Астанада өрт сөндірілді. Сарыарқа ауданында Ы. Дүкенұлы көшесінде орналасқан жиһаз цехының аумағында қойма ретінде пайдаланылған бөлек тұрған уақытша құрылыстан өрт шықты. Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері өртті 30 шаршы метр аумақта жедел сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. ТЖМ өндірістік және қойма нысандарында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салады.
Автор: adilet.tv01@gmail.com
Қазақстан Республикасы Үкіметі 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен XXV қысқы Олимпия ойындарының жеңімпазы Михаил Шайдоров (мәнерлеп сырғанау) пен үздік алтылыққа енген Надежда Морозоваға (конькимен жүгіру) ақшалай сыйақы беру туралы қаулы қабылдады. Қаулыға сәйкес, Үкімет резервінен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына төлемдер бөлінді. Жалпы алғанда, 2 спортшы мен 5 жаттықтырушы ақшалай сыйақы алады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Михаил Шайдоровқа 250 000 АҚШ доллары, Надежда Морозоваға 5 000 АҚШ доллары мөлшерінде ақшалай сыйақы қарастырылған: Ақшалай сыйақы жүлдегер спортшылардың алғашқы, жеке және бас жаттықтырушыларына да төленеді. Сонымен қатар Олимпиада жүлдегерлеріне жергілікті атқарушы органдар тарапынан қосымша қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, әкімдіктер спортшыларға жергілікті…
19 маусым – Шымкент қаласының күні. Мерекеге орай қала тұрғындары мен қонақтары үшін қоғамдық көліктерде жол жүру ақысыз болады. Бұл шешім қала тұрғындарының мерекелік іс-шараларға ыңғайлы қатысуына мүмкіндік беру мақсатында қабылданды. Қала әкімдігі азаматтарды мерекелік бағдарламаларды тамашалап, саябақтар мен қоғамдық орындарда өтетін іс-шараларға отбасымен бірге қатысуға шақырады. Қала күні – баршамызға ортақ мереке! Мерекені бірге атап өтейік! Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Шымкент қаласының Текесу тұрғын алабында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді. Қала күні қарсаңында өткен салтанатты шараға шаһар әкімі Ғабит Сыздықбеков пен жергілікті тұрғындар қатысты. Бұл нысан тұрғындардың көптен бергі сұранысы негізінде бой көтеріп, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесіне айналды. Мәдениет үйін салу мәселесі биылғы жылдың басында қала әкімінің халықпен кездесуі барысында көтерілген болатын. Жаңа ғимарат ескі әрі заман талабына сай келмейтін нысанның орнына салынды. Құрылыс жұмыстары демеушілердің қолдауымен жүзеге асырылып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің нақты көрінісі болды. Қала басшысы жаңа мәдениет үйі тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне, жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға және түрлі мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін маңызды…
Зоосаябақты күтіп ұстауға жергілікті бюджеттен жыл сайын 700 миллион теңге бөлінеді. Қаражат қызметкерлердің еңбекақысына, жануарлардың азық-түлігіне, ветеринарлық қызметтер мен басқа да қажетті шығындарға жұмсалады. Шымкент зоосаябағы тұрғындар мен қала қонақтарының сүйікті демалыс орындарының бірі саналады. Мұнда жыл сайын шамамен 700 мың адам келеді. Қаладағы жол жөндеу жұмыстарына қарамастан келушілер саны азаймаған. Әсіресе, балаларымен келген отбасылар көп. Мамандардың сөзінше, Шымкенттің ыстық климатына жануарлардың басым бөлігі бейімделген. Сондықтан олар жаз мезгілін қалыпты жағдайда өткізіп, табиғи мінез-құлқын сақтап келеді. Айта кетейік, Шымкент зоосаябағында жануарлардың 306 түрі бар. Жалпы аң-құстың саны 3650-ге жуық. Оларды күтіп-баптап, қорғап, тамағын беру 138 қызметкерге жүктелген. Оның ішінде саябақтың…
