Автор: adilet.tv01@gmail.com

Қазақстандық азамат өзінің «танысымен» WhatsApp арқылы хат жазысып 3,5 млн теңгеден айырылды. Шымкенттік полицейлер алақтықпен айналысқан ұйымдасқан топты ұстады. Тергеу мәліметтері бойынша, алаяқтар WhatsApp арқылы жәбірленушілердің туысы не досы болып шұғыл көмек сұрап хабарламалар жіберген. Сөйтіп қажетті шоттарға ақша аударуға көндіріпті. Тек бір жәбірленуші өзінің танысымен хат жазысып жатқанына сеніп, 3,5 млн теңгеден айырылды. Арнайы операция кезінде киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдіктілердің жалдамалы пәтерінен 19 SIM картасын, 11 телефон мен планшетті тапты, олардың көмегімен қылмыс жасалған деп болжануда. Қазіргі уақытта Астана мен Шымкентте жалпы шығыны 7,5 млн теңгені құрайтын алаяқтықтың екі эпизоды анықталды. «Үш күдікті қамауға алынды, тергеу жалғасуда»,…

Read More

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында орын алған жол апатына кінәлі Александр Пак 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Алматыдағы әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апатына қатысты сот үкімі жарияланды. Сот Александр Пакты кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, марқұмдардың бірінің әкесіне моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге өтемақы төлеу міндеттелді.

Read More

Қазақстанда 2026 жылдың алғашқы төрт айында 1926 егіз және 54 үшем тіркелген. Ұлттық статистика бюросының деректері осындай! Есепті кезеңде төртемдер тіркелмеген. Егіздердің саны бойынша Түркістан облысы абсолютті көшбасшы болды — 263 жағдай. Екінші орында Алматы қаласы (245), үшінші орында – Алматы облысы (175) тұр. Үшемдер бойынша бірінші орынды Түркістан облысы, Атырау облысы және Шымкент қаласы өз ара бөліп алды. Аталған әр өңірде үш үшем, тиісінше тоғыз жаңа туған сәбиді құрайды.

Read More

 Шымкентте КСРО спорт шебері, боксшы Нұржан Қосмамбетовті еске алуға арналған бокс турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтіп, алғашқы жекпе-жектер басталды. Турнир Қазақстан Республикасы Кубогының бағдарламасына енгізілген. Жарысқа 2011 жылы туған 350-ден астам спортшы қатысуда. «Шымкент» кәсіби бокс клубында 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Нұржан Қосмамбетовті еске алуға арналған Қазақстан Республикасы Кубогы өтуде. Нұржан Қосмамбетов – өңірлік, республикалық, одақтық және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы. Бұл жарыс жас спортшыларды даярлауға арналған маңызды алаң болып табылады. Турнирге еліміздің барлық 20 өңірінен келген боксшылар қатысуда. Қазақстан Кубогы жас спортшыларға өз шеберліктерін шыңдауға және жоғары деңгейдегі жарыстарға дайындалуға мүмкіндік береді. Осындай турнирлерде тәжірибе жинаған жас…

Read More

2026 жылғы 19 маусымда бірқатар алаяқтық жасады деген күдік бойынша халықаралық іздеуде жүрген ер адам Түркиядан Қазақстанға депортацияланды. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, іздеудегі адам Самсун қаласында ұсталды. Тергеу деректері бойынша, 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында күдікті Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтты пайдаланып, Атыраулық екі тұрғынының жалпы сомасы 3 млн теңгеден астам қаражатын алдап, иемденген. Күдікті Алматы ПД уақытша ұстау изоляторында қамауда.

Read More

Алматыдағы Әл-Фараби көшесінде орын алған жол көлік оқиғасына қатысты сот отырысы жалғасуда. Тараптар  жарыссөзге шықты.  Айыптау актісінде прокурор Әлібек Күмісбеков сотталушының кінәсі іс материалдарымен толық дәлелденгенін атап өтті. Ол соттан Александр Пакты қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тануды және ең төменгі қауіпсіздік колониясында 10 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындауды сұрады. Прокурор бұл трагедияға кінәлі көлік тігзіндегенін, белгіленген жол ережелерін өрескел бұзғанын, жылдамдықты асырғанын, әсіресе мас күйінде болғанын айтты. Сонымен қатар, сотта Александр Пак кінәсін мойындап, өкініш білдірді. «Zeekr көлігінің соқтығысу алдындағы жылдамдығы шамамен 219 км/сағ болды. Осыдан-ақ, бәрі түсінікті. Түнгі уақытта мас күйінде қала аумағында осындай жылдамдықпен көлік жүргізу абайсыздық…

Read More

БЖЗҚ жариялаған 2026 жылға арналған зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегі қоғамда қызу талқылануда. Әсіресе жастарға қойылған талаптар әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Мәселен, 22 жастағы азаматтың зейнетақы қорында кемінде 7 миллион 250 мың теңге жинағы болуы тиіс деген көрсеткіш көпшілікті таңғалдырды. Қарапайым халық бұл соманы қазіргі экономикалық жағдайда жинау оңай емес екенін айтады. Инфляция мен күнделікті тауарлар бағасының өсуі тұрғындардың қаржылық мүмкіндігіне әсер етіп отыр. Сондықтан көпшілікті бұл межеге жету үшін қандай жалақы қажет және қажетті қаражатты қанша уақытта жинауға болатыны қызықтырады.

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экотуризмді ел экономикасының маңызды бағыттарының бірі ретінде айқындады. Осыған орай Түркістан облысына жұмыс сапары барысында «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінде отандық және шетелдік инвесторлардың қатысуымен көшпелі кеңес өтті. Жиында Біркөлік шатқалындағы демалыс аймағы, Қасқасу шатқалындағы туристік-рекреациялық кешен, Төлеби мен Түлкібас аудандарындағы туристік нысандар және KASKASU халықаралық тау шаңғысы кластері жобалары таныстырылды. Сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен бірге ұлттық парк аумағын әуеден бақылап, табиғи экожүйені сақтау және туристік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары талқыланды.

Read More

Түркістан облысында Бұхар бұғысы көбейіп келеді. Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен «Сырдария – Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі мекемесінің ұйымдастыруымен өткен баспасөз турында журналистер Сырдария маңындағы тұқымбақта күтімге алынған бұхар бұғыларының жай-күйімен танысты. Бұхар бұғыларын сақтау және көбейту мақсатында 1999 жылы Бүкіл дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) қолдауымен Түркістан орман шаруашылығы мекемесінің Қызылшаруа орманшылығы аумағында арнайы тұқымбақ құрылды. Бүгінде тұқымбақтың аумағы 22 гектарды құрайды. Биіктігі 3 метрлік темір тормен қоршалған. Тұқымбақ жанына қызметтік тұрғын үй салынып, бұғы бағушыларға пайдалануға берілген. Аумағын күзетуге және бақылап отыру үшін бейнебақылау камералары орнатылған. Бүгінгі таңда барлығы қалыпты жағдайда жұмыс…

Read More

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жаңадан салынған өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Маңызды нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бағдат Чайзада, Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов және азаматтық қорғау саласының ардагерлері мен қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысты. Шара барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, өңірде төтенше жағдайлардың алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтық қорғау жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар мұндай нысандардың шалғай елді мекендердегі қауіпсіздікті арттырудағы маңызын атап өтті. Өз кезегінде ауыл…

Read More