Түркістан облысы Кентау қаласындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында «Kentau Cable Industries» компаниялар тобы жүзеге асырған екі жаңа өндіріс орнының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Атап айтқанда, жоғары жылдамдықты интернет желілеріне арналған оптикалық кабель шығаратын «Kentau Cable Industries» зауыты мен электр құрал-жабдықтарына арналған металл шкафтарын өндіретін «ElectroCore» зауыты ресми түрде пайдалануға берілді. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жаңа кәсіпорындардың өңір экономикасын дамытудағы маңызына тоқталды. – Бүгін баршамыз үшін маңызды әрі тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Кентау қаласында жоғары жылдамдықты интернет желілеріне арналған кабель өндіретін және электр құрал-жабдықтарына арналған металл шкафтарын өндіретін заманауи зауыттың іске қосылуы өңіріміздің өндірістік әлеуетін арттырып, экономикалық дамуына серпін…
Автор: adilet.tv01@gmail.com
Азық-түлік нарығындағы бағаны одан әрі тұрақтандыру мақсатында Сауда және интеграция министрлігі бірқатар қосымша шара әзірледі. Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаевтің айтуынша, Бірыңғай үйлестірушінің басқаруымен бағаны тұрақтандырудың қолданыстағы тетіктерін іске асыруды орталықтандырылған түрде үйлестіру мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның маусымдық ауытқуларын бәсеңдету шарттары мен әдістерін бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді. «Цифрлық платформа базасында оператор құру көзделеді – бұл өнімді тікелей өндірушілерден егістік алқаптары мен қоймалардан сатып алуды, орталықтандырылған жабдықтауды және өнімді делдалдарсыз біркелкі бөлуді, нақты тауарлық нысаналы бағыттауды және маусымға қарамастан нарықты тұрақты, жоспарлы түрде қанықтыруды қамтамасыз етеді, бұл барлығы үшін ашықтықты, тұрақтылықты және әділ бағаларды қамтамасыз…
Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиынға өңірдің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ардагер журналистер мен сала мамандары қатысты. Салтанатты шара алдында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдегі телеарналар, республикалық және жергілікті басылымдардың тыныс-тіршілігін таныстырған көрмені аралап көрді. Көрмеде бұқаралық ақпарат құралдарының бүгінгі жұмысы, шығармашылық жетістіктері мен тарихы таныстырылды. Облыс әкімі журналистермен және медиа ұйымдарының басшыларымен пікір алмасып, ақпарат саласының өзекті мәселелері жөнінде әңгімелесті. Одан кейін Нұралхан Көшеров бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, журналистиканың қоғамдағы орны мен өңірдің дамуындағы ақпарат құралдарының маңызын атап өтті. – Мемлекеттің дамуы үшін ақпарат құралдарының…
Түркістан қаласындағы «Керуен-Сарай» туристік кешенінде өткен «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Ордабасы ауданының мәдени күндері жоғары деңгейде ұйымдастырылып, облыс тұрғындары мен қала қонақтарына ауданның бай тарихы, мәдениеті мен ұлттық мұрасы кеңінен таныстырылды. Кіреберістегі қақпадан басталған театрландырылған көріністер ұлттық рухты айшықтап, күмбірлеген күй мен халық әндері көпшілікті қазақы ортаға жетеледі. Домбыра үнімен әрленген мәдени бағдарламаның алғашқы бөлігінде ауданның өткені мен бүгінін танытатын көріністер қойылды. Арнайы ұйымдастырылған көрме алаңдарында аудандық кітапхана ұжымы ұлттық әдеби мұралар мен тарихи еңбектерді таныстырса, қазақтың даңқты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлына арналған жәдігерлер көрмесі келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Сонымен қатар Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени қорығының тарихы мен тағылымын таныстыратын…
