Қаржылық мониторинг агенттігі «CVK» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Қазіргі уақытта Агенттіктің аумақтық департаменттері еліміздің 14 өңірінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде. Жоба өзін маркетплейс ретінде таныстырып, қатысушыларға тұрақты табыс әкелетін түрлі инвестициялық «дүкен» пакеттерін сатып алу ұсынылған. Сауда қызметін имитациялау мақсатында жеке кабинетте шын мәнінде болмаған тауарларға қатысты орындалған тапсырыстар мен жеткізілімдер көрсетіліп, сол үшін виртуалды сыйақылар есептелген. Негізгі назар реферальдық жүйеге аударылған: қатысушыларға жаңа салымшыларды тартқаны үшін қатысушыларға ақшалай бонустар мен бағалы сыйлықтар уәде етілген. Агрессивті өңірлік маркетинг пен ауқымды жарнамалық науқанның нәтижесінде ұйымдастырушылар заңсыз схемаға шамамен 1,5 мың салымшыны тартқан. Жобаны ілгерлету мақсатында жабық үгіт-насихат кештері, кеңселердің салтанатты…
Автор: adilet.tv01@gmail.com
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми және іскерлік делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды. Сапардың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру аясында Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту және экономикалық байланыстарды тереңдету. Сондай-ақ өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру, тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, заманауи технологияларды енгізу және туризм саласын ілгерілету бағыттарына ерекше назар аударылуда. Бұл ретте Қытай Халық Республикасының жетекші компанияларымен, қаржы институттарымен және салалық қауымдастықтарымен ұзақ мерзімді, өзара тиімді әріптестік орнату көзделіп отыр. Облыс әкімінің жұмыс сапары Азиядағы гүл шаруашылығының ірі орталықтарының бірі және заманауи…
Түркістан облысының іскерлік делегациясының Қытай Халық Республикасының Юньнань провинциясына жасаған сапары өңірдің агроөнеркәсіптік даму бағытына жаңа серпін беретін маңызды тәжірибелік алаңға айналды. Делегация Цзиньнин ауданында орналасқан раушан гүлдерін топырақсыз технология — гидропоника негізінде өсіретін заманауи жылыжай кешенінің жұмысымен танысып, жоғары технологиялы гүл шаруашылығының өндірістік моделін зерделеді. Сапар барысында қазақстандық делегацияға жылыжай кешенінде қолданылатын озық агротехнологиялар жан-жақты көрсетілді. Атап айтқанда, кәсіпкерлер гидропоникалық өсіру жүйесі, автоматтандырылған суару және қоректендіру технологиялары, температура мен ылғалдылықты цифрлық басқару жүйелері мен толық өндірістік циклді автоматтандыру шешімдерімен танысты. Бұл технологиялар гүл өсіру процесін тек ауыл шаруашылығы деңгейінен шығарып, жоғары дәлдікпен басқарылатын өнеркәсіптік жүйеге айналдырады. Мұнда әрбір кезең…
Астана жағалауындағы заманауи дәретхана туралы видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, көпшілікті шошытты. Кадрларда дәретханаға кірген адамның сырттан анық көрініп тұрғаны байқалған. Бұл жағдай тұрғындардың алаңдаушылығын туғызды. Алайда Сарыарқа ауданы әкімдігі аппаратының мәліметінше, дәретхана қалыпты жұмыс істеп тұр. Есік толық жабылған кезде арнайы әйнек автоматты түрде күңгірттеніп, ішіндегі адамды сырт көзден жасырады. Кейін белгілі болғандай, ешқандай техникалық ақау болмаған. Полицияның хабарлауынша, елорданың 20 және 22 жастағы екі тұрғыны әлеуметтік желіге видео түсіру мақсатында әдейі пранк ұйымдастырып, әйнектің күңгірттену режимін қоспаған. Әзіл ретінде түсірілген видео көп қаралым жинағанымен, оның авторларына бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Енді олардың әрекетіне сот құқықтық…
Түлкібас ауданындағы Үшкіртау тауында құтқарушылардың көмегі тауға көтеріліп, өздігінен төмен түсе алмай қалған ер адамға қажет болды. Көмек көрсету үшін ТЖМ қызметкерлері жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары түнгі уақытта жүргізілді. Ер адамның орналасқан жері геолокация арқылы анықталды. Құтқарушылар оған жетіп, қажетті көмек көрсетті. Ер адам таудан аман-есен түсірілді.
