырда, дзюдодан әлем чемпионаты 7-14 маусымда,…
Түркістан қаласында алғаш рет ауыр атлетикадан жеке жаттығулар бойынша 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы ҚР жекелей және командалық чемпионаты өтуде. Бүгін аталған жарыстың ресми ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен Қазақстан ауыр атлетика федерациясының бірінші вице-президенті, бас хатшысы Мадина Астамирова, ауыр атлетикадан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Асқар Кадиров және Түркістан облысы ауыр атлетика федерациямының президенті Алмасхан Жамбаев қатысты. – Сіздерге әділ бәсеке, биік рух және жаңа рекордтар мен жарқын жеңістер тілеймін! Түркістан төрінде бақ сынаған әрбір жас таланттың бағы жанып, әлемдік деңгейдегі олимп шыңдарын бағындыра берсін! – деген деген Ертай Алтаев спортшыларға сәттілік тілеп, ауыр атлетика спортының маңызына…
Жаңа Конституцияда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұған дейінгі президенттік мерзімі есепке алынбайды. Бұл туралы бүгін, 7 шілдеде Конституциялық сот айтты. «Президенттің өтінішін қарау қорытындысы бойынша Конституциялық сот ресми түсіндіру берді: конституциялық нормаларда аталған лауазымдарды 1995 жылғы Конституцияға сәйкес атқарып жүрген адамдар 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін тиісті қызметке сайлануы не лауазымға тағайындалуы мүмкін деп түсіну керек», — делінген құжатта. Еске салайық, 1 шілдеде жаңа Конституция күшіне енді. Конституциялық сот бұған дейін 1995 жылғы Негізгі заңның күшін жойғанын, ал жаңа конституциялық модель адам құқықтарының кепілдіктерін кеңейтуді, мемлекеттік институттар жүйесін жаңартуды және мемлекеттік құрылымның жаңа қағидаттарын енгізуді көздейтінін хабарлаған еді. Енді Қазақстанда…
Астана күні Шымкент қаласында 59 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 22 ұл және 37 қыз бала. Қазіргі таңда аналар мен нәрестелердің жағдайы тұрақты. Барлығы дәрігерлердің тұрақты бақылауында болып, қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде. Шымкент қаласында ана мен бала денсаулығын қорғау бағытында төрт перинаталдық орталық тәулік бойы үздіксіз қызмет көрсетеді. Медициналық ұйымдарда жүкті әйелдерге, босанушылар мен жаңа туған нәрестелерге сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Перинаталдық көмек заманауи клиникалық хаттамаларға сәйкес ұйымдастырылып, білікті мамандар тарапынан жүзеге асырылады. Денсаулық сақтау жүйесінде ана мен бала денсаулығын сақтау – басым бағыттардың бірі. Осыған сәйкес қаладағы перинаталдық қызметтің материалдық-техникалық…
Үкімет Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізді. Құжатқа сәйкес, Мемлекеттік туды орналастыру талаптары жаңартылды. Енді туды тұрғын және тұрғын емес ғимараттарға, соның ішінде балкондарға 45 градус бұрышпен орнатуға болады. Сондай-ақ ол салтанатты іс-шаралар өтетін орындарда орналастырылады. Жеке тұрғын үйлерде ту кемінде 3 метр биіктікте орнатылуы керек; Ту жерге, еденге, суға немесе басқа беттерге тимеуі тиіс; Тік орналастырылған жағдайда ұлттық ою-өрнегі жоғары жағында болуы қажет; Ту таза, бүтін және зақымдалмаған болуы керек. Заң талаптары сақталған жағдайда Мемлекеттік туды автокөлік салонына орналастыруға да рұқсат етіледі. Туды әдейі бүлдіруге, жоюға, өртеуге, жыртуға, жерге тастауға немесе оның мәртебесін төмендететін әрекеттер жасауға тыйым…