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Люксембургке жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында қазақстандық қадағалау органының басшысы Еуропалық прокуратураның басшысы Лаура Кёвешимен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар қылмыстық-құқықтық саладағы халықаралық ынтымақтастық, қылмыстың өзекті түрлеріне, оның ішінде трансұлттық қылмысқа бірлесіп қарсы іс-қимыл жасау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, активтерді іздестіру және қайтару мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Еуропалық прокуратура арасында өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды. Аталған халықаралық құжат қазақстандық прокуратураның Еуропалық Одақ прокурорларымен тікелей өзара әрекеттесуінің құқықтық негізін қалыптастырады. Ол жедел ақпарат алмасуды, бірлескен тергеу топтарын құруды, қылмыскерлерді экстрадициялау, қылмыстық жолмен алынған кірістерді іздестіру, оларға тыйым…
Түркістан қаласында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік қызметтерді өздігінен алуға бағытталған жаңа форматтағы Smart Point цифрлық ХҚКО өз жұмысын бастады. Заманауи орталық азаматтардың мемлекеттік сервистермен өзара іс-қимылын барынша ыңғайлы, жылдам әрі қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Салтанатты ашылу рәсіміне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков қатысты. Цифрлық ХҚКО мемлекеттік қызметтерді өздігінен алуға және цифрлық дағдыларды дамытуға арналған заманауи кеңістік. Smart Point концепциясы мемлекеттік қызметтерді алудың жаңа мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, яғни азаматтар тек қызмет алып қана қоймай, мемлекеттік цифрлық сервистерді өз бетінше пайдаланып, қажеттілігіне қарай мамандардан кеңес ала алады. «Түркістандағы Smart…
Түркістан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы аясында Қарашық өзенінің бойында 50 гектар аумақты қамтитын «Түркістан» экобағы ашылды. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен «Жаңа Конституция жастардың құқықтық мәдениеті: Тәртіпке тартыл» атты ауқымды шара өтті. Салтанатты жиынға қатысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қала тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. – Санаулы күндерден кейін бүкіл ел болып қолдап, дауыс берген Жаңа Конституция күшіне енеді. Осы Ата Заңымызды қолдау мақсатында халықтың ұсынысымен барлық аудан, қалада түрлі іс-шаралар өткізілді. Соның қорытындысы ретінде бүгін барлығымыз ауқымды акцияға жиналып отырмыз. Түркістан жұртшылығы референдумға қатысу бойынша елімізде…
Ақтөбеде танысын бопсалаған күдікті қамауға алынды. Ақтөбе облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалау және жеке өмірге қол сұғу фактісінің жолын кесті. Полицияға Ақтөбе қаласының тұрғыны арызбен жүгініп, бұрын қарым-қатынаста болған таныс ер адамның оның келісімінсіз түсірілген интимдік сипаттағы бейнежазбаларды таратамын деп қорқытып, психологиялық қысым көрсетіп жүргенін хабарлаған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықталып, ұсталды. Күдікті көршілес облыстың 38 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған факті бойынша жеке өмірге қол сұғушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға, сондай-ақ күдіктінің өзге де құқыққа қайшы әрекеттерге қатысы бар-жоғын…
«Күміс жас» жобасы 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған. Бұл зейнет жасына дейінгі азаматтардың тұрақты табыс тауып, еңбек нарығында өз орнын табуына көмектесетін тиімді тетік. Негізгі шарттары: • Жобаға қатысу мерзімі: 36 айға (3 жыл) дейін. • Жалақыны субсидиялау: мемлекет жұмыс берушіге еңбекақы шығындарының 60%-дан 70%-ға дейінгі бөлігін өтейді: — 1-ші жылы – жалақының 70%-ы (129 750 теңгеден аспайтын); — 2-ші жылы – 65%-ы (129 750 теңгеден аспайтын); — 3-ші жылы – 60%-ы (129 750 теңгеден аспайтын). • Нәтижесі: жоба мерзімі аяқталған соң жұмыс беруші азаматты тұрақты жұмыс орнына қабылдауы тиіс. 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жоба…
Шымкент қаласы Ақжайық шағын ауданында жеті қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатында орналасқан пәтерден өрт шықты. Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері пәтердегі тұрмыстық заттардың, сондай-ақ ғимараттың сыртқы қаптамасы жанғанын анықтады. Баспалдақ маршымен құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 25 тұрғын, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды. Тағы 11 адам, оның ішінде алты бала арнайы құтқару қалпақтарын пайдаланып құтқарылды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

