«Əділет» партиясының Екінші съезі 2026 жылғы 14 маусымда Астана қаласында өтеді.
Автор: adilet.tv01@gmail.com
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласында спорт және дене шынықтыру саласында атқарылған жұмыстар, қол жеткізілген жетістіктер мен алдағы жоспарлар таныстырылды. Биыл бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта 54 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізу жоспарланған. Сонымен қатар қаладағы 13 саябақ пен аллеяда спорт нұсқаушылары тұрғындарға күнделікті таңғы жаттығулар ұйымдастырып келеді. Қазіргі таңда қалада 35 спорт ұйымы жұмыс істеп, спорттың 65 түрі дамытылуда. Спорт мекемелерінде 16 мыңнан астам спортшы тұрақты түрде жаттығып, 1121 жаттықтырушы қызмет көрсетуде. Шымкентте спорттық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Қалада жалпы саны 877 спорт нысаны бар. Биыл Қаратау ауданындағы Тұран шағынауданында жаңа дене…
Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті тыңдады. Ғабит Сыздықбеков өткен жылдың қорытындысы бойынша қаланың жалпы өңірлік өнімі 5,7 трлн теңгеге жетіп, 11 пайызға артқанын баяндады. Жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны бойынша Шымкент еліміздің барлық өңірлері арасында екінші орынға шыққан. 2025 жылы шаһар экономикасына 859,5 миллиард теңге инвестиция құйылды, оның 72 пайызы жекеге тиесілі. Жалпы өсім – 7,5 пайыз. Соңғы үш жылда өнеркәсіп саласында құны 170 миллиард теңге болатын 50 жоба іске қосылып, 3,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Белсенді кәсіпкерлік субъектілер саны 133 мыңға жетіп, олар шығарған өнім көлемі 4,7 триллион теңгені құрады. Оның өңірлік жалпы өнімдегі үлесі 41…
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Шымкент қаласында азаматтық қорғаныс, сейсмоқауіпсіздік және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар баяндалды. Биылғы бес айдың өзінде қаладағы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелері мен ірі кәсіпорындарда 496 сейсмикалық оқу-жаттығу өткізілген. Оған 148 мыңнан астам адам мен 2400-ге жуық техника тартылды. Сонымен қатар, әуежай, сауда ойын-сауық орталықтары, тұрғын үй кешендері, базарлар және теміржол вокзалында өрт қауіпсіздігі бойынша тактикалық жаттығулар ұйымдастырылды. Брифингте халықты төтенше жағдайлар туралы жедел хабардар етуге арналған «Mass Alert» жүйесінің жұмысы да таныстырылды. Cell Broadcast технологиясына негізделген бұл жүйе белгілі бір аумақтағы барлық ұялы телефондарға бірнеше секунд ішінде ескерту хабарламасын жеткізуге…
ШЫМКЕНТТЕ 30 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ Шымкентте тағы 30 отбасы баспаналы болды. Жаңа пәтерлердің кілтін қала әкімі салтанатты түрде табыстап, тұрғындарды маңызды оқиғамен құттықтады, оларға амандық, береке және шаңырақтарына құт-береке тіледі. Баспана тұрғын үй кезегінде тұрған және «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген бағдарламалары аясында төлем қабілеттілігін растаған азаматтарға берілді. Қоныс иелері Ақжайық шағынауданындағы заманауи көп қабатты үйлерден пәтерлі болып отыр. Айта кетейік, пәтер иелерінің қатарында көп балалы және толық емес отбасылар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ, бюджет саласының қызметкерлері бар. Мұндай шаралар баспана жағдайын жақсартуды қажет ететін азаматтарға атаулы қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Жаңа үйлер барлық құрылыс…
