Автор: adilet.tv01@gmail.com

Түркістан қаласындағы халықаралық есу арнасында байдарка мен каноэде ескек есуден ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты жалғасуда. Үш жарыс күнінің қорытындысы бойынша Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, өңір қоржынына 11 алтын, 10 күміс және 9 қола медаль салды. Ел біріншілігінде чемпион атанған спортшылар қатарында Полат Төребеков, Артем Терещенко, Алишер Хаетов, Ульяна Киселева, Ольга Шмелева және София Килейкина бар. Сондай-ақ Руслан Федотов, Дәулет Шалдар, Георгий Шмелев, Дильфузохон Эргашханова, Милана Абдубаева және Карина Нұрғалиева жүлдегерлер қатарынан көрінді.  Айта кетейік, Қазақстан чемпионатына еліміздің 11 өңірінен келген 130-ға жуық ескек есу шебері қатысуда. Чемпионаттың алғашқы күнінде спортшылар 1000 метр қашықтықта сынға түсіп, өзара мықтыны анықтады.…

Read More

Түркістан қаласындағы Керуен-Сарай туристік кешенінде өткен «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Қазығұрт ауданының мәдени күндері жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шара барысында аудан өнерпаздары ұлттық ән-күй мен дәстүрлі өнерді дәріптеген мазмұнды концерттік бағдарламасын ұсынып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар қолөнер көрмелері мен этномәдени экспозициялар қойылып, Қазығұрт өңірінің бай мәдени мұрасы мен шығармашылық әлеуеті кеңінен таныстырылды. Мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Мақсат Беркінбай фестиваль қонақтары мен туристерге аңыз бен ақиқат тоғысқан, тарихы терең Қазығұрт өңірінің ерекшеліктерін кеңінен таныстырды. Сондай-ақ киелі Қазығұрт тауының тарихи-рухани маңызы, табиғаты көркем туристік орындары, ежелгі мәдени мұралары мен қарқынды дамып келе жатқан әлеуметтік-экономикалық әлеуеті туралы баяндап, ауданның…

Read More

Түркістан облысында білім беру саласын дамыту, апатты, үш ауысымды және ыңғайластырылған мектептер мәселесін шешу бағытында жүйелі әрі жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған білім беру инфрақұрылымын дамыту және қолжетімді сапалы білім беру саясаты аясында жүзеге асырылуда. Сондай-ақ өңірдегі білім саласын жаңғырту жұмыстары Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауымен кезең-кезеңімен іске асырылып келеді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде пайдалануға берілген жаңа мектептер саны жыл сайын артып, білім беру инфрақұрылымы жүйелі түрде жаңартылуда. Атап айтқанда, 2018 жылы – 39, 2019 жылы – 26, 2020 жылы – 23, 2021 жылы – 37, 2022 жылы – 24, 2023 жылы – 22,…

Read More

Түркістанда Рәміздер алаңы бар «Астана» саябағының құрылысы жүріп жатыр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров құрылыс барысын қадағалап, жауапты басшылар мен мердігер компания директорына тапсырмалар берді. – Жоба жоспарға сай жүзеге асырылуы керек. Көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары да сапалы атқарылсын. Қатаң қадағалауда болады, – деді Нұралхан Көшеров. Жалпы саябақ аумағына 20,2 гектар жер бөлінген. Онда Рәміздер алаңы, аллея салынып, жан-жағы жайқалған бақпен қоршалады. 12 мың шаршы метр аумақ көгалдандырылса, қатты жабындылар алаңы 32 мың шаршы метрден асады. 800-ге жуық автокөлік сиятын автотұрақпен қамтылады. Аталған аумақта 20 мың адамның қатысуымен мерекелік іс-шаралар өткізуге мүмкіндік қарастырылады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Read More

Түркістан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес өңірде санитарлық тазалық талаптарының сақталуын бақылау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылып, тұрақты рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осыған орай облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Түркістан қаласындағы бірқатар нысандарды аралап, санитарлық тазалық пен қауіпсіздік талаптарының сақталу барысын тексерді. Атап айтқанда, «Қуаныш» және «Азиз» базарлары, көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен теміржол вокзалы аумағы зерделенді. Мониторинг барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Кейбір кәсіпкерлік нысандар мен азаматтардың санитарлық талаптарды сақтауға салғырт қарағаны, арық-атыздардың қоқысқа толып кеткені, қоғамдық орындарда…

