Автор: adilet.tv01@gmail.com

Бағаның өсуіне қойылған уақытша мораторидің тоқтағаны сол еді АИ-92 маркалы бензинінің қымбаттағаны байқалды. Соңғы айда оның құны орта есеппен 4 теңгеге өсті. Бұл еліміздегі бас қалалардағы баға. 2026 жылдың сәуірінен бастап Қазақстанда отын бағасы біртіндеп өсті. Сәйкесінше, мамыр айында баға 1 теңгеге артты. «Яндекс жанармай құю» сервисінің деректеріне сәйкес, маусым айында АИ-92 маркалы бензиннің қымбаттауы едәуір сезілді. Астана «Яндекс жанармай құю бекеттері» сервисінен 25 мамырдан бастап бағаның 4 теңгеге көтерілгенін аңғаруға болады. Осылайша баға 241-243 теңге шамасын құрап отыр. Алматы Еліміздің ең тығыз қоныстанған мегаполисі Алматыда отын құны дәстүрлі түрде Астанаға немесе Шымкентке қарағанда жоғары. Осыған қарамастан, бір айдағы өсім…

Read More

ҚР ҰҚК Шекара қызметі заңсыз көші‑қонға қарсы ұдайы негізде жедел‑іздестіру іс‑шаралары кешенін іске асырады.   2026 жылғы маусым айында Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарында Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасаған 15 шетел азаматы ұсталды. Жалпы алғанда, жыл басынан бері 100 құқық бұзушы ұсталып, заңсыз көші‑қонның 25 арнасы жойылды. Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 392‑бабы бойынша 178 қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге және мұндай әрекеттерге жәрдемдесуге қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады, сондай‑ақ азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады.    ҰҚК Баспасөз қызметі

Read More

Тарихы терең қалада туристік полиция қызметкерлері күн сайын шетелдік қонақтарға бес тілде қызмет көрсетіп, өңірдегі қауіпсіз туризмді қамтамасыз етуге үлес қосуда. Қазіргі таңда киелі шаһарда қызмет атқарып жүрген полицейлер Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, «Керуен сарай» туристік кешені және Президент саябағы аумағында таңғы сағат 08:00-ден түнгі 24:00-ге дейін екі ауысыммен қоғамдық тәртіпті бақылап, құқық бұзушылықтардың алдын алады. Тәртіп сақшылары қазақ, ағылшын, қытай, өзбек және орыс тілдерінде еркін сөйлеп, отандық және шетелдік туристерге қажетті көмек көрсетеді. Туристік полиция қызметкерлері әрбір азаматпен сыпайы әрі кәсіби қарым-қатынас орнатуды басты қағидат ретінде ұстанады. Сондай-ақ ата-анасынан адасып қалған балаларды жақындарына табыстауға, жоғалған құжаттар мен бағалы заттарды…

Read More

Елімізде жалпы құны 48 млрд теңгені құрайтын тәркіленген активтер сауда-саттыққа қойылды. Бәссаудада жалпы 40 лот болады. Бұл туралы Қайтарылған активтерді басқару компаниясы хабарлады. Лоттар қайта қойылуда. Олардың ішінде: зергерлік бұйымдар мен сағаттар (барлығы 36 лот) бар. Жалпы бастапқы құны: 517 834 035 теңгені құрайды. Сондай-ақ, Астанадағы «Париж кварталы» тұрғын үй кешенінен екі пәтер сатылатын болады: бірінші пәтер: 95 987 598 теңге, екінші пәтер: 308 757 871 теңге деп белгіленді. Бұдан бөлек «Green Village» тұрғын үй кешеніндегі тағы бір пәтер қойылды: бағасы: 181 913 935 теңге. Ең қымбат лот бұрын Қайрат Сатыбалдыұлына тиесілі «Kaisar Plaza» ғимараты: Сәуір айындағы бастапқы бағасы: 61,5…

Read More

Президент Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасымен кездесті.   Кездесу барысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ елді саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жаңғыртудың негізгі бағыттары талқыланды. Президент мемлекеттік институттарды одан әрі дамытуды, басқару тиімділігін арттыруды және халықтың тұрмыс сапасын көтеруді көздейтін қазіргі өзгерістер жөнінде айтты.

