Шымкент қаласында еліміз бойынша алғаш рет жедел медициналық жәрдем қызметкерлерін интеллектуалды смарт-бейнежетондармен жабдықтау жобасын жүзеге асыру толық аяқталды. Жоба медициналық персоналдың қауіпсіздігін арттыруға және шұғыл медициналық көмек көрсету барысын жетілдіруге бағытталған. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин жедел жәрдем бригадаларына арнайы жабдықтарды табыстап, осылайша жүйенің қаладағы шұғыл әрекет ету қызметтерінде практикалық қолданысы басталды. Жоба қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы мен «Қазақтелеком» АҚ бірлескен жұмысы нәтижесінде жүзеге асырылып отыр. Медициналық бригадаларға жалпы саны 240 смарт-бейнежетон берілді. Жүйені орнату, баптау және жаппай пайдалануға енгізу бойынша барлық жұмыс толық орындалды. Айта кету керек, толық іске қосылуының алдында…
Автор: adilet.tv01@gmail.com
Түркістан қаласындағы «Керуен-сарай» туристік кешенінде Қазақстан Республикасының VIII Халық ойындарының ашылу салтанаты өтті. Ұлттық нақыш пен заманауи технология үйлескен мерекелік кеш көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Аманбай Нұрмұханбетов қатысып, спортшылар мен бапкерлерді дүбірлі доданың ашылуымен құттықтады. Облыс әкімі Халық ойындарының елдегі бұқаралық спортты дамытудағы маңызына тоқталып, Түркістан облысындағы спорт саласының жетістіктерін атап өтті. – Қасиетті Түркістанға қош келдіңіздер! Баршаңызды түркі дүниесінің алтын бесігі, киелі Түркістан төрінде өтіп жатқан VIII Халық ойындарының салтанатты ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін біз ұлттық…
2026 жылы Қазақстан халықаралық спорттық күнтізбедегі маңызды орталықтардың бірі ретінде әлемдік және құрлықтық деңгейдегі 20-ға жуық ірі жарысты өткізеді. Халықаралық жарыстар Астана, Алматы, Түркістан қалаларында ұйымдастырылып, олимпиадалық, паралимпиадалық және инновациялық спорт түрлерін қамтиды. Жылдың басты жарыстарының қатарында Астанада өткен дзюдодан Гранд-слам, Алматыдағы стенд атудан ISSF Әлем кубогы, Түркістандағы пара каноэден Азия чемпионаты, Астанадағы боччадан Әлем кубогы, Алматыдағы каратэден Азия чемпионаты, сондай-ақ таеквондодан (WT) Финалдық Гран-при бар. Сонымен қатар, 2026 жылдың ең ауқымды халықаралық жобаларының бірі – 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтетін «Болашақ ойындары» (Games of the Future) халықаралық мультиспорттық турнирі. Аталған жарыс дәстүрлі спорт пен цифрлық технологияларды…
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтіп, онда Қала күніне дайындық, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылы, сондай-ақ, қалалық инфрақұрылым нысандарын алдағы жылыту маусымына дайындаудың аралық қорытындылары қаралды. Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаевтың айтуынша, Қала күніне орай 17 мәдени-бұқаралық іс-шара өткізу жоспарланған. Мерекелік бағдарламалар 17-20 маусым аралығында қаланың түрлі алаңдарында, соның ішінде Арбатта, Қазақстан-Түркия достығы саябағында, Металлургтер және Шымсити саябағында өтеді. Сонымен қатар, этноауылда ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті дәріптеуге бағытталған Этнофест фестивалі ұйымдастырылады. Негізгі іс-шаралар 19 маусым күні Астана алаңында өтеді. Мұнда отандық және жергілікті өнерпаздардың қатысуымен гала-концерт…
Шымкентте сауда инфрақұрылымын дамытуға бағытталған тағы бір ауқымды жоба іске қосылды. Қаланың Тассай елді мекенінде заманауи талаптарға сай бой көтерген FOOD CITY көтерме сауда орталығы өз жұмысын бастады. Көкөніс пен жеміс-жидек саудасын жүйелеумен қатар, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бұл жаңа кешен алдағы уақытта мегаполистегі ірі логистикалық орталықтардың біріне айналмақ. Жаңа сауда орталығының ашылуына Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Үсен Исаев қатысты. Оның айтуынша, бұл кешен тек кәсіпкерлер үшін ғана емес, қарапайым тұтынушылар үшін де маңызды әрі қолайлы сауда орталығы болмақ. Салтанатты шараға кәсіпкерлер, қоғам белсенділері, белгілі спортшылар мен қала тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында көпшілікке ақ…
