Автор: adilet.tv01@gmail.com

Шымкент қаласында тағы 30 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Салтанатты рәсім «Көрме» орталығында өтіп, оған қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Қала әкімі қоныс тойын тойлап жатқан тұрғындарды құттықтап, отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі. Сондай-ақ, тұрғындарды қолдауға және олардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған баспана бағдарламаларын іске асыру жұмысының маңызын атап өтті. Айта кетейік, баспаналар «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары аясында берілді. Жаңа пәтерлер Бозарық шағынауданында орналасқан. Пәтер иелерінің қатарында көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ, бюджет саласының қызметкерлері бар. Қалада тұрғындардың баспана мәселесін шешу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған іс-шаралар жүйелі жүзеге асырылып…

Read More

Сауран ауданындағы «Шаға» өндіріс алаңында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур ұйымдастырылды. Сапар мақсаты – ауданда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалармен таныстыру, өңірдің өндірістік әлеуетін көрсету. Тур аясында БАҚ өкілдері өндірістік алаңда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қызметімен танысып, инвестициялық жобалар жөнінде жан-жақты ақпарат алды. Алғашқы болып «BNK Group» кәсіпорны таныстырылды. Компания — ауыл шаруашылығы саласына арналған технологиялық жабдықтарды өндіретін жетекші қазақстандық кәсіпорындардың бірі саналады. Бүгінде «BNK Group» америкалық «Nelson Irrigation» компаниясымен бірлесіп, «BNK IRRIGATION» сауда белгісімен айналмалы және фронтальды жаңбырлатып суару құрылғыларын құрастырады. Сонымен қатар, кәсіпорында ауыл шаруашылығы техникалары құрастырылып, агродрондар дайындалады. Пресс-тур бағдарламасы аясында «Aqniet Holding» кәсіпорнының өндірістік әлеуеті де таныстырылды.…

Read More

Ұлттық валютаның атауы өзгереді. 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының ресми құжаттарының орыс тіліндегі нұсқасында ұлттық валютаның атауы «тенге» емес, «теңге» болып жазылады. Өзгеріс жаңа Салық кодексіне енгізілген терминологиялық түзетулер аясында жүзеге асырылады. Бұл норма тек құжаттардағы жазылу үлгісіне қатысты. Ақша реформасы, деноминация, банкноттар мен монеталарды ауыстыру қарастырылмаған. Өзгеріс азаматтардың қаражатына, банк операцияларына және қаржы жүйесінің жұмысына әсер етпейді.

Read More

Әлеуметтік желіде сәбиін қолына алып, курьер болып жүрген келіншектің видеосы тараған болатын. Бұл видео халық арасында дау тудырды. Еңбек министрлігіне шүйліккендер де аз болған жоқ. Қалай дегенмен де,  келіншектің отбасы Алматыдан көшіп кетіпті.  Бұл туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев хабарлады. «Осы видео шыққаннан кейін Алматы қаласының әлеуметтік қорғау басқармасы мамандары отбасына мемлекеттен қандай да бір көмек керек пе деген үсыныспен бардық.  Жұмысқа орналастыру шаралары ұсынылды. Отбасы көмектен өз бетінше бас тартты, содан кейін олар Алматыдан көшіп кетті. Қазір олар бұрынғыдай ата-аналарымен бірге Шымкентте тұрып жатыр»,-деді вице-министрі Ербол Тұяқбаев. Журналистер вице-министрден курьер келіншектің…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, журналистер қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады. Президент БАҚ саласы өкілдерінің қоғам өміріндегі ерекше рөліне тоқталып, олардың халық пен билік арасындағы маңызды көпір екенін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, журналистер әрдайым қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, азаматтардың мүддесін қорғап келеді. Ақпараттық технологиялар қарқынды дамыған қазіргі кезеңде халыққа жедел, сапалы әрі шынайы ақпарат жеткізу, маңызды оқиғаларға терең талдау жасау – медиа саласы мамандарына жүктелген жауапты міндеттердің бірі. Президент отандық журналистердің елдегі ауқымды саяси реформаларды түсіндіру мен насихаттаудағы еңбегін жоғары бағалады. Оның ішінде жаңа Конституцияны әзірлеу және қабылдау үдерісінде БАҚ өкілдері маңызды рөл…