Астанада Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның басшылығымен Үкімет жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Құрамы жаңартылған комиссияның алғашқы отырысына мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, сондай-ақ тіл білімі саласындағы танымал ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Отырыс барысында комиссия мүшелері орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі есептерін тыңдады. Атап айтқанда, оқу-ағарту жүйесіндегі мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін жетілдіру, 2023–2029 жылдарға арналған Тіл саясаты тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және қазақ тіліндегі контент үлесін арттыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында тіл…
Павлодар қаласында есірткі құралдарының заңсыз айналымы және қылмыстық кірістерді заңдастыру ісі бойынша сот үкімі шықты. Тергеп-тексеруді ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті жүргізді. З.Ф. Алекперовтің есірткі заттары қосылған көкнәр тұқымдарын азық-түлік өнімі ретінде көрсетіп, заңсыз өткізуді ұйымдастырғаны анықталды. Қылмыстық схемаға күдіктінің жақын туыстары да қатысқан. Олардың арасында жеткізу, сақтау, буып-түю және өткізу міндеттері бөлінген. Өнімдер басқа өңірден логистикалық компаниялар арқылы жеткізіліп отырған. Сату көкнәр тұқымы мен дәмдеуіштер ретінде жүзеге асырылған. Тінту барысында есірткі заттары араластырылған көкнәр тұқымдарының буып-түйілген партиялары тәркіленді. Қаражат қолма-қол ақша түрінде де, банк аударымдары арқылы да қабылданған. Қылмыстық жолмен алынған табысқа ұйымдастырушы екі автокөлік сатып алып, оларды жасыру…
Қытай инвесторлары Түркістан облысында бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытуда. Ұсынылған жобалар қатарында: Орталық Азиядағы ең ірі «Мұхит әлемі» кешені, 12 гектардан асатын заманауи аквапарк, энергетика саласындағы жобалар, жаңа өндіріс орындары мен логистикалық орталықтар бар. Бұл бастамалар өңірдің туристік әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және кәсіпкерліктің дамуына серпін беруі мүмкін. Түркістан бүгінде тарихи-рухани орталық қана емес, инвестиция мен туризм үшін де тартымды аймаққа айналып келеді. Жобалар толық іске асқан жағдайда, Түркістан Орталық Азиядағы ірі туристік және инвестициялық хабтардың біріне айналуы ықтимал. Дерек көзі: @baspana_consulting
Шымкент қаласы Абай ауданының аумағында орналасқан Дендропарк тұрғын үй кешенінде балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алу және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мақсатында кең көлемді түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Іс-шара Абай аудандық әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен өтіп, оған тұрғындар, көпбалалы отбасылар және тұрғын үй кешенінің белсенділері қатысты. Жаз мезгілінде балалардың терезеден құлау фактілері жиілейтіндіктен, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру басты міндеттердің бірі болып отыр. Осыған байланысты тұрғындарға қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар таратылып, көпқабатты үйлердің терезелеріне арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатудың маңыздылығы түсіндірілді. Іс-шара барысында Абай ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының офицері Дүйсен Нұргелді балаларды қараусыз қалдырудың салдары ауыр жағдайларға әкелуі…
Шымкент қаласының Ішкі саясат басқармасы басшысы төрағалығымен қоғамдық бірлестіктер мен кәсіпкерлік субъектілері арасында мемлекеттік наградалар мен рәміздердің заңды қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында түсіндірме отырысы өтті. Жиын барысында қолданыстағы заңнама талаптары, соның ішінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңына енгізілген өзгерістер кеңінен талқыланды. Негізгі талаптар мен шектеулер: Қоғамдық бірлестіктер тарапынан мемлекеттік наградаларға атауы немесе сыртқы келбеті бойынша толықтай немесе ішінара ұқсас ордендер мен медальдарды, төсбелгілерді тағайындауға және дайындауға заңмен тыйым салынады. Мемлекеттік емес наградалармен Қазақстан Республикасының, халықтың немесе Мемлекет басшысының атынан марапаттауға жол берілмейді. Кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік наградаларға ұқсас белгілерді дайындау мен өткізудің заңсыздығы, сондай-ақ бұл үшін Әкімшілік құқық…

