Түркістан қаласындағы «Керуен-Сарай» туристік кешенінде өткен «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Кентау қаласының мәдени күндері ұйымдастырылып, тұрғындар мен қала қонақтарына ерекше рухани әсер сыйлады. Мәдени шара барысында «Ұлттық құндылық – ел қазынасы» атты қолөнер шеберлерінің көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Ұлттық нақыштағы бұйымдар қойылып, шеберлердің қатысуымен арнайы шеберлік сағаттары өткізілді. Сонымен қатар Кентау өңірінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, келушілерге табиғи әрі сапалы өнімдер ұсынылды. Ұлттық мұраны дәріптеу мақсатында қазақ халқының төл спорт түрлерінен сайыстар өткізіліп, ұлттық ойындардың тәрбиелік және мәдени маңызы кеңінен насихатталды. Кентау қаласынан шыққан белгілі тұлғалар мен өңірдің өткені мен бүгінін бейнелейтін тарихи-танымдық көрме де көрермендердің ерекше…
Автор: adilet.tv01@gmail.com
Түркістан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Осы орайда Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен Сырдария өзенінің жағасында «Мөлдір бұлақ» акциясы өтті. Тазалық шарасына Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Мұхтар Төлепов, «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің орманшылары мен «Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-нің инспекторлары және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Жалпы 70-тен астам адам жұмылдырылып, Көксарай көпірінің маңы қоқыстан тазартылды. Облыс аумағында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында бірқатар іс-шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Биыл өңірдегі елді мекендер…
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аудан көлемінде кезекті жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылып, оған 1800-ге жуық мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері, жергілікті тұрғындар мен белсенді жастар қатысты. Аудан әкімі Серік Мамытовтың тапсырмасына сәйкес өткен ауқымды тазалық шарасының негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, елді мекендердің көркеюіне үлес қосу және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру болды. Сенбілік барысында қатысушылар жол жиектері мен ішкі көшелерді тазалап, саябақтар мен скверлердің аумақтарын ретке келтірді. Сонымен қатар қоғамдық орындардағы шөптер шабылып, жол бойындағы және жаяу жүргіншілер аймақтарындағы бардюрлер сырланды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде елді мекендердің келбеті жаңарып, тұрғындар үшін қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға тағы бір қадам жасалды. Тазалық…
Қала күні мерекесінде Шымкент қаласының өндірістік және экологиялық әлеуетін арттыруға бағытталған тағы бір маңызды инвестициялық жоба іске қосылды. Қаланың «Жұлдыз» индустриялық аймағында «Шымкент аккумуляторларды кәдеге жарату зауыты» ЖШС-нің жаңа өндірістік нысанының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, жобаның өңір үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті. Заманауи талаптарға сай жабдықталған кәсіпорын пайдаланылған аккумуляторларды экологиялық тұрғыдан қауіпсіз кәдеге жарату және қайта өңдеу бағытында жұмыс істейді. Бұл жоба қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды тиімді басқару және өндірістік ресурстарды қайта айналымға енгізу мақсатында жүзеге асырылып отыр. Жобаның жалпы инвестициялық құны — 2 миллиард теңге. Өндіріс орнын салу үшін «Жұлдыз»…
Биылғы Қала күні шымкенттіктер үшін көңіл көтеретін ән мен күй мерекесі ғана емес, әлеуметтік-экономикалық дамуына қарқын беретін жаңа жобалардың, кәсіпорындардың ашылуымен де есте қалғалы тұр. Бүгін Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында «Shymkent Qagazy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің макулатураны қайта өңдеу және картон қаптама өндіру зауыты салтанатты түрде іске қосылды. Бұл – мегаполистің өндірістік әлеуетін арттырып қана қоймай, өңірдің экологиялық қауіпсіздігі мен экономикалық дамуына серпін беретін маңызды жоба. Жаңа кәсіпорынның ашылу рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, өндіріс орнының жұмысымен танысты. Қала күні аясында пайдалануға берілген бұл нысан шымкенттіктерге жасалған ерекше тарту әрі қаланың тұрақты дамуына бағытталған нақты қадамдардың бірі…
Ордабасы ауданының Көктөбе елді мекенінің тұрғыны, 28 жастағы Анарқұл Жанар үшем дүниеге әкеліп, көпбалалы ана атанды. Жас ана жүктіліктің 34-аптасында уақытынан бұрын босанып, Алматы облысындағы перзентханада жоспарлы кесарь тілігі арқылы үш қыз баланы дүниеге әкелді. Нәрестелердің туған кездегі салмақтары 1650 грамм, 1600 грамм және 1780 грамм болған. Шексіз қуанышқа кенелген отбасы сәбилеріне Даяна, Диана және Дария деген есім берген. Қуанышты оқиғаға орай жас ананы Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасының басшысы Райымбек Берікұлы Тасырбаев арнайы құттықтап, ақжарма тілегін жеткізіп, сый-сияпаттарын табыстады. Ана мен сәбилердің денсаулығы жақсы. Жас отбасыға амандық, бақ-береке тілейміз! Үшемдердің өмір жолы жарқын, болашағы баянды болсын!
Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваның сапары Астана мен Ташкенттің стратегиялық серіктестігін ілгерілету тұрғысынан ерекше мәнге ие екенін атап өтті. – Сіздің сапарыңыз Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ортақ ынтымақтастықты дамыту үшін өте пайдалы болады деп санаймыз. Біздің саяси жүйелерімізде президент әкімшіліктері айрықша рөл атқарады. Мен әкімшіліктер арасындағы жұмыс қатынастарының жанданғанын әрдайым қолдаймын. Бір-бірімізбен байланыстарымыз артқан сайын Орталық Азиядағы тұрақтылық, өңірлік ықпалдастық нығая түседі. Өйткені Қазақстан да, Өзбекстан да тұтас көрсеткіштер бойынша ірі мемлекеттер саналады. Елдеріміз қазір дамудың бетбұрыс кезеңінде тұр. Бізге бейбітшілік пен қауіпсіздік қажет. Сонда ғана реформаларды сәтті іске асыра аламыз, – деді Президент. Мемлекет басшысы 2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және…
Шымкент қаласындағы тарихи-мәдени кешен – Цитадель аумағында «ЭтноFest» фестивалі мен этноауылдың салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараның лентасын қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қиды. Мерекелік шараға Әзербайжаннан келген туристік компания өкілдері де қатысып, екі ел арасындағы мәдени және туристік байланыстарды нығайтуға үлес қосты. Фестиваль аясында ұлттық салт-дәстүрлер таныстырылып, қолөнер шеберлерінің көрмелері ұйымдастырылды. Сондай-ақ қонақтар этномәдени бағдарламаларды тамашалап, қазақ халқының бай мұрасы мен дәстүрлерімен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды.
Түркістан қаласында өткен Қазақстан Республикасының VIII Халық ойындары өз мәресіне жетті. Еліміздің 20 өңірінен келген 2 мыңнан астам спортшы спорттың 10 түрі бойынша сынға түсіп, өзара мықтыны анықтады. 11-20 маусым аралығында ұйымдастырылған кешенді жарыс қорытындысында үздік өңірлер белгілі болды. Жалпыкомандалық есепте Түркістан облысының құрамасы 245,5 ұпай жинап, І орынды иеленді. Осылайша жерлестеріміз республикалық деңгейдегі ірі доданың жеңімпазы атанды. Екінші орынға 222 ұпаймен Шымкент қаласының құрамасы тұрақтаса, үшінші орынды 219 ұпай еншілеген Астана қаласының спортшылары иеленді. Түркістан облысының спортшылары жарыс барысында бірқатар спорт түрлерінен жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, әйелдер волейболынан және бес асықтан чемпион атанса, қол күресінен де үздік атанды.…
Шымкентте Қала күніне орай ұйымдастырылып жатқан мерекелік іс-шаралар легі республикалық ақындар айтысымен жалғасты. Дәл қазір «Түркістан» сарайында «Шырайлы, шежірелі құтты мекен…» атты республикалық ақындар айтысы өтіп жатыр. Қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған рухани шараға еліміздің әр өңірінен танымал айтыскер ақындар қатысуда. Дүбірлі додада Жансая Мусина мен Иран-Ғайып Күзембаев, Дидар Қами мен Мейіржан Жақып, Ержан Әміров пен Біржан Байтуов, Қайырхан Жұбаниязов пен Нұрмахан Жақыпбек, Серік Қуанған мен Нұрмат Мансұр, Рауан Қайдар мен Қажымұхан Абзалов өзара жұп құрды. Айтысты Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Аманжол Әлтай тізгіндесе, қазылар алқасына Қазақстанның халық жазушысы, қазақ айтыс өнерінің абызы Жүрсін Ерман…

