Көптен күткен Жезқазған-Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды.
Жоспар бойынша құрылыс 2029 жылы аяқталады. Жобаның жалпы ұзындығы — 572 шақырым. Оның 335 шақырымы Ұлытау облысының аумағы арқылы өтеді. Жобаның басталу рәсіміне қатысқан Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мердігерлермен келіссөздер жүргізіліп, тиісті міндеттер жүктелетінін айтты.
Ел үшін ерекше маңызға ие бұл жобаны мемлекет басшысының бақылап отыр. Мақсат – жолды 2028 жылға дейін тапсыру. Бұл жоба құны – 524 млрд.теңге.


