Автор: adilet.tv01@gmail.com

Венесуэлада жер сілкінді. Алғашқы 7,2 баллдық жер сілкінісі Каракастан батысқа қарай 160 шақырым жерде тіркелді. Бір минутқа жетпей магнитудасы 7,5 болатын екінші тербеліс орын алды. Дүмпулер мемлекеттік мереке күні болды, сондықтан көптеген тұрғындар үйде болды. Reuters таратқан мәліметке сенсек, жер сілкінісінен зардап шеккендер саны — 700, қаза тапқандар саны — 32 адамнан асты. Билік бұл мәліметтердің өзгеруі мүмкін деп отыр. Елде төтенше жағдай режимі жарияланды. Сондай-ақ, билік Каракас халықаралық әуежайының зақымдануына байланысты жабылғанын хабарлады. Жергілікті шенеуніктер мен куәгерлердің айтуынша, кей аудандарда ғимараттар қираған. Құтқарушылар үйінділердің астынан зардап шеккендерді іздестіруде. Кариб теңізі аймағындағы жер сілкіністерінен кейін цунами қаупі қысқаша жарияланды. Кейінірек…

Read More

Елімізде мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтуға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Министрлік ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. 2026 жылғы 1 маусымдағы деректерге сәйкес, мансап орталықтарына 17,4 мың азамат жүгінді, оның 5,7 мыңы – ауылдық елді мекендердің тұрғындары. Мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде 6,4 мың азамат тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналасты. Сонымен қатар, 2 мың адам кәсіпкерлік негіздері бойынша арнайы оқыту курстарын аяқтап, тиісті сертификаттарға ие болды. Ал 1,8 мың адам «Skills Enbek» онлайн платформасында тегін кәсіби білім алып, өз біліктілігін арттырды. Бұл шаралар мүгедектігі бар жандардың кәсіби дағдыларын дамытуға және олардың еңбек нарығына белсенді қатысуына…

Read More

«Екі қолға бір күрек». 2026 жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша елімізде 200,4 мың азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Олардың 75 мыңы – жас болса, 81 мыңы – әйел. Мемлекеттік қолдау шаралары еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылып, азаматтардың тұрақты табыс табуына және еңбек нарығындағы белсенділігін арттыруға ықпал етуде. Сонымен қатар елімізде жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жұмыстар қарқынды жүруде. 2026 жылы ұлттық жобалар, тұжырымдамалар және өңірлерді дамыту жоспарлары аясында 40,4 мың жұмыс орнын ашу көзделген. Ағымдағы жылдың 1 маусымындағы дерек бойынша оның 8 мыңға жуығы іске асырылып үлгерді.

Read More

Бүгін, 25 маусымнан бастап Шымкент қаласындағы колледждерге құжат қабылдау басталды. Жаңа 2026-2027 оқу жылында тағы 6 мың бала Шымкент қаласының колледждерінде тегін білім алуға мүмкіндік алмақ. Жергілікті бюджет есебінен білім беру саласына – 310, өнер және гуманитарлық ғылымдар саласына – 373, әлеуметтік ғылымдар және ақпарат саласына – 50, кәсіпкерлік, басқару және құқық саласына – 125, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына – 861, инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына – 3141, ветеринария саласына – 25, денсаулық сақтау саласына – 365 орын, қызмет көрсету саласында 750 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлініп, өңіріміздің 28 колледжінде орналастырылды. ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығы бойынша талапкерлердің өтінімдерін…

Read More

Семей қаласында «Абай оқулары» республикалық шығармашылық байқауы өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған білім мен өнер додасында Шымкент қаласының намысын қорғаған бес оқушы жетістікке жетіп, жүлделі орындардан көрінді. Байқаудың қорытынды нәтижесі:  І орын – Ерасыл Әуелбек, «Абайдың асыл мұрасы» номинациясы (Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған лицей-интернаттың 9 сынып оқушысы);  ІІ орын – Нұрбол Қантөре, «Абайдың ақын шәкірттері» номинациясы–( А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы); Әлия Қаипназар, «Абайдың сөз өнеріндегі бейнесі» номинациясы (Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы);  ІІІ орын – Бекарыс Рүстем, «Әнді сүйсең – менше сүй» номинациясы (Тәуке хан атындағы №85 орта мектептің 9 сынып оқушысы); Тоғжан Рахым, «Әнді…

