Қоғамдық келісімді нығайтуға және конституциялық реформаларды ілгерілетуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру аясында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен «Қазақстанның жаңа Конституциясынан нақты қадамға: реформалар дәуіріндегі әлеуметтік бірлік пен құқықтық тәртіп» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – әділеттілік, заң үстемдігі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидаттарын нығайтуға бағытталған конституциялық өзгерістердің іс жүзінде жүзеге асырылуын талқылау, сондай-ақ Әділетті Қазақстанды құру үдерісінде азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыру мәселелерін қарастыру болды. Кездесу барысында қатысушылар жаңа Конституцияның қабылдануы елдің саяси жаңғыруындағы маңызды кезең болғанын атап өтті. Бүгінде заңнаманы жетілдіруге ғана емес, оны тәжірибеде тиімді қолдануға да ерекше көңіл бөлінуде. Сондықтан құқықтық тәртіпті нығайту, құқықтық мәдениетті дамыту…
Автор: adilet.tv01@gmail.com
Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды. Алдын ала есеп бойынша, осы орайда 16,5 мыңнан астам адам жаңа өмір бастауға мүмкіндік алады. Олардың 2 900-ге жуығы әйел адам, оның ішінде жүкті әйелдер мен кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған аналар. Рақымшылық қоғамдық тәртіптің немесе азаматтардың қауіпсіздік деңгейінің төмендеуіне әкелмейді. Өйткені Заң сыбайлас жемқорлық, терроризм және экстремизм қылмыстарын, жыныстық еркіндік пен қол сұғылмаушылыққа қарсы, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстарды, азаптауды, қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстарды, сондай-ақ қылмысты қайталап немесе аса қауіпті қайталап жасаған адамдарға ешқандай жеңілдік қарастырмайды. Сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар мен сырттай сотталғандар да рақымшылыққа ілінбейді. Тәуелсіз Қазақстан…
Түркістан облысында тұрғындарды жеке қабылдау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бүгін Азаматтарды қабылдау орталығында облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өңір тұрғындарын жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдауға келген азаматтар жер қатынастары және ауыл шаруашылығы салаларына қатысты мәселелерді көтерді. Сарыағаш ауданының тұрғыны білім ордасының құрылысын жүргізу үшін Төлеби ауданынан жер телімін бөлуді сұранса, келесі азаматтар жерді заңдастыруға қатысты сұрақтарымен жүгінді. Ордабасылықтар жеңілдетілген несие рәсімдеу мен егістікке су жеткізу барысында туындаған мәселелерді ортаға салып, шара көруді сұранды. Шымкент және Алматы қаласынан азаматтар өтініштері мен ұсыныстарын бейнебайланыс арқылы жеткізді. Қабылдау барысында көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, заң талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Облыс…
Астанада екінші әуежайдың құрылысы 2027 жылы басталады. Астана қаласында жаңа екінші әуежай салынады. Оның құрылысы келер жылы басталады. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, алдағы үш жыл ішінде еліміздегі әуежайлардың инфрақұрылымын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіледі. Қазіргі уақытта Елорда әкімдігі тарапынан тиісті дайындық жұмыстары басталып кетті. Министр Н. Сауранбаев жаңа нысанның құрылыс мерзімін, бюджетін және әуежай алаңының қай жерде орналасатынын әзірге нақтыламады. «rus.adilet.tv» — ақпарат
Көптен күткен Жезқазған-Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды. Жоспар бойынша құрылыс 2029 жылы аяқталады. Жобаның жалпы ұзындығы — 572 шақырым. Оның 335 шақырымы Ұлытау облысының аумағы арқылы өтеді. Жобаның басталу рәсіміне қатысқан Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мердігерлермен келіссөздер жүргізіліп, тиісті міндеттер жүктелетінін айтты. Ел үшін ерекше маңызға ие бұл жобаны мемлекет басшысының бақылап отыр. Мақсат – жолды 2028 жылға дейін тапсыру. Бұл жоба құны – 524 млрд.теңге.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Брайль қарпімен басылған Жаңа Конституция таныстырылды. Бұл бастама зағип және нашар көретін азаматтардың Ата Заңды оқуына мүмкіндік беріп, олардың құқықтарын қорғауға және қоғам өміріне белсенді араласуына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Жиын барысында қатысушылар Брайль қарпінде жарық көрген Конституцияның маңызына тоқталып, Ата Заңның баршаға бірдей қолжетімді болуы қоғамдағы теңдік пен әділет қағидаттарын нығайтатынын атап өтті. Алдағы уақытта Брайль қарпімен басылған Конституцияның даналары өңірлердегі арнайы кітапханалар мен зағип және нашар көретін азаматтарға қызмет көрсететін мекемелерге жолданады.
