Түркістандық тәртіп сақшылары рейдке шықты. Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылында үш көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Апатқа «Газель», BMW және Toyota маркалы автокөліктері ұшырады. Жол апаты Жібек-жолы көшесінде болған. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Көліктерге механикалық зақым келген. ——- Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының полицейлері мен прокурорлары қоғамдық тамақтану орындарының бірінде рейд өткізді. Тексеру барысында заңнамалық тыйымға қарамастан келушілерге кальян сатылғаны анықталды. Кафе қызметкерлері тексеру жұмыстарына кедергі келтіріп, кіру есігін жабуға әрекет жасады. Олардың бұл әрекеті нәтижесіз болды.
Автор: adilet.tv01@gmail.com
«Дрифт жасаған», «Мемлекеттік нөмірсіз көлік басқарған». Түркістан – Шымкент тас жолында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз қозғалып жүрген автокөлікті тоқтатты. Құқық бұзушылық Темірлан ауылының маңында анықталды. Тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын мемлекеттік нөмірлік белгілерсіз басқарғаны белгілі болды. Сайрам ауданындағы Манкент ауылында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері ауыл орталығында BMW маркалы автокөліктің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, дрифт жасағанын анықтады. Тәртіп сақшылары аталған көлікті тоқтатып, жүргізушіні жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік материалдарды жинақтады. Құжаттар заң талаптарына сәйкес сотқа жолданды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде халықаралық деңгейдегі жоғары оқу орындарын ашу арқылы білім беру сапасын арттыру, озық технологияларды енгізу және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау жөнінде нақты міндеттер қойған болатын. Осы тапсырма аясында Түркістан қаласында халықаралық деңгейдегі «Woosong Kazakhstan University» университеті ашылды. Бұл жоба – Түркістан өңірі үшін ғана емес, бүкіл Қазақстанның жоғары білім беру саласы үшін маңызды тарихи қадам. Университеттің ашылуы елдің цифрлық трансформация стратегиясымен үндесіп, Қазақстанның Орталық Азиядағы білім мен инновация орталығы ретіндегі әлеуетін нығайтуға бағытталған. Қазіргі таңда Woosong University-ге қабылдау науқаны жүріп жатыр. 2025 оқу жылында университетке 107 студент қабылданды. Оның ішінде 100 студент Түркістан облысы әкімдігі бөлген…
Шымкент қаласында Медицина қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Биыл денсаулық сақтау саласы мамандарының кәсіби мерекесі Қала күнімен тұспа-тұс келіп, мерекелік іс-шараның маңызын арттыра түсті. Салтанатты жиында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың жоғары кәсібилігін, жанқиярлық еңбегін және қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығын сақтауға қосып жүрген өлшеусіз үлесін ерекше атап өтті. Денсаулық сақтау саласындағы көп жылдық адал еңбегі мен елеулі жетістіктері үшін үздік медицина мамандары жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды. Мегаполис басшысы Мемлекет басшысының атынан бірқатар қызметкерге «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалін табыстады. Сонымен қатар, бірқатар ақ халатты абзал жан қала әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.…
Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Түркістан облысының Құрметті азаматы, «Парасат», ІІІ дәрежелі «Барыс» және «Отан» ордендерінің иегері, белгілі әнші әрі термеші Татьяна Бурмистрованың шығармашылық қызметінің 50 жылдығына арналған мерейтойлық ән кеші жоғары деңгейде өтті. Салтанатты кешке Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, мерейтой иесін айтулы белесімен құттықтады. Өңір басшысы Татьяна Бурмистрованың ұлттық өнерді насихаттаудағы және қазақ мәдениетін дамытудағы елеулі еңбегіне тоқталып, оған ерекше құрмет көрсетті. Сонымен қатар өнер қайраткеріне облыс жұртшылығының ыстық ықыласы мен алғысын жеткізді. Кеш барысында әншінің өмірі мен шығармашылық жолын қамтитын арнайы бейнеролик көрсетіліп, қазақтың халық әндері мен дәстүрлі өнер…