Қазығұрт ауданында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, аудан аумағындағы өзен жағалауларына ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Экологиялық акция барысында Қазығұрт елді мекеніндегі Келес өзенінің жағалауы мен Алтынтөбе ауылдық округіне қарасты табиғаты көркем Аққұм сарқырамасы аумағы қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары атқарылды. Іс-шараға ауданға қарасты барлық мекемелері қызметкерлері, ауылдық округтер, білім беру ұйымдары, ерікті жастар және тұрғындар белсене қатысып, жалпы саны 1000-нан астам адам жұмылдырылды. Тазалық жұмыстарына 7 арнайы техника тартылып, қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен, қолғаптармен және қоқыс жинауға арналған арнайы қаптармен қамтамасыз етілді. Келес өзенінің жағалауында қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып, шөп шабу…
«Ашығын айтуымыз керек, бұған дейін азаматтар үшін мемлекеттік органдардың шешімдеріне және әрекеттеріне шағымдану, яғни, өз құқығын қорғау оңай болмайтын. Әкімшілік әділет жүйесі іске қосылған соң жағдай түбегейлі өзгерді. Ең бастысы, күмән тудыратын мәселелердің бәрі әділетті түрде адал азаматтардың пайдасына шешілетін болды. Ал соттар дәлелдеме жинау жұмысына ерекше мән бере бастады. Бұл – мемлекеттік органдар өздерінің шешімдерін және әрекеттерін заң жүзінде дәлелдеуге міндетті деген сөз. Статистикаға қарайтын болсақ, соңғы жылдары сот шешімдерінің жартысынан көбі азаматтар мен бизнестің мүддесіне сай шығарылған. Бұл да әкімшілік әділет жүйесінің нақты нәтижесі екені сөзсіз. Осылайша, қоғамымыз «судьялар әрдайым билік өкілдерін жақтайды» деген қасаң пікірден арыла бастады».…
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа инфляция деңгейі, қаржы секторының жағдайы, алтын-валюта резервтері және Ұлттық қор мен БЖЗҚ активтері туралы есеп берді. Ұлттық банктің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысында инфляция 12,3%-ға дейін төмендесе, 2026 жылғы мамырда 10,4%-ды құрады. Өткен жылы Қазақстанның алтын-валюта резервтері рекордтық 65,4 млрд долларға жетті. Ұлттық қордың валюталық активтері 63,9 млрд долларға дейін өсті. Ал БЖЗҚ активтері бір жылда 2,7 трлн теңгеге ұлғайып, 25,1 трлн теңгені құрады. Кездесуде қаржы жүйесін цифрландыру мәселесі де қаралды. 2025 жылы цифрлық активтерге арналған арнайы құқықтық режим іске қосылып, 30-дан астам пилоттық жоба жүзеге асырылды. Ақорда мәліметінше, Қазақстан өңірде алғаш болып…
Шымкенттегі 35748 әскери бөлімінде БҰҰ-ның Голан жоталарындағы бітімгерлік миссиясынан оралған әскери қызметшілерді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Бітімгерлер халықаралық миссия барысында жоғары кәсібилік, тәртіп пен әскери антқа адалдық танытып, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлестерін қосты. Іс-шараға әскери бөлімнің жеке құрамы, ардагерлер, сондай-ақ сарбаздардың туған-туыстары қатысты. Елге аман-есен оралған әскери қызметшілер миссияның өздері үшін үлкен өмірлік және кәсіби тәжірибе болғанын атап өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысты. Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді. Президент «Ұлттық нышандарымызды қадірлеу – отаншылдық рухының ең биік өлшемі» екендігін айтып, елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларға тоқталды. Бүгінгі салтанатты рәсімде әскери оқу орындарының үздік түлектеріне алғаш рет лейтенат емес, аға лейтенант шені табысталды. Мемлекет басшысы Үкімет таяу арада мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану мәселесі бойынша қаулыға қажетті түзетулерді енгізетінін жеткізді. Ал, еліміздің бас құжаты – Конституция 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Тамыз айында бір палаталы Құрылтай сайлауы өтеді, ал…

