Ауыл шаруашылығы – өңір экономикасының негізгі драйверлерінің бірі. Соңғы 8 жылда Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2,2 есе артып, 1,2 трлн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш 2018 жылы 551,1 млрд теңге болған. Жалпы өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап келеді. Агроөнеркәсіп кешеніне 1 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылды. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 106 мың гектарға ұлғайтылып, 919,4 мың гектарды құрады. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2018 жылы егіс көлемі 813,5 мың гектар болған. Мемлекет басшысының су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу жөніндегі тапсырмасы аясында биыл 27 мың гектар жерге енгізу жоспарланған болатын. Алайда…
Автор: adilet.tv01@gmail.com
Шымкентте қала күні қарсаңында қалалық инфрақұрылымды дамытуға, жайлы ортаны қалыптастыруға және тұрғындардың демалыс, шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жаңа нысандарды ашу рәсімдері одан әрі жалғасуда. Бүгін ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев қала күні мерекесіне орай жаңа нысандардың құрылысын аралап, әлеуметтік нысандардың ашылуына қатысты. Алдымен Нұрлыбек Машбекұлы жаңа әуежай терминалына барды. Іс-шарада Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, “Скат” әуекомпаниясының президенті Владимир Денисов әуежайдың мүмкіндіктерімен таныстырып, тыныс-тіршілігін баяндады. Сондай-ақ, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары екінші ұшу-қону жолағының құрылысы барысына куә болды. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимовтың айтуынша, құрылыс қарқынды жүргізілуде. Қазіргі уақытта жұмыстың 20 пайызы орындалған. Жолақтың ұзындығы -…
Шымкентте қос саябақ жаңа кейіпке енді. Олардың атауы да өзгерді. Бұрынғы Қиял әлемі мен Кең баба енді «Сити парк», «Жапон саябағы» деп аталады. Шымкент қаласы күнінде шаһар тұрғындары мен қонақтары қайта жаңғыртылған саябаққа келді. Субұрқақтар, жаңбыр сарқырамасы, амфитеатр мен шағын архитектуралық формалар. Жаңа кейіпке енген қос саябақта бұдан бөлек көз жауын алатын орындар көп. Жобалаушылардың тынығуға, серуендеуге келетіндер қолайлы атмосферада демалуы үшін барын салғаны бірден көрінеді. Әл-Фараби ауданында орналасқан қоғамдық кеңістікті жаңғыртып, көркейту атақты BI Group компаниясына жүктелген болатын. Межеленген 1 жылдың ішінде компания қос саябақты адам танымастай етіп өзгерткен. Аз ғана уақытта бір емес екі нысанды заманауи кейіпке енгізу…
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты жұмыспен қамту, азаматтардың табысын арттыру және еңбек нарығын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Түркістан облысында 2018 жылдан 2026 жылдың 1 маусымына дейінгі кезеңде облыста «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында жалпы 977 654 жұмыс орны құрылды. Құрылған жұмыс орындарының ішінде 265 245 адам Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен Ұлттық жобалар мен Тұжырымдамалар аясында жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру» тапсырмасы шеңберінде ашылған жұмыс орындарына 98 016 азамат орналастырылды. Осы кезеңде 463 443 адам тұрақты жұмыс орындарына орналасса, 245 940 адам субсидияланатын жұмыс орындарына жолданды. Оның ішінде, 58 653 жас…
Түсірілім тобы Түркістан облысы Полиция департаменті батальоны қызметкерлерімен бірге республикалық маңызы бар автожолда патрульдік қызметке шықты. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, соңғы уақытта жүргізушілердің жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдалану немесе құқық бұзушылықтарды тіркетпеу, айыппұлдар мен ақылы жол ақысын төлемеу мақсатында көліктеріндегі мемлекеттік нөмірлерді алып тастап жүру деректері жиілеген. Патрульдеу барысында түсірілім тобы осындай құқық бұзушылықтың біріне куә болды. Полицейлер мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз қозғалып келе жатқан автокөлікті тоқтатты. Жүргізушіге қатысты заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Көлік мән-жайды анықтау үшін арнайы айып тұрағына қойылды. Полиция қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдалану, сондай-ақ мемлекеттік нөмірсіз көлік басқару заңнаманы өрескел бұзу болып саналатынын және ол үшін…
