Автор: adilet.tv01@gmail.com

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекаралық қатынасты жақсарту мақсатында маңызды өзгерістер енгізілуде. Парламентте қаралып жатқан жаңа хаттамаға сәйкес, «Сырдария – Мәлік» және «Целинный – Оқ олтин» автомобиль өткізу пункттерінің мәртебесі екіжақтыдан халықаралық деңгейге өзгертіледі. Негізгі өзгерістер: Тәулік бойы жұмыс істеу: Өткізу бекеттері күндізгі режимнен 24/7 форматына ауысады. Көлік түрлерін көбейту: Бұрын тек жеңіл көліктерді өткізсе, енді жүк және жолаушылар көліктеріне де қызмет көрсетеді. Пункттердің мамандануы: «Целинный – Оқ олтин»: жеңіл және бос жүк көліктері, сондай-ақ ірі көлемді және ауыр салмақты жүктер өте алады. «Сырдария – Мәлік»: жеңіл және бос жүк көліктеріне арналған (коммерциялық жүктерді тасымалдауға рұқсат жоқ). Бұл бастама екі мемлекет…

Read More

Петропавл қаласының 71 жастағы тұрғыны Айдарбек Бегенов каратэден қара белбеу иегері атанды. Ол бұл спорт түріне зейнетке шыққаннан кейін қызығушылық танытып, жаңа белесті бағындыруды мақсат етті. Жасына қарамастан, аптасына үш рет тұрақты түрде жаттығып, салауатты өмір салтын ұстанып келеді Ұзақ жылғы табанды еңбегі мен қажырлы дайындығының нәтижесінде Айдарбек Бегенов каратэдегі ең жоғары дәрежелердің бірі – қара белбеуге қол жеткізді. Бұл жетістік – кез келген жаста жаңа істі бастап, табандылық танытса, үлкен нәтижеге жетуге болатынының жарқын дәлелі.

Read More

Мемлекеттік награданы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады. Үш дүркін әлем чемпионы атанған шахматшы жуырда Norway Chess супер турнирінде де жеңіске жеткен болатын. Айта кетейік, «Барыс» ордені мемлекеттілікті нығайтуға, қоғамдық және мәдени салаға қосқан ерекше еңбегі, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамытуға сіңірген үлесі үшін беріледі. Гроссмейстер мемлекеттік награданы әлеуметтік желідегі парақшасында көрсетіп, қуанышымен бөлісті.

Read More

Журналист – қоғамның үнін жеткізіп, уақыттың шежіресін жазатын маман. Сондықтан олардың еңбегін бағалау тек марапатпен ғана емес, әлеуметтік қолдау көрсету арқылы да көрініс табуы маңызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерді марапаттау рәсімінде аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін ерекше атап өткен болатын. Президент тапсырмасына сәйкес биыл алғаш рет өңірлерде еңбек етіп жүрген журналистерге тұрғын үй беру бастамасы қолға алынды. Аталмыш бастаманы Шымкенттік билік қолдай кетті.  Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай өткен салтанатты шарада жергілікті БАҚ өкілдеріне жаңа баспананың кілті табысталды. Баспана кілтіне ие болғандардың бірі — Аида Ташева. Ол «Оңтүстік» телеарнасында 15 жыл бойы еңбек…

Read More

Жоба аясында гидромелиорациялық инфрақұрылым кешенді түрде жаңғыртылды. Атап айтқанда, 69 шақырым суару каналы қайта жаңартылып, 241 гидротехникалық нысан қалпына келтіріліп, жаңғыртылды. Сонымен қатар 17,5 шақырым коллекторлық-дренаж желісі реконструкцияланды.

Read More

2026 жылғы 10 мамырда басталған негізгі ҰБТ 340 мыңға жуық рет тапсырылды. Талапкерлердің 73%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 27%-ы орыс тілінде және 522 рет ағылшын тілінде тапсырды. Жетінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 70%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 66 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл, оны Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир жинады.

Read More

Еліміздің өңірлерінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды. Атап айтар болсақ, Қостанай, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында: Аманқарағай, Құсмұрын, Ганюшкино, Аққыстау және Семиглавый Мар теміржол вокзалдарының қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жаңартылған вокзалдар қауіпсіздіктің, қол жетімділіктің және жайлылықтың заманауи талаптарына сай келеді.

Read More

“Ақсу” сауықтыру лагерьінде 6 маусым болады. Әр лекке 190-200 бала қабылданады. Лагерь бағдарламасы әр жылы өзгеріп отырады. Кейде тіпті әр лек сайын ауысып тұрады. Қазір балаларға арналған Aksu Show деген жаңа іс-шарасы қосылуда. Ол жерде балалардың тума талантын көпшілікке паш етіледі. Одан кейін мұнда «Гиннес рекордтар кітабы» деген бағдарлама бар. Ол жерде лагерьдегі “ең ұзын шашты қыз”,  “ең бойы ұзын жігіт” деген сияқты өзіміздің гиннес рекордтар кітабы жасалады. Сондай-ақ балалар күніне 2 мезгіл бассейнге түседі.  Кино көрсетіледі.  Оған арнайы ойынға арналған ақша болады, балаларға ол теңдей таратылып береді, мақсаты оны көбейту. Әдетте лагерьдің 2-3 күні спорттық іс-шаралар өткізіледі. Тілге тиек…

Read More

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Қосарал ауылында 204-ші «Ауыл құтқарушыларының» ерікті өртке қарсы құралымының салтанатты ашылуы өтті. Өрт сөндіру бекеті Қосарал ауылы мен Жетікөл ауылын қамтитын Жетікөл ауылдық округі тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл аумақта жалпы саны 780-нен астам адам тұрады. Іс-шараға Қазақстан ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев, Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов, ТЖД жеке құрамы, сондай-ақ ауыл тұрғындары мен қонақтары қатысты. Бекет жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен салынып, жабдықталған. Қызмет атқаруға барлық қажетті жағдайлар жасалған. Мұнда жатын бөлмелер, ас үй және өрт сөндіру техникасына арналған гараж бокс қарастырылған. Өрттер мен өзге де төтенше жағдайларға жедел әрекет…

Read More

«Бақыт» дүкенін үптеп кетпек болған бақытсыз ұсталды.   Павлодардағы сауда нүктесіне ұрлыққа түскен күдіктіні полиция қолға түсірген. Бірақ ол сытылып шығып, патрульдік көлікпен жүйтки жөнелген. Куәгерлердің айтуынша, ызғытқан азаматтың соңына 13 бірдей патрульдік экипаж түскен. Суыт жүрісінің салдарынан жол-көлік оқиғасы тіркелді. Полиция ұрлық жасап, қызметтік көлікті айдап кету деректері бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына жабылды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, ер кісі мас болған. Ал апаттан опат болғандар жоқ. Зардап шеккендер қалалық ауруханаға жеткізілген.

Read More