Глубокое ауданының Глубокое ауылында ЖШС-нің бір қабатты ғимаратының шатыры жанды. Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД бөлімшелері өртті сөндіруге бірден кірісіп, қалың түтін өрт сөндіру жұмыстарын қиындатқанына қарамастан, өртті 600 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және өртті дер кезінде анықтау ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік беретінін еске салады.
Автор: adilet.tv01@gmail.com
Қандыағаш қаласындағы Есет батыр көшесінде орналасқан учаскелік полиция пунктіне шамамен 13-14 жастағы жасөспірім келіп, тұрғын үйлердің бірінің маңында егде жастағы әйелдің ұзақ уақыт отырғанын және адасып кеткен болуы мүмкін екенін хабарлаған.
ҚР оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында атап өткендей, жекеменшік мектептерде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жүйесін дамыту ашықтық, тиімділік және атаулылық қағидаттарына негізделген заманауи қаржыландыру тетіктерін енгізуді талап етеді. Былтыр қараша айында «OrtaBilim» сервисі іске қосылды. Бұл тәуекелдерді азайтуға және бұзушылықтары бар жекеменшік мектептерді қаржыландыру жағдайларын болдырмауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыру жөніндегі пилоттық жоба бекітілді. «2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік тапсырысты орналастыруға және жаңадан ашылатын жекеменшік мектептерде ғимараттың амортизациясына арналған шығыстарды қаржыландыру бойынша жаңа міндеттемелерді қабылдауға мораторий енгізілді. Бұл бюджеттік қаржыландыру…
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде білім беру сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ оқушы орындарының тапшылығын азайту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарының дамуына қолайлы жағдай жасалуда. Бүгінде елімізде 8 мыңнан астам мектеп жұмыс істейді, онда 3,9 млн оқушы білім алуда. Мемлекеттің елеулі қолдауының арқасында соңғы бес жылда жекеменшік мектептердің саны екі еседен астам өсіп, 856-ға жетті.
Түркістан облысында биылғы бес айда жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен адамдардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1 %- ға (674-673-ке) төмендеген. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен өткен жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөніндегі мәжілісте айтылды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Айдын Төребеков өңірдегі жол-көлік оқиғаларының жай-күйі туралы баяндама жасады. Түркістан облысы департамент полиция бастығының орынбасары Бауыржан Жанаев жол көлік оқиғаларының алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар Цифрландыру басқармасы басшысының м.а Абай Байдаулет жол көлік оқиғаларының алдын алу бойынша қойылған камералар туралы, «қызыл…
Былтыр қаржылық рәсімдердің ашықтығын арттыру, бақылауды күшейту және бюджет қаражатын әкімшілендіруге бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында «Қаржы орталығы» АҚ Қаржы министрлігіне берілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков хабарлады. Оның айтуынша, қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, кемшіліктерді түзету және алдағы уақытта оларға жол бермеу үшін қаражатты бөлу тетігін толықтай жаңартты. «Bilimge» бірыңғай қаржыландыру порталы негізінде пилоттық жобаны жүргізудің арнайы тетігі іске қосылды. Порталдың негізгі мақсаты – барлық әкімшілік процестерді цифрлық ортаға көшіру, автоматты бақылауды қамтамасыз ету және бюджет қаражатының мақсатқа сай пайдаланылуына кепілдік беру», — деді спикер баспасөз конференциясы барысында.
«Астана Балет» театрының сахнасында қазақ халқының тарихы мен мәдени мұрасын дәріптейтін «Алтын гүл» ұлттық балетінің премьерасы өтті. Қойылым идеясына б.з.д. III-II ғасырларға жататын, Теңлік қорғандарынан табылған, қызғалдақ бейнесі бедерленген алтын пластина арқау болған. Осы тарихи жәдігердің негізінде дала қызғалдағының сұлулығынан шабыт алған зергердің тағдыры баяндалады. «Алтын гүл» қойылымында классикалық балет, неоклассика мен заманауи би бағыттары ұштастырылды. Премьерада ұлттық құндылықтар ұлықталып, адам мен табиғаттың үйлесімі, ұрпақтар сабақтастығы көркем түрде бейнеленді. Қойылымның бас балетмейстері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мукарам Авахри. Балет музыкасын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ренат Ғайсин жазған. Либретто авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Қайырбеков. Ал әртістердің болмысын…
Сенаттың соңғы отырысы өтті. Бүгін ел тарихындағы Сенаттың соңғы жалпы отырысы өтті. Ертең, 30 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен қос палатаның қорытынды бірлескен отырысы өтеді. 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне еніп, Қазақстан бір палаталы Парламент жүйесіне көшеді. Жаңа Парламенттің сайлауы тамыз айында өтеді.
Ақмола облысының Щучинск қаласында XII «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиын-сайысы өтті. Шымкент қаласының оқушыларынан құралған “Сұңқар” командасы жалпыкомандалық есепте ІІ орынды иеленіп қайтты. Шымкент қаласының теміржол вокзалынан жеңімпаз команданы жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Халықаралық деңгейдегі бұл беделді жарысқа Қазақстан мен шетелдерден келген жалпы 64 команда қатысты. Тартысты додада шымкенттік оқушылар темірдей тәртібімен, жоғары дайындығымен және шыңдалған жауынгерлік рухымен ерекшеленіп, жүлделі орынға қол жеткізді. Шымкент қаласының құрамасы өткен жылы үшінші орынға ие болған еді. Биылғы сайыста екінші орыннан көрінді. Іс-шарада қалалық «Қарулы күштері ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, отставкадағы полковник Серікбай Онбаев көпшілікті айтулы жетістікпен құттықтап, келесі жылы шәкірттер бірінші орынды…
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев Келес ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан аумағындағы бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады. Алдымен облыс әкімінің орынбасары Жүзімдік ауылдық округінде бой көтеріп жатқан 149 орындық мәдениет үйінің құрылысымен танысты. Мердігер мекеме өкілдері нысандағы құрылыс жұмыстарының кезеңдері туралы мәлімет беріп, жобаны белгіленген мерзімде пайдалануға беру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Одан кейін аудан орталығындағы №13 колледждің материалдық-техникалық базасы мен білім беру үдерісі қаралды. Сондай-ақ реновациядан өткен №4 Жүсіп Баласағұн атындағы жалпы орта мектептің жағдайы таныстырылып, жаңартылған оқу ордасының мүмкіндіктері көрсетілді. Жұмыс сапары барысында Абай ауылында салынып жатқан жаңа буынды дамыту орталығы, аудандық мұражай және арендалық…