Шымкенттегі «Арбат» алаңы заңгерлер мен тұрғындардың бас қосқан алаңына айналды. «Халық заңгері» акциясын ұйымдастырушылар қалалықтардың құқықтық кеңес алуына осылай жағдай жасады. Әдеттегідей, келушілердің көтерген мәселесі әртүрлі болды. Қала тұрғыны Сейтали Нахипов 19 жылдан бері жер дауымен сабылып жүргенін айтады. Тиісті органдардың барлығына барып шыққан. Бірақ нәтиже щамалы. Заңгерлерге жеткізген мәселелер арасында мұнан басқа тұрғын үй кезегі, әлеуметтік төлемдер, еңбек қатынастары, алимент өндіру, мұрагерлік және басқа да сұрақтар бар. Акция барысында 80-ге жуық тұрғынға жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау органдарының өкілдері, прокурорлар, сот орындаушылары, адвокаттар мен нотариустар тегін құқықтық кеңес берді. «Халық заңгерінің» мақсаты — тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және білікті…
Шымкентте Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне арналған дөңгелек үстел өтті. Маңызды жиынға зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары мен профессор-оқытушылар құрамы, мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, қоғамдық ұйымдар мен жастар қатысып, жаңа Ата Заңның ел дамуы үшін маңызы кеңінен талқыланды. Дөңгелек үстел барысында жаңа Конституцияның құқықтық мемлекет қалыптастырудағы, заң үстемдігін нығайтудағы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы, білім, ғылым және инновацияны дамытудағы тарихи рөлі жан-жақты сөз болды. Сондай-ақ азаматтық қоғамның мемлекет басқару ісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту бағытындағы жаңа конституциялық қағидаттарға ерекше назар аударылды. Іс-шара аясында еліміздің инженерлік әлеуетін дамытуға елеулі үлес қосып жүрген жас ғалым…
Мемлекет басшысы Халықаралық гимнастика федерациясының президенті (FIG) Моринари Ватанабэмен және Азия гимнастикалық одағының (AGU) президенті Абдулрахман Әл-Шатримен кездесті. Әңгімелесу барысында елімізде гимнастика спорты түрлерін дамыту және насихаттау бойынша ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев FIG және AGU ұйымдарының Қазақстан гимнастика федерациясына көрсетіп келе жатқан жан-жақты қолдауын жоғары бағалады. Президент бүгінде елімізде гимнастиканың балалар мен жастар арасында танымалдылығы арта түскенін атап өтті. Көптеген жергілікті залдармен қатар, ұлттық құрама жаттығатын және халықаралық жарыстар ұйымдастырылатын үш арнаулы кешен жұмыс істейді. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы қаласында Орталық Азиядағы ең ірі әрі бірегей Гимнастика орталығының құрылысы басталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ауқымды спорт іс-шараларын өткізуде…
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Ибрагим Жанлыелді қабылдады. Кездесу барысында Ибрагим Жанлыел Мемлекет басшысына Орталық Азия мен Кавказда жетекші орын алатын Air Astana компаниясының операциялық және қаржылық көрсеткіштері туралы мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Air Astana әуе паркін 2026-2027 жылдары Boeing 787 Dreamliner жаңа буын ұшақтарымен толықтыруды жоспарлап отырғаны баяндалды. Компания Airbus A320neo және A321neo маркалы 50 ұшаққа және Boeing 787-9 маркалы 15 әуе кемесіне тапсырыс берген. Олар 2036 жылға дейін жеткізіледі. Ибрагим Жанлыел Президентке компанияның ұзақмерзімді даму стратегиясын таныстырды. Аталған құжат Қазақстанның өңірлік авиациялық хаб ретіндегі орнын нығайтуға және компания қызметін халықаралық деңгейде кеңейтуге бағытталған. Air Astana бағыт…