Read More

ТЖМ құтқарушылары ер адамға таудан түсуге көмектесті.  Ақмола облысы Бурабай ауданында ТЖМ құтқарушылары Бөлектау тауына көтерілген 1966 ж.т. ер адамды эвакуациялау жұмыстарын жүргізді. Ол шамамен 110 метр биіктікте денсаулығының нашарлауына және жүрек тұсындағы ауырсынуға байланысты өздігінен түсе алмаған. Күрделі жер бедерін ескере отырып, құтқарушылар жаяу эвакуация ұйымдастырып, зардап шегушіні зембілмен тау етегіне дейін түсірді. Онда ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. ТЖМ тауға шыққанда азаматтар өз мүмкіндіктерін бағалап, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Read More

Ақтөбе облысында қайтарылған жерді қайта игеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Өңірде Мемлекет басшысының жер ресурстарын тиімді пайдалану, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару және оларды қайта айналымға енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өткен 3 жылда облыста 1 млн 256 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Қайтарылған жер учаскелері толығымен қайтадан ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді. 2026 жылы 80 мың гектар жерді қайтару жоспарланған. Қазіргі уақытта 105 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, жоспардың орындалуы 131%-ды құрады.

Read More

Қазақстанда 25 маусымда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжат қабылдау басталады. 2026-2027 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша колледждерге 140 мың орын бөлінді. Талапкерлер құжаттарды Egov.kz порталы арқылы немесе колледжге барып электронды түрде тапсыра алады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық мамандықтар бойынша ұлғайтылды. Орта буын мамандықтары мен қолданбалы бакалавриатқа түсушілер үшін конкурс міндетті және бейіндік пәндер бойынша аттестаттың орташа балы негізінде өткізіледі. Жұмысшы біліктілігін алуға ниетті түлектер колледждерге әңгімелесу нәтижесі бойынша қабылданады. Педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін эссе немесе диктант, медициналық және шығармашылық мамандықтарға түсушілер үшін арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандар…

Read More

Жазда терезеден құлау оқиғалары жиілейді. Мегаполисте жыл басынан бері 4 оқиға тіркелді. Бұл туралы жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жөнінде өткен баспасөз конференциясында айтылды. Ыстық күнде терезе ашқанда ата-аналар бірінші кезекте баласының әрекетін ойлауы тиіс, — дейді төтеншеліктер. Өйткені, қайғылы оқиғалар дәл осы күн ыстықта жиілейді. Басты қателік — көп адам шыбын-шіркейге арналған торды қауіпсіз деп есептейді. Ол тор баланы ұстап қала алмайды. Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау капитаны Асқар Шәріп, ата-аналарды барынша мұқият болуға шақырды.

Read More

Шымкентте 14 жас пен 16 жас аралығындағы мектеп оқушылары жазғы демалыста жұмыспен қамтылып, жалақы ала алады! Бірақ оның да өз талаптары бар.  Еңбек мобильділігі орталығының берген ақпаратына сүйенсек, 14-15 жас аралығындағы жасөспірімдерге “Менің жазғы демалысым” бағдарламасы аясында жұмыс берушілер бос орындарды Enbek.kz порталы арқылы ұсына алады. Мемлекет тарапынан бұл санаттағы жастарға  ақылы қоғамдық жұмыстарға жолдама берілмейді. Олардың еңбекақысы жұмыс берушілер есебінен төленеді және мемлекет тарапынан субсидияланбайды. 16 жасқа толған жоғары сынып оқушылары мен студенттер ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға тартылады.  16 жасқа толған жасөспірімдердің қоғамдық жұмыстар бағдарламасына қатысуы үшін, олардың 18 жасқа толмауына байланысты ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша келісімі қажет.…

Read More