Жобаның жалпы ұзындығы – 572 шақырым. Оның 335 шақырымы Ұлытау облысының аумағы арқылы өтеді. Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту өңірдің көлік инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеріп, жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға, жүк және жолаушылар тасымалының тиімділігін жақсартуға, сондай-ақ Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді.
Автор: adilet.tv01@gmail.com
ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова атап өткендей, жіті ішек инфекциясы жазғы кезеңде жұқпалы аурулардың ең көп таралған топтарының бірі болып қала береді. Оның айтуынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2026 жылдың басынан бері ішек инфекцияларымен сырқаттанушылық 12%-ға төмендеген. Елде 7,5 мыңнан астам жағдай тіркелген. Бұл ретте 71%- дан астамы 14 жасқа дейінгі балалар, 18% — бір жасқа дейінгі балалар. «Жіті ішек инфекцияларының алдын алудың негізгі шараларын еске саламыз: тағам дайындау және тамақтану алдында, сондай-ақ дәретханаға барғаннан кейін қолды сабындап мұқият жуу; тек қауіпсіз ауыз суды пайдалану, қажет болған жағдайда бөтелкедегі немесе қайнатылған суды ішу; азық-түлікті сақтау талаптарын…
Мамандар кенеден қорғанудың ережелерін айтты. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға тұрақты мониторинг жүргізеді. Кене энцефалитіне тоқталсақ, Комитет төрағасы Сархат Бейсенованың айтуынша, эндемиялық аймақтарда иммуноглобулиннің қажетті қоры бар. Жыл сайын Қазақстанда кене энцефалитінің 24-48 жағдайы тіркеледі, ал кене шағуына байланысты өтініштер саны 10-16 мың адамды құрайды. Биыл кене энцефалитінің 24 жағдайы тіркелді. «Табиғи ошақтарда кенелерге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта еліміздің барлық эндемиялық өңірлерінде кенелерге қарсы өңдеудің бірінші кезеңі толық аяқталды. Ал Алматы қаласында, Алматы облысында және Жетісу облысында өңдеудің екінші кезеңі де аяқталды, – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі кенеден қорғанудың негізгі ережелерін…
Шымкент теміржол вокзалының перронында мерзімді әскери қызметін аяқтап, үйіне қайтқан әскери қызметшілерді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Іс-шараны қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөлімінің әскери оркестрі ұйымдастырды. Осыдан бір жыл бұрын дәл осы вокзалдан мегаполистен 27 жас сарбаз Теміртау қаласына Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған болатын. Олардың қатарында Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде бірге оқыған 9 топтас та бар еді. Көзді ашып-жұмғанша өткен бір жылдан кейін олар бір үйдің баласындай сап түзеп, туған жерге қайта оралды. Әскери оркестрдің әуенімен пойыз платформаға баяу келіп тоқтады. Машинистің дыбыстық белгі беруі салтанатты сәттің әсерін одан…
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Ерлан Қарин 1976 жылы Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында туған. 1996 жылы К. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Тарих және география» мамандығы бойынша бітірді. «Тарих және география пәнінің мұғалімі» біліктілігі берілді. 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Философия және саясаттану факультетінің аспирантурасын бітірді. Саяси ғылымдарының кандидаты. 1996 жылдан бастап – Ақтөбе қаласының №33 мектебінде география және тарих пәндерінің мұғалімі. 1998 жылғы наурыздан бастап – Қазақстан даму институтында саяси зерттеулер орталығының қызметкері, Қытай және Ресей институты директорының орынбасары. 2000 жылғы шілдеден бастап – Орталық Азия саяси…
Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 3 мыңнан астам тұрғын Халықаралық волонтерлер жылы аясындағы бастамаларға қатысты. Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ жариялаған Халықаралық волонтерлер жылы аясындағы іс-шаралар жалғасып келеді. Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында 200-ге жуық іс-шара өткізіліп, оған 3,5 мыңға жуық адам қатысты. Бүгінде өңірде 2 мыңнан астам белсенді волонтер бар. Олар қарттарға көмек көрсету, экологиялық бастамаларға үлес қосу, құтқару қызметтеріне қолдау білдіру, қайырымдылық шаралары мен қоғамдық маңызы бар жобаларды ұйымдастыруға қатысады. Облыста 14 волонтерлер фронт-офисі, 20-дан астам волонтерлер бірлестігі, 37 үкіметтік емес ұйым және 13 бастамашыл топ жұмыс істейді. Волонтерлік қозғалыстың жұмысын Жастар ресурстық орталығы…
Қазақстан делегациясы Әзербайжанда өткен Түркі әлемі апталығының ашылу рәсіміне қатысты. Әзербайжан астанасында Бірінші Түркология құрылтайының 100 жылдығына арналған Түркі әлемі апталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға орай, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысушыларға құттықтау хатын жолдады. Мемлекет басшысының құттықтауын Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев оқып берді. Бұған дейін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының XII саммитінде Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының бүгінде бауырлас елдердің ынтымақтастығын нығайтатын бірегей алаң екенін атап өткен болатын. Бағдарламаның алғашқы күні «Түркі әлемі – бір отбасы: ортақ мақсат жолындағы түркі ынтымақтастығы халықаралық ұйымдарының қызметі» тақырыбындағы пленарлық отырыс өтті. Сондай-ақ «І Түркология құрылтайына – 100 жыл (1926-2026)» естелік…
Шымкентте жеңіл атлетикадан XXXV Qosanov Memorial World Athletics Continental Tour Bronze Level халықаралық турнирі басталды. Qosanov Memorial — қазақ жеңіл атлетикасының аңызы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ғұсман Ситтықұлы Қосановты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир. Биыл аталған дода 35-рет өтуде. Ғұсман Қосанов — Қазақстан жеңіл атлетикасы тарихындағы ерекше тұлға. Ол 1960 жылы Римде өткен XVII жазғы Олимпиада ойындарында 4×100 метрлік эстафетада күміс медаль жеңіп алып, Олимпиада тұғырына көтерілген алғашқы қазақ спортшысы атанды. Оның тарихи жетістігі отандық жеңіл атлетиканың дамуына серпін беріп, кейінгі буын спортшыларына қайталанбас үлгі. Qosanov Memorial турнирі 2021 жылдан бері World Athletics Continental Tour Bronze Level санатында өткізіліп келеді.…
«Бүгінгі Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысының тарихи мән-маңызы айрықша деп айтсақ, дұрыс болар. Бұл дүйім халқымыз үшін де айқын нәрсе, ақиқат. Бүгін біз мемлекетіміздің заң шығарушы органы – Парламенттің кезекті сессиясын аяқтап, Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы тұтас бір дәуірді қорытындылап отырмыз. Осылайша, тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Ертең Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы заңды күшіне енеді. Ұлт заңымен қатар, мемлекеттік билік жүйесі де түбегейлі жаңа сипатқа ие болмақ. Қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай келеді. Жалпы, бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді».
Қазақстанның нотариат жүйесінде түбегейлі реформалар күтіп тұр. ҚР Парламенті Сенатының мәліметінше, енді нотариалдық палаталардың төрағалары өз лауазымдарында шексіз отыра алмайды, деп хабарлайды ult.kz. Олардың өкілеттік мерзімі қатаң түрде шектелді: енді басшылық постты қатарынан 4 жылдан артық иеленуге болмайды, ал қайта сайлану мүмкіндігі тек бір-ақ рет беріледі. Сонымен қатар, жүйені ашық әрі таза ету мақсатында бірқатар маңызды антикоррупциялық шаралар енгізілуде. Мәселен, нотариалдық палаталарға ресми жарғыда көрсетілмеген қандай да бір кіру жарналарын стажёрлер мен жаңа мамандардан жинауға үзілді-кесілді тыйым салынды. Мүдделер қақтығысын болдырмау үшін басқару және бақылау органдарына жақын туыстардың қатысуына шектеу қойылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қатаң талаптар енгізіліп жатыр. Ал астыртын…