Read More

Түркістан қаласында еліміздегі бірегей туристік нысандардың бірі – «Turan» аквапарк-су саябағының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құрылыс алаңына барып, жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты. Ауқымды жоба «TURAN» арнайы экономикалық аймағында іске асырылып жатыр. Қазіргі таңда құрылыс нысанында 160 жұмысшы күндіз-түні еңбек етуде. Құрылыс үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Инвестордың мәліметінше, алғашқы кезеңді биылғы тамыз айында аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған. Құрылысы биыл наурыз айында басталған квапарк пен туристік-сауықтыру кешені 11,7 гектар аумақта орналасқан. Жоба толық іске қосылған кезде жылына 200 мыңға дейін келушіні қабылдауға мүмкіндік береді. Нысан Түркістан тұрғындары мен қала қонақтарына заманауи демалыс пен ойын-сауық қызметтерін…

Read More

Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» туристік кешенінде облыстық «Өнерлі өлке» фестивалі аясында Шардара ауданының мәдени күндері жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көпшілікке ерекше рухани әсер сыйлады. Мерекелік іс-шара барысында Шардара ауданының тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі мен жетістіктері кеңінен насихатталды. Алаңға биіктігі 6 метрді құрайтын алып сәукеле орнатылып, ол қала тұрғындары мен шетелдік туристердің ерекше қызығушылығын тудырды. Сондай-ақ келушілерге эксклюзивті қолөнер бұйымдарының көрмесі мен шеберлік сағаттары ұсынылып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізіліп, арнайы концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды. Өңірдің өткені мен бүгіні, тарихи мұрасы мен үздік жетістіктері кеңінен дәріптелді. Іс-шара барысында Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков фестиваль қонақтары мен…

Read More

Мемлекет басшысы туризмді экономиканың басым бағыттарының бірі ретінде айқындап, өңірлердің туристік әлеуетін тиімді пайдалану жөнінде нақты тапсырмалар берген. Осыған сәйкес Түркістан облысында туризмді дамыту, туристік инфрақұрылымды жетілдіру және инвестиция тарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Түркістан облысына соңғы 8 жыл ішінде 2,5 миллионнан астам турист келген. Ал 2018 жылы өңірге 186,2 мың турист келсе, 2025 жылдың қорытындысымен бұл көрсеткіш 500 мың адамға жетіп, 2,5 есеге артты. Сонымен қатар облыстың тарихи-мәдени нысандарына 10 миллионнан астам біркүндік келуші келген. 2025 жылдың қорытындысы бойынша орналастыру орындарында демалғандар саны 347,8 мың адамды құрады. Оның ішінде 325 073-і – отандық туристер, 22 563-і – шетелдік туристер.…

Read More

Түркістанда Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиында медицина саласының үздік мамандары мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды. Сондай-ақ 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстық негізгі медициналық көрсеткіштерді орындауда үздік нәтиже көрсеткен Сауран аудандық емханасына жаңа автокөліктің кілті табысталды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров ақ халатты абзал жандарға алғыс білдіріп, денсаулық сақтау саласын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті. – Сіздерді Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер күн сайын адам жанына қамқор болып, саулық сыйлап келесіздер. Сондықтан халық сіздерді «Ақ халатты абзал жандар» деп құрметтейді. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халық денсаулығын сақтауды мемлекеттік саясаттың басты басымдығы ретінде айқындап келеді. Медицина…

Read More

Сауда орындарында мобильді аударыммен төлем қабылдайтындар қатаң жазаланады. Сауда және интеграция министрлігі елдегі базарлар мен сауда орындарында заң талаптарының сақталуын қатаң бақылауға алып, бұзушылықтарға қатысты қатаң жаза қолданады. Сауда және интеграция министрлігі базарлардағы санитарлық, ветеринарлық және салықтық талаптардың сақталуын күшейтіп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы министр Арман Шаққалиев мәжіліс кулуарында журналистерге айтты. Министрдің сөзінше, ел бойынша 63 ірі сауда орнында түрлі заң бұзушылық анықталған. Олардың қатарында санитарлық және ветеринарлық талаптардың сақталмауы бар, сондай-ақ мобильді аударымдар арқылы төлем қабылдаған. — Біз 63 ірі сауда орталығында заң бұзушылықтарды анықтадық. Оның ішінде ветеринарлық және санитарлық талаптар бойынша да кемшіліктер тіркелді. Бұл мәселелер жинақталып, қазір…

Read More