Автор: adilet.tv01@gmail.com

Жаңа медициналық мекеме өңірдегі жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалау мен емдеудің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Кардиологиялық орталық 50 төсек-орынға арналған және тәулік бойы жоспарлы әрі шұғыл медициналық көмек көрсетеді.

Read More

Танымал қазақстандық орындаушы Қайрат Нұртас әлеуметтік желіге «Кешю» тобының экс-солистімен түскен видеосын жариялады. Қайраттың Instagram-дағы парақшасында жарияланған видеосына сүйенсек, таңдау Балжан Бидашқа түскенін аңғаруға болады. Әнші Балжанның аккаунтын белгілеп «Жуырда» деп қысқаша қайырды.

Read More

Министрлік әскери техниканың қозғалысына қатысты ресми хабарлама таратты.   Еліміздің бірқатар өңірінде әскери техниканың қозғалысы артуы мүмкін. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі айтты. Ресми деректерге сүйенсек, 29 маусым мен 2 шілде аралығында Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінде әскерлерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежелеріне келтіру бойынша кешенді тактикалық-саптық сабақтар өткізілмек. «Жекелеген бөлімшелер оқу полигондары мен оқу орталықтарына жоспарлы марштар жасайды. Осы кезеңде өңірлердегі жекелеген автожол учаскелерінде жол қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі азаматтарды, әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тек ресми ақпарат көздерінде жарияланған мәліметтерді басшылыққа алуға шақырады»,–делінген хабарламада.

Read More

Түркістанда бұл уақытта күн шыжып, жұрт көлеңке іздеп әлекке түссе, ақ кимешекті әже екі аяқты көлікпен бидай көже сатып, табыс тауып жүр. Алтын Арынованың жасы 70-те. Бірақ қартайдым деп қарап отырмай, іс қылған соң қимылы да ширақ, денсаулығына да шағым айтпайды. Қос дөңгелекпен қоса саудасын дөңгелеткен әжені қазір жергілікті жұрт тұрмақ туристер де танып алған.

Read More

Астаналықтар жүгіруден жарысты. Жарысқа 2 мыңнан астам адам қатысты. Іс-шара Триатлон саябағында Қазақстан полициясы күніне орай ұйымдастырылды.  Жүгіру жарысын ІІМ-нің ARLAN спорт клубы мен Астана қаласы әкімдігі бірлесіп өткізді. Қатысушылар қатарында полиция қызметкерлері, қала тұрғындары, әуесқой жүгірушілер мен салауатты өмір салтын ұстанушылар болды. Шараның мақсаты — бұқаралық спортты дамыту, қоғамдық бірлікті нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау.

Read More

Өңірлерде шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда. 29 маусымдағы жағдай бойынша болжанған 2,1 млн гектардың 1,5 млн гектары немесе 70%-ы өңделді. Қазіргі уақытта ҚР АШМ АӨК-дегі Мемлекеттік инспекция комитетінің басшылығы Атырау және Маңғыстау облыстарында іс шаралар барысын бақылау жұмыстарын қолға алуда. Биыл 2,2 млн гектар алқапты өңдеу жоспарланған. Бұл – 2024 жылмен салыстырғанда 30%-ға аз. Мұндай нәтижеге Үкіметтің қолдауымен жүргізілген кешенді жұмыстардың және өсімдіктерді қорғау жүйесінің едәуір жетілдірілуінің арқасында қол жеткізілді. Атап айтқанда, қызметтерді сатып алудың бірыңғай жүйесі енгізіліп, соның нәтижесінде сатып алу үдерістері орталықтандырылып, бюджет қаражатын пайдалану тиімділігі артты. Сондай-ақ желдеткіш бүріккіштердің өнімділік нормасы қайта қаралып, 100 гектардан…

Read More

«Оқуға түсіріп беремін деп» ата-аналарды сан соқтырды. Бас прокуратураның мәліметінше, 2022-2023 жылдар аралығында күдікті интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жоғарғы сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау және жоғарғы оқу орындарына кепілді түрде түсу бойынша қызметтер көрсету туралы жалған мәліметтер таратқан. Заңсыз әрекеттердің салдарынан 32 азамат жалпы сомасы 28 миллион теңгеден астам ақшалай қаражатынан айырылды.

Read More

Ақтауда құтқарушылар судағы оқиғаның алдын алды. Каспий теңізі жағалауындағы Скальная тропа ауданында Маңғыстау облысы ТЖД қызметкерлері профилактикалық рейд барысында суға құлаған әйелді құтқарды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол катерге міну кезінде абайсызда теңізге құлап кеткен. Жақын маңда жүрген ТЖД қызметкерлері жедел әрекет етіп, әйелді судан шығарып, қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ. ТЖМ шағын көлемді су көліктеріне міну және түсу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды, сондай-ақ су айдындары маңында ерекше сақ болуды ескертеді.

Read More

Алматы тауларында екі жас жігіт таудан түсе алмай қалды.  Белгіленген уақытта оралмаған қос жігітті 3680 метр биіктіктен құтқарушылар түсірді.  Ведомствоның хабарлауынша,  «112» пультіне 2003 және 2004 жылы туған екі жастың 27 маусым күні таңертең Үлкен Алматы шыңына көтеріліп, сол күні кешке оралуы керек болғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Алайда, белгіленген уақытта туристер оралмады, байланысқа шықпаған, сонымен қатар олардың ұялы телефондары желіден тыс болғаны анықталды. ТЖМ қолда бар ақпаратқа сәйкес, соңғы геолокация 27 маусымда сағат 17:00 шамасында Үлкен Алматы шыңының солтүстік бөлігінде тіркелгенін атап өтті. «Хабарламаны алғаннан кейін ТЖМ қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізу ауданына дереу жетті. Іздеу шараларының нәтижесінде туристер табылып,…

Read More

Қызылорда облысында теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жолаушылар үшін Қазалы теміржол вокзалы пайдалануға берілді.  Жаңарту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ел бойынша 124 теміржол вокзалын ауқымды жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілді. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы вокзал инфрақұрылымын жаңартуға бағытталған ең ірі жоба. Жұмыс барысында ғимараттың қасбеті мен ішкі үй-жайлары толық жаңартылды, инженерлік желілер, жылыту, сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау жүйелері жаңғыртылды. Вокзалда заманауи күту аймақтары жасалып, навигация жақсартылды, жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілді. Қазалы теміржол вокзалы өңірдің негізгі көлік нысандарының бірі, ол Қызылорда облысының еліміздің басқа өңірлерімен жолаушылар қатынасын қамтамасыз етеді. Жаңғырту жолаушыларға қызмет…

Read More