Астанада көпірден өзенге секірген қыз құтқарылды. Бүгін 112 пультіне Атырау көпірі маңында суға батып бара жатқан қыз туралы хабарлама түсті. Есіл өзенінің жағасында орналасқан құтқару бөлімшесінен ТЖМ қызметкерлері заманауи қайықпен дереу оқиға орнына шықты. Екі шақырымға жуық қашықтықты еңсеріп, олар оқиға орнына бір минуттың ішінде жетті. Құтқарушылар келгенге дейін қызға сол маңда болған байдарка қауымдастығының мүшелері көмек көрсетіп, оны су бетінде ұстап тұрған. 1991 жылы туған әйел жағаға жеткізіліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Автор: adilet.tv01@gmail.com
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде тегін оқыту курстары мен125 мың теңгеге дейінгі төлемдер туралы жақсы жаңалықпен бөлісті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыз азаматтарға арналған қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламасын іске асыруда. Оқу мерзімі – 6 айға дейін. Бағдарлама қатысушыларына келесідей мемлекеттік қолдау көрсетіледі: шәкіртақы (43 574 теңге); жол жүру (17 300 теңге) және тұру (64 875 теңгеге дейін) шығындары; медициналық тексеруден өту ақысы. Қолдаудың максималды сомасы: жұмыссыз қазақстандықтар 125 749 теңгеге дейін (стипендия, жол жүру, тұру) ала алады. Сондай-ақ, оқуды жұмыс берушіде тікелей өндірістік ортада өтуге болады (айына 86 500 теңге жалақы қарастырылған). Сонымен қатар, Skills.enbek.kz порталы…
Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін қабылдады. Есепті кезеңде Үкімет негізгі бюджеттік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етті. Шығыстардың әлеуметтік бағыты сақталды, ұлттық жобаларды жүзеге асыру жалғасып жатыр. Сондай-ақ экономикалық өсуді қолдау, халықтың табысын арттыру және мемлекеттік қаржының орнықтылығын нығайту шаралары қабылдануда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасы тұрақты оң серпінді сақтап қалды, ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрады. Құндық мәнде, жалпы ішкі өнімнің артуы $15 млрд-ты құрады. Экономикалық өсу аясында орташа айлық жалақы 442 мың теңгеге жетті, бұл ретте жұмыссыздық деңгейі жыл бойы 4,6% деңгейінде сақталды. Орташа айлық жалақы 442 мың теңге деңгейінде қалыптасса, жұмыссыздық жыл…
Қасқыр болғым келеді. Осылай деген кішкентай қошқар өзге жануарлардан ерекше болуды армандайды. Жас көрерменнің кеуілінен шыққан осы қойылым — Шымкент қуыршақ театрының 43-ші маусымының қорытындысы. 2025–2026 жылдардағы 43-театр маусымы Шымкент қалалық қуыршақ театры үшін шығармашылық жетістіктер мен жарқын оқиғаларға толы кезең болды. Маусым барысында театр ұжымы қазақ және орыс тілдерінде 300-ден астам спектакль ұсынып, 40 мыңға жуық көрерменді қамтыды. Сонымен қатар, театр репертуары жаңа туындылармен толықты. Маусым ішінде көрермен назарына 5 жаңа спектакльдің премьерасы ұсынылып, бүлдіршіндер мен ата-аналардың ыстық ықыласына бөленді. 2025 жылдың қыркүйек айында театр ұжымы Ақтау қаласында «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы – 2025» жылы аясында өткен…
Қасым-Жомарт Тоқаев кешендегі үстел теннисі, бассейн, және жаттығу залдарын аралап көрді. Мұнда спорттың алты түрі бойынша үйірмелер жұмыс істейді. Мемлекет басшысына өңірдегі спорт және туризм салаларының даму барысы жөнінде баяндалды. Сонымен қатар Президент облыстың танымал спортшыларымен әңгімелесті. Атлеттер отандық спортқа жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Шучинск қаласының экосаябағы таныстырылды. Таяуда жаңғыртылған қоғамдық кеңістікте тұрғындардың серуендеп, спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған. Президент жергілікті жас домбырашылардың өнерін тамашалады. Ұлттық домбыра күніне әзірленіп жатқан өнерпаздар бірнеше күй орындап берді.
2026 жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша былғары және былғарыдан жасалған өнімдер өндірісі 36%-ға артты. Нақтылай айтқанда, жолға арналған бұйымдар мен ер-тұрман жабдықтары өндірісінде – 47,6%, аяқ киім шығаруда – 39,9%, сондай-ақ былғарыны илеу және өңдеу, аң терісін өңдеу мен бояу саласында – 27,3% өсім тіркелді. Бұл туралы QazIndustry Жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібі және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясы хабарлады. Өндіріс көлемі бойынша Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласының кәсіпорындары көш бастап тұр. Есепті кезеңде Алматы облысы алдыңғы орында. Өңірде 2,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді, бұл саладағы жалпы өндіріс көлемінің 35%-ын құрайды. Екінші орында – Алматы қаласы. Мұнда өндіріс…
Ішкі нарықтағы бағаны белгілеу бойынша отандық бизнес субъектілерімен меморандумдар жасалды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. «Ет саласында сиыр етінің босату бағасы бір килограмм үшін 3 275 теңге деңгейінде белгіленді. Күнбағыс майы бойынша бағаның шекті деңгейі бір литр үшін 780 теңгеге дейін, жұмыртқа бір данасы үшін 55 теңгеден аспайтын мөлшерде белгіленді», – деді спикер. Оның айтуынша, қазіргі уақытта қызанақ бағасын тұрақтандыру үшін өнеркәсіптік және фермерлік жылыжай шаруашылықтарымен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу пысықталуда, сондай-ақ ірі тұз өндірушімен келісім жасасу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы әрі болашақта Chelsea сапында өнер көрсететін Дастан Сәтпаев 20 жасқа дейінгі әлемдегі ең нәтижелі футболшылардың қатарына енді, деп хабарлайды Sports.kz. Аргентиналық футбол статистигі және шолушы Карлос Арасаки жас бомбардирлердің әлемдік рейтингін жариялады. Бұл тізімде 17 жастағы Дастан Сәтпаев 25 голмен тоғызыншы орынға жайғасты. Негізгі тізім мынадай: 1. Ламин Ямаль 2. Эстевао 3. Эндрик 4. Райан 5. Нестори Иранкунда 6. Милошевич 7. Джордж Иленихена 8. Д. Мартинес 9. Дастан Сәтпаев 10. Мелия
Қазақстанда Орталық Азияның мәдени мұрасын біріктіруге арналған цифрлық платформаны құру жұмыстары басталды. Былтыр Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи-мәдени мұраны сақтау мен кеңінен танытуға бағытталған бірқатар бастама көтерген болатын. Солардың бірі – Орталық Азия елдерінің тарихи-мәдени мұрасын біріктіруге арналған бірыңғай цифрлық платформаны құру. Аталмыш жобаны іске асыру мақсатында «Қазқайтажаңарту» мекемесінің кеңсесінде платформаға құжаттарды жүктеу жұмыстары басталды. Еліміздің мамандары үшін Лондон университеттік колледжінің (UCL) өкілдері шеберлік сабағын өткізіп, материалдарды цифрландыру, жүйеге жүктеу, сақтау және жүйелеу тәртібін түсіндірді.