Түркістан облысында туризм саласын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы ретте Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шаһардағы арбатқа арнайы барып, «KÖNE ARBAT» туристік маршутының жобасымен танысты. Аталған нысан 0,98 гектар аумақты қамтиды. Жалпы ауданы – 8307,40 шаршы метр. Жоба туристер мен қала тұрғындарының жайлы демалуына қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ кәсіпкерлік пен мәдени туризмді дамытуға бағытталған. Жоба аясында арбат аумағы кеңейтіліп, коммерциялық нысандар, террасалар, автотұрақ салу және абаттандыру жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде. Мәселен, іске асырылатын коммерциялық үй-жайлардың жалпы ауданы 1090,94 шаршы метр болса, террасалардың жалпы ауданы – 368 шаршы метр. Автотұрақ алаңы 4225 шаршы метр. Ал абаттандыру жұмыстары жүргізілетін аумақ…
Шымкент қаласында заңсыз кальян өнімдерін сатқан 9 мекемеге айыппұл салынды. Мамандардың айтуынша, қоғамдық орындарда кальян өнімдерін сату — заң талаптарын бұзып қана қоймай, азаматтардың, әсіресе жастардың денсаулығына қауіп төндіреді.Қалада кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүруін анықтау және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында рейдтік шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.Жауапты органдар кәсіпкерлермен бірлескен жұмысты күшейтіп, заң талаптарының қатаң сақталуын бақылауды жалғастыратынын мәлімдеді.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен қоғамдық-саяси ахуал бойынша апталық штаб отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау органдары, арнаулы қызмет орындары, тиісті басқармалардың басшылары қатысты. Сондай-ақ аудан-қала әкімдіктерінің орынбасарлары селекторлық режимде қосылды. Жиынның негізгі мақсаты – өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, қоғамдық келісімді нығайту және қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелерін талқылау. Жиын барысында жыл басынан бері жүргізілген мониторинг нәтижелері қаралып, облыстағы қоғамдық-саяси жағдайдың жалпы динамикасына талдау жасалды. Сондай-ақ ақпараттық кеңістіктегі ахуал сараланып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді. Отырыс қорытындысында облыс әкімінің орынбасары көтерілген өзекті мәселелердің барлығын қарап шығып, басқармалар мен тиісті құзырлы мекемелерге, қала және аудан әкімдерінің жауаптыларына құқықбұзушылықтың…
Мемлекет басшысының халыққа қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек көрсету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Түркістан облысында денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Түркістан облысы құрылғаннан бері өңірде жалпы саны 134 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. Атап айтқанда, 2018 жылы 1 дәрігерлік амбулатория іске қосылса, 2019 жылы 6 емхана, 1 дәрігерлік амбулатория және 1 қосымша ғимарат пайдалануға берілді. 2020 жылы модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды. 2022 жылы 1 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, 11 медициналық пункт және 1 облыстық жедел жәрдем станциясы ел игілігіне тапсырылды. 2023 жылы 1 аудандық емхана, 3 дәрігерлік амбулатория және 13 фельдшерлік-акушерлік пункт салынса, 2024…
Шымкент қаласында жастарды зиянды әдеттерден қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатында «Есірткісіз қала» және «Таза Қазақстан» акциялары ұйымдастырылды. «Есірткісіз қала» акциясы Шымкент қалалық Полиция департаменті мен Жастар ресурстық орталығының бастамасымен өтті. Іс-шараға коммуналдық қызмет мекемелерінің қызметкерлері, еріктілер, спортшылар және белсенді жастар қатысты. Акция барысында қатысушылар қала көшелерін, қоғамдық орындарды және білім беру ұйымдарының маңын аралап, есірткі құралдарын заңсыз насихаттайтын интернет-ресурстар мен байланыс арналары көрсетілген жарнамаларды анықтап, жою жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар жастар арасында есірткінің зияны, синтетикалық есірткілердің қауіптілігі және заңнамада көзделген жауапкершілік туралы кең көлемде түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Шымкент қалалық Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман…