Read More

2026 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша Түркістан облысына 143 100 турист саяхаттап келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,6 пайызға артық. Саяхатшылардың 77,8 пайызы – отандық туристер болса, 22,2 пайызын шетелдік қонақтар құрайды. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында баяндалды. Сондай-ақ жиын барысында жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың қорытындылары мен негізгі көрсеткіштері сараланып, алдағы жобалар таныстырылды.  Жиында облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлы туризм саласы өңір экономикасының негізгі драйверлерінің бірі екенін атап өтіп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. – Туристік нысандардағы сервистік қызмет сапасын арттыруды, туристік бағыттарды әртараптандыруды, гидтерді даярлау және қайта даярлау жұмыстарын күшейтуді, инвестициялық жобаларды…

Read More

Қазақстан құрамасы стенд атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи алтын медаль жеңіп алды. Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан ISSF жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық қыздар «Трап» жаттығуы бойынша командалық сайыста жеңімпаз атанды. Олар 337 ұпай (дәл тигізген) жинап, барлық қарсыластарынан озып, әлем чемпионы атанды. Құрама сапында: • Элеонора Ибрагимова (Алматы); • Мария Горун (Алматы); • Милана Папчихина (Шымкент). Әлем біріншілігіне 63 елден 778 спортшы қатысуда. Қазақстан намысын 13 мерген қорғап жатыр. Айта кетейік, қазақстандық стенд ату спорты үшін бұл – тарихи жетістік. Бұған дейін еліміздің жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында мұндай биік нәтижеге қол жеткізбеген.

Read More

Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде мерзімді қызмет кезінде алған жарақатынан кейін үш жылға жуық ауыр жағдайда болған Ербаян Мұхтардың қайтыс болғаны туралы айтылды. Қорғаныс Вице-министрі Қаныш Әбубәкіров бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір тергеумен құқық қорғау органдары, оның ішінде ІІМ және әскери прокуратура айналысуда. Оның айтуынша, тергеу барысында кінәлілер анықталып, Ұлттық ұлан қолбасшылығына қатысты тәртіптік шаралар қабылданады. Айта кетейік, Ербаян Мұхтарды соңғы сапарға шығарып салу рәсімі ертең Астанада өтеді. Қонақасы бүгін 25 маусымда сағат 19:00-де Астанадағы «Гаухартас» банкет залында өтеді. Жаназа: 26 маусымда сағат 10:00-де Шейх Күнта қажы мешітінде өтеді. Еске алу асы сағат 11:00-де «Бастау» банкет залында басталады. Ербаянның…

Read More

Жазғы демалыс кезеңінде балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты мәселе.  Шымкент қаласында балалардың көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен абайсызда құлау жағдайларының алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. 2026 жылдың басынан бері қала аумағында балалардың терезеден құлауына байланысты 4 оқиға тіркелді. Салыстырмалы түрде алғанда, 2025 жылы осындай 5 оқиға тіркелген. Жүргізілген талдау нәтижелері көрсеткендей, барлық оқиғалар ата-аналардың немесе ересектердің балаларды қараусыз қалдыруы және пәтер терезелерінің ашық болуы салдарынан орын алған. Аталған жағдайлардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қауіпсіз терезе» республикалық акциясы аясында кең көлемді түсіндіру және ақпараттық-насихат жұмыстарын жүзеге асыруда. Жыл басынан бері бұқаралық…

Read More

2026 жылғы 24 маусым күні сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясы өтті. Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті жиырма үшінші сессиясының жұмысына облыс әкімі Нұралхан Көшеров, облыс әкімдігінің мүшелері, қалалық, аудандық мәслихат төрағалары, Кентау қаласы мен Сарыағаш ауданының әкімдері, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары, облыстық қоғамдық ұйымдар өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов жүргізді. Сессияның күн тәртібінде 27 маңызды мәселе қаралды. Атап айтқанда, облыс әкімдігінің және тексеру комиссиясының облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері, сондай-ақ Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда, мәдениет, мемлекеттік сатып алу, дін істері, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмылдыру…

Read More