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өңірде электронды еңбек шарттарын тіркеу, міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы аудару және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру мәселелеріне арналған маңызды жиын өткізді. Жиында еңбек қатынастарының ашықтығы мен азаматтардың әлеуметтік қорғалу заңдылығын қамтамасыз ету жайы талқыланып, нақты көрсеткіштер сараланды. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Мекенхан Қозыханұлы Өңірлік жұмыспен қамту картасының орындалу барысын баяндады. Бүгінгі таңда 663 мекеме 1314 азаматтың еңбек шарттарын электронды жүйеге енгізген. Бұл бағыттағы жұмыстар Бәйдібек, Созақ аудандары мен Кентау қаласында әлі де кенжелеп тұр. Міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) аударылуын қамтамасыз ету үшін жауапты мамандар аудан-қалаларда жұмыс берушілерге құқықтық және әдістемелік кеңес…
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес Жетісай ауданында кәсіпкерлік саласын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осыған орай аудан әкімі Серік Мамытов өңірдегі бірқатар кәсіпкерлік және өндірістік нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Алдымен аудан басшысы Жетісай қаласындағы орталық саябақ аумағында жеке инвестор қаржысы есебінен салынып жатқан заманауи аттракциондар мен балалар ойын алаңшасының құрылыс алаңында болды. Нысанның құрылыс сапасын бақылап, кәсіпкермен пікір алмасты. Балалардың қауіпсіздігіне басымдық беріліп, орнатылатын ойын құрылғыларының техникалық талаптарға сәйкестігі мен рұқсат құжаттарының толық болуы қатаң назарға алынды. Аудан әкімі мұндай демалыс орындарының халыққа, әсіресе, жасөспірімдер…
Түркістан қаласы әкімдігі мен «Фараб» кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап оқитын ұлт – зерделі қоғам» атты рухани-мәдени іс-шара өтті. Алқалы жиынға Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысып, сөз сөйледі. – Қадірменді зиялы қауым! Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойғаны баршаңызға мәлім. Бүгінгі келелі жиын – осынау бірегей бастаманы жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып отыр. Кітап – ақылына ақы сұрамайтын дос. Бүгінгі жиын төрінде аға толқын зиялы қауым өкілдері отыр. Жетекші буынның ізін жалғаған жастар қатысуда. Алдымызда отырған ата-әжелеріміз бен ағаларымыз – кітаппен тәрбиеленген буын. Өскелең ұрпақ осынау өнегелі дәстүрді…
Түркістан облысының инвестициялық көкжиегі кеңеюде. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Қытай сапары аясында халықаралық жетекші өнеркәсіптік және энергетикалық компанияларының өкілдерімен келіссөздер жүргізіп, өңір экономикасының жаңа даму мүмкіндіктерін талқылады. Алдымен Kibing Group компаниясының басшылығымен инвестициялық ынтымақтастық мәселелері қарастырылды. Компания құрылыс саласына арналған флоат және энергия үнемдейтін шыны өнімдерін, электрондық құрылғыларға арналған арнайы шыныларды, күн энергетикасында қолданылатын фотоэлектрлік шыныларды, сондай-ақ фармацевтикалық салаға қажетті жоғары сапалы шыны өнімдерін өндірумен айналысады. Тараптар Түркістан облысында флоат-шыны өндіретін және кварц құмын өңдейтін ірі өндірістік кешен салу жобасын талқылады. Облыс әкімі инвесторлармен бұған дейін де кездесулер өткізіп, жобаны жүзеге асыру мәселелері жан-жақты қаралған еді. Бұл жоба өңірдің өнеркәсіптік…
Шымкентте медицина қызметкерлері арасында дәстүрлі спартакиада өтті. Шымкент қаласында Медицина қызметкерлері күніне орай дәстүрлі спартакиада ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық шара жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді. Биылғы жарысқа қаладағы 43 медициналық ұйымның қызметкерлері қатысты. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, қатысушы командалар саны өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай артқан. Бұл медицина саласы мамандарының спортқа деген қызығушылығы мен белсенділігінің жоғары екенін көрсетеді. Спартакиада аясында кіші футбол, волейбол, үстел теннисі, 400 метрге жүгіру, 16 келілік гір тасын көтеру және арқан тарту бойынша жарыстар өтті. Екі күнге созылған дода қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер командалар Алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