Read More

Ақтау теңіз портында кеме қатынасының қауіпсіздігін арттыруға және Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) өткізу қабілетін ұлғайтуға бағытталған Ақтау порты акваториясын тереңдету жобасын іске асыру жалғасуда. Бүгінгі таңда жобаны іске асыру үшін қажетті геодезиялық зерттеу жұмыстарын және алынған деректерді өңдеу аяқталды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі. Дайындық кезеңі аясында арнайы тереңдету жұмыстарын жүргізетін флот, басқа да техникалар мен жабдықтар жұмылдырылып жатыр. Сонымен қатар, учаскеде қоршау бөгетін салу жұмыстары жалғасады. Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 785 метр болатын құрылыстың 680 метрі салынды. Негізгі тереңдету жұмыстарын ағымдағы жылдың шілде айының екінші жартысында бастау жоспарланған. Жобаны 2026 жылдың соңына дейін толық аяқтау көзделіп отыр. Жұмыстардың нәтижесінде порт…

Read More

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қала аумағындағы 6 сектор бойынша кезекті халықпен кездесуі Яссы секторынан басталды. Кездесу барысында шаһар басшысы сектор аумағында атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен жыл басынан бері жүзеге асқан жобалар туралы баяндама жасап, алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстарды таныстырды. Сондай-ақ өткен жылы тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің орындалу барысына тоқталды. Бүгінде Яссы секторында 43 мыңнан астам тұрғын тұрады. Сектор аумағында 5 100 тұрғын үй, 191 көше, 400 кәсіпкерлік нысан, 6 мектеп, 3 аурухана, 26 балабақша, 5 саябақ, 3 колледж және 20 қонақ үй орналасқан. Кездесуде инфрақұрылым саласындағы атқарылған жұмыстар кеңінен баяндалды. Қазіргі таңда сектор тұрғындарының 99,5 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен…

Read More

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өңірдегі жұмыспен қамту жоспарының орындалу барысын кезекті рет көзден өткізіп, берілген тапсырмалардың жағдайын тексерді. Өңірлік жұмыспен қамту картасына сәйкес, 6 айда 46 779 жұмыс орны ашылуы тиіс. Басқарманың ұсынған есебінде, қазіргі таңда нақты 43 673 жұмыс орны құрылғаны айтылды. Бұл бағытта Сарыағаш, Отырар, Төлеби және Шардара аудандарының көрсеткіштері көңіл көншітпеді. Бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасқандардың үлесі Бәйдібек, Сарыағаш аудандары мен Кентау қаласында төмен.  Ұлттық жобалар және басқа да мемлекеттік тұжырымдамалар аясында жұмысқа орналастыру бойынша 6 айда 151 жобаға 917 азаматты жолдау көзделген болса, бүгінде 183 жобада 1666 жұмыс орны қалыптасып отыр.  Еңбек шарттарын тіркеу…

Read More

Шымкенттік оқушылар биыл «Күнделік» пен Halyk Bank бірлесіп жүзеге асырған «Үздік бағаларға – бонустар» бағдарламасы аясында демеушілердің арнайы қорынан жалпы көлемі 48,8 миллион теңге сыйақыны жеңіп алды. 2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша мегаполисте 488 өрен үздік шығып, әрқайсысы 100 мың теңге көлеміндегі ақшалай бонусқа ие болған. Ауқымды жобаға шаһардағы 198 мектептің шәкірттері қатысып, жоғары үлгерімдерін көрсетіп отыр. Статистика бойынша, жүлдегерлердің ең көбі 8 сыныптар арасында тіркелген – 95 оқушы. Одан кейінгі орындарда 9 сыныптар (82), 7 сыныптар (77) және 11 сыныптар (66) орналасқан. Білім ұяларының арасында А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназия, №23 мектеп-лицей, Ұлықбек атындағы №3 орта мектебі және М.Х.Дулати атындағы…

Read More

Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында 30 пәтердің кілтін тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараға қала әкімі Габит Сыздықбеков қатысты. Мегаполис басшысы тұрғындарды өмірлеріндегі маңызды оқиғамен құттықтап, азаматтарды қолжетімді әрі сапалы үймен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың маңызын атап өтті. Айта кетейік, жаңа пәтерлер қаланың қарқынды дамып келе жатқан тұрғын аудандарының бірі – Бозарық шағынауданында орналасқан. Баспана «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары аясында берілді. Қоныс иелерінің қатарында көп балалы отбасылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ, бюджет саласының қызметкерлері бар. Мұндай бастамаларды жүзеге асыру баспана қолжетімділігін арттыруға, тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға және қалалық жайлы орта қалыптастыруға бағытталған кешенді мемлекеттік саясаттың бір…

Read More