Қала күніне орай Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен және мегаполис қонақтарымен бірге Достық шағынауданындағы бұрынғы қоқыс полигоны аумағында орналасқан Экопарктің ашылуына қатысты. 2024 жылдың қазан айында басталған жоба қалалық ортаны қайта құрудың ең маңызды үлгілерінің бірі болып табылады. Жаңа қоғамдық кеңістік құрылысының басында қала әкімі мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің бірлескен шешімімен Экопарк атауының таңдалғаны символдық мәнге ие. Қысқа уақыт ішінде ұзақ жылдар бойы қоқыс полигонымен байланысты болып келген аумақ толық өзгеріп, демалысқа, спортпен шұғылдануға және отбасылық уақыт өткізуге арналған заманауи қоғамдық кеңістікке айналды. Жобаны іске асырудың қаланың экологиялық инфрақұрылымын дамыту және жайлы қалалық ортаны қалыптастырудағы маңызы зор. Айта…
Түркістан облысында өтіп жатқан «БІРЛІК ЛАГЕРІ – 2026» аясында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев этнос жастарымен еркін форматта кездесті. Басқосуға сондай-ақ «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев қатысып, жастармен ашық пікір алмасты. Төлеби ауданындағы «Тау Самалы» демалыс аймағында өткен кездесу барысында жастар өз ой-пікірлерін ашық айтып, өңірдің қоғамдық өміріне, жастар саясатына және этносаралық келісімді нығайтуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Ашық әрі шынайы сұхбат жастардың белсенді азаматтық ұстанымын танытып, өзара сенім мен түсіністікті одан әрі арттырды. Еркін әңгіме барысында жастарға жаңа мүмкіндіктер, бастамаларды қолдау және бірлік пен татулық құндылықтарын дәріптеудің маңыздылығы туралы мазмұнды пікір алмасу өтті. Сонымен қатар лагерь…
Шымкентте Қала күні мерекесі кең көлемде аталып өтіп, тұрғындар мен қала қонақтарына бірқатар жаңа әлеуметтік, мәдени және қоғамдық нысандар тарту етілді. Мерекелік іс-шаралар аясында шаһардың инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды жобалар іске қосылып, тұрғындар үшін жаңа демалыс және мәдени кеңістіктер пайдалануға берілді. Қала күніне арналған іс-шараларға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев арнайы қатысып, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековпен бірге бірқатар жаңа нысандардың ашылу рәсімдеріне қатысты. Мереке қарсаңында мегаполистің әлеуметтік инфрақұрылымы жаңа қоғамдық кеңістіктермен толықты. Соның бірі – жеке инвестор қаржысы есебінен салынған «Шымқала» этноауылының алғашқы кезеңі. Жоба ұлттық мәдени мұраны дәріптеуге, туризмді дамытуға және шығармашылық индустрия өкілдеріне қолайлы орта…
Түркістанның «Тұран» футбол клубы бірінші лиганың 10-туры аясында өз алаңында «Ақтөбе-Жас» командасын қабылдап, жанкүйерлеріне тамаша ойын сыйлады. Кездесуде түркістандық ұжым қарсыласын 4:0 есебімен ойсырата жеңіп, турнирлік кестедегі үшінші орнын нығайта түсті. Стадионды толтырған жанкүйерлер ойын бойы команданы қолдап, мерекелік атмосфера қалыптастырды. Кездесуді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы тамашалап, жергілікті команданың ойынына қолдау көрсетті. Ойынның 11-минутында Мирас Тұрлыбек есеп ашса, 24-минутта Карам Сұлтанов команда басымдығын еселей түсті. Екінші таймда «Тұран» шабуылды үдетіп, 77-минутта Темірлан Мұрзағалиев мергендігімен көзге түсті. Ал 84-минутта Саят Бақтыбай пенальтиден гол соғып, матчтың қорытынды есебін 4:0-ге жеткізді. Осылайша, «Тұран» кезекті ірі жеңісіне қол жеткізіп, жанкүйерлерін қуантты. «Тұран»…
19 маусым – Шымкент қаласының туған күні. Биыл да мегаполистің басты мерекесі кең көлемде аталып өтіп, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше әсер сыйлады. Қала күнінің басты шарасы ретінде «Астана» алаңында ұйымдастырылған ауқымды гала-концерт көпшіліктің басын қосып, мерекелік көңіл-күйдің орталығына айналды. Гала-концертте жергілікті өнерпаздармен қатар отандық эстраданың танымал өнер жұлдыздары өнер көрсетті. Ән сүйер қауым Зируза, Еділжан, Заттыбек Көпбосынұлы, Досымжан Таңатаров, Әбдіжаппар Әлқожа, Төреғали Төрәлі, Нұрболат Абдуллин, Әділет Жауғашар, Ильхан, Райм және «КешYOU» тобының орындауындағы сүйікті әндерді бірге шырқап, ерекше әсерге бөленді. Мерекелік кештің шырайын келтірген тележүргізушілер Еркебұлан Мырзабек пен Марат Оралғазин көрермендермен еркін сұхбат құрып, думанды кештің сәнін арттырды. Кеш…