Меритократия қағидатына сәйкес қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымына Ермек Полатұлы Тұрманов тағайындалды. Ермек Полатұлы 1993 жылы Шымкент қаласында туған. Білімі жоғары, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетін әлемдік экономика, құқықтану мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы Еңбекші ауданы әкімінің аппаратында бастаған. 2016-2018 жылдары Шымкент қаласының кәсіпкерлік бөлімі өнеркәсіп, шағын, орта бизнес және сыртқы экономикалық байланыс секторының бас маманы болып қызмет атқарды. 2018-2023 жылдары Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы болып еңбек етті. Бүгінге дейін Шымкент қаласының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы…
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласының Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына Азамат Бұхарбайұлы Парманов тағайындалды. Азамат Бұхарбайұлы 1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылында туған. Білімі жоғары, Қазақ гуманитарлық Заң университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі – есеп және аудит, құқықтану. Еңбек жолын 2014 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілермен жұмыс және өндіріп алу бөлімінің бас маманы болып бастап, 2016 жылға дейін СҚО және Астана қаласында мемлекеттік кірістер басқармасында жауапты қызметтер атқарды. 2016-2017 жж – Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің аппараты халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің бас…
Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалдары құрылмақ. Жексенбі күні өткен партияның кезектен тыс съезі елдің түкпір-түкпірінен келген 600-ден астам делегат пен қонақтың басын қосты. Жиында жаңа саяси ұйымның стратегиялық бағыты айқындалып, алдағы мақсат-міндеттері жария етілді. Съездің басты тақырыптарының бірі – «Әділет» пен «Аmanat» партияларының бірігу мәселесі болды. Делегаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдап, қос партияның күш біріктіруі елдегі саяси жаңғыруға жаңа серпін беретінін атап өтті. Қолдау білдірушілер қатарында 30-дан астам қоғамдық ұйым өкілдері мен Amanat партиясының мүшелері де бар. «Әділет ТВ» телеарнасына берген сұхбатында партияның Саяси кеңес бюросының мүшесі Рауан Кенжеханұлы ұйым жұмысының басты нәтижесі өңірлердегі нақты істер мен халықпен тікелей…
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Химия – 2026: Ғылым мен өндірістің тұрақты дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ауқымды жиын химия саласындағы ғылыми зерттеулер мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ саланың өзекті мәселелерін талқылауға арналды. Конференцияның ашылу рәсімінде университеттің Басқарма Төрағасы – Ректор Дархан Ахмед Заки Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтау хатын оқып, жиын қатысушыларына ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар халықаралық ғылыми алаңдардың ғылым мен білімнің дамуына қосатын үлесі зор екенін атап өтті. Пленарлық отырыс барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі М.М. Бүркітбаев «ҚазКСР ҒА академигі А.Б. Бектұров – Қазақстандағы химия ғылымы мен…
Іс-шараға Шымкент қаласы мен Абай, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарының жастар саясаты саласының 40 маманы қатысты. Үш күнге созылған семинар барысында қатысушылар мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың заманауи тәсілдерімен танысып, жастарды қолдау тетіктері жөнінде тәжірибе алмасты. Сонымен қатар жастар ресурстық орталықтарының жұмысында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері қарастырылды. Айта кетейік, бүгінде елімізде 235 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Оның ішінде 17-сі облыстық, 37-сі қалалық және 181-і аудандық деңгейде қызмет көрсетеді. Орталықтар жастарға ақпараттық, құқықтық, психологиялық және әлеуметтік бағытта қолдау көрсетіп келеді.

