Автор: adilet.tv01@gmail.com

Электрондық сауда порталындағы бәссаудаға Перизат Қайрат иелік еткен төртінші автомобиль қойылды. Бұл Mercedes-Benz EQE 500 4 matic көлігі. Электрондық сауда порталында 2023 жылы шығарылған мемлекеттік нөмірі 111 KPK 01 «Mercedes — Benz eqe 500 4 matic» автокөлігі қойылған. Автокөліктің бағалау құны 26 269 000 теңгені құрайды. Сауда-саттықтың басталуы 9 шілдеге белгіленді.

Read More

Түркістан қаласында туристерге сапалы сервистік қызмет көрсету және қаланың туристік инфрақұрылымын дамыту мақсатында Smart Shuttle Bus Turkistan қалалық экскурсиялық маршруты іске қосылды. Маршрут әуежайдан басталып, теміржол вокзалы, Жаңа мешіт, Ботаникалық бақ, Мұз сарайы, Әкімшілік-іскерлік орталық, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Керуен-сарай туристік кешені, Қолөнершілер орталығы, Этноауыл, Ескек есу арнасы, Гауһар ана кесенесі және Орталық базар бағыттарын қамтиды. Экскурсиялық автобустар Wi-Fi желісімен, кондиционермен және USB қуаттау құрылғыларымен жабдықталған. Қозғалыс аралығы 15–20 минутты құрайды. Автобус күн сайын Визит центр автотұрағы мен Керуен сарай алдынан сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Айта кетейік, «Red Bus» экскурсиялық автобусының сыйымдылығы 65 орынға арналған. Билет құны балалар…

Read More

Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында Қазақстан полициясының күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері, қоғам өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Мегаполис басшысы полиция қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың адал қызметі, жоғары кәсібилігі мен антқа беріктігі үшін алғыс білдірді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау және құқықтық тәртіпті нығайту ісіндегі полицияның маңызды рөлін атап өтіп, «Заң және Тәртіп» қағидаты қоғам тұрақтылығының негізі екенін айтты. Іс-шара барысында қала әкімі қызметін үлгілі атқарған полиция қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар, құқықтық тәртіпті нығайтуға үлес қосып жүрген полицияның…

Read More

Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, мемлекеттік қызмет саласында жемісті еңбек етіп жүрген азаматтарды кәсіби мерекемен құттықтады.  – Сіздерді 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын! Халыққа адал қызмет ету – абыройлы және маңызды міндет. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Әрбір мемлекеттік қызметші мемлекетшіл болуы керек» деп атап өткен болатын. Сондықтан Отан алдындағы антымызға адал болып, ел сенімін ақтау – әрқайсымызға жүктелген үлкен сенім мен жауапкершілік. Қадірлі әріптестер! Биыл Түркістан қаласының облыс орталығы атанғанына 8 жыл толып отыр. Осы қысқа ғана уақыт ішінде сіздердің…

Read More

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапары нақты нәтижелерін бере бастады. Сапар аясында жүргізілген келіссөздердің жалғасы ретінде бүгін Түркістан қаласында Қытайдың жетекші өндірістік компанияларының бірі – Henan Sulipu Cable Co., Ltd. компаниясының өкілдерімен маңызды кездесу өтті. Кездесуде Түркістан облысында кабель өнімдерін өндіру және түсті металдарды терең өңдеу жөніндегі ауқымды инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Жалпы инвестиция көлемі 8,5 млрд теңгені құрайтын жоба өңірдің индустриялық әлеуетін арттырып қана қоймай, жаңа өндіріс орындарын ашуға және экспортқа бағытталған өнім көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.  Облыс әкімі Нұралхан Көшеров соңғы жылдары Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілгенін…

Read More

Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мемлекеттік қызмет жүйесінің дамуы мен тиімді жұмысына елеулі үлес қосқан қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ведомстволық наградаларын табыстады. «Үздік мемлекеттік қызметші» ведомстволық наградасымен қала әкімдігі аппаратының бас инспекторы Насурлаева Гүлжаһан Тасшабайқызы марапатталды. «Мемлекеттік қызмет ардагері» ведомстволық наградасы халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру бөлімінің бас маманы Байырбекова Алмира Сайлауқызына, сондай-ақ, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының өнеркәсіп және экспорт бөлімінің бас маманы Зайнутдинова Ләйлә Шамилқызына табысталды. Марапат иелерін құттықтаған шаһар басшысы мемлекеттік қызметтің жоғары жауапкершілікті, кәсібилікті және өз ісіне адалдықты талап ететінін атап…

Read More

Ингушетияда досын құтқару үшін Сунжа өзеніне секіріп кеткен 8 жастағы Хизир Дербичевті іздеу жұмыстары аяқталды. Баланың денесі шамамен бір аптадан кейін табылды. Республикалық үкіметтің мәліметінше, Хизирдің денесі 22 маусым күні жергілікті уақытпен 16:50-де табылған. Осыдан кейін Төтенше жағдайлар министрлігі іздестіру-құтқару жұмыстарының ресми түрде аяқталғанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы нақтылануда. Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 15 маусым күні орын алды. БАҚ мәліметінше, Хизир Сунжа өзенінің жағасында екі досымен бірге болған. Адам есімді бала суға құлап кетіп, ағаш бұтағына немесе тамырға жармасып үлгерген. Хизир оған көмектесу үшін суға секірген, алайда қатты ағысқа төтеп бере алмай, сумен  алып кеткен. Үшінші бала ересектерді көмекке шақыру…

Read More

Ведомство ел азаматтарына ескерту жасады. Қазақстан ІІМ қоғамдық орындарда адамның бетін тануға кедергі келтіретін киім киюге тыйым салынғанын еске салады. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-3-бабына сәйкес бірінші бұзушылық үшін ескерту қарастырылған. Бір жыл ішінде қайтадан бұзылған жағдайда 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады», — деп еске салды ведомствода. Аталмыш құқық бұзушылық үшін 1613 қазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Норма қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқықтық тәртіпті сақтауға бағытталған, деп атап өтті ІІМ. Бұл ретте шектеу ауа райы жағдайларына және медициналық көрсетілімдерге байланысты жағдайларға қолданылмайды. Тыйым қызметтік міндеттерін атқару және спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысу кезінде қолданылмайды.

Read More

Брюссельге ресми сапармен барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта Бельгияда білім алып, жұмыс істеп жатқан Қазақстан азаматтарымен кездесті. Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында отандастарымызды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады. – Жалпыхалықтық референдумда халқымыз бірауыздан, біртұтас қоғам болып Конституциямызды қолдады. Өте керемет құжат, 1 шілдеде күшіне енеді. Ата заңымыз халқымыздың темірқазығы болады. Сондықтан баршаңызды шын жүректен жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтаймын, – деді Президент. Сонымен қатар Президент шетелде білім алып, жұмыс істеп жүрген отандастарымызға қолдау білдірді.

Read More

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында тексерулер өтті — 185 айыппұл салынды. Жыл басынан бері әлеуметтік инспекторлар 485 тексеру жүргізді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында жарияланған. Тексерулерді жіктесек: 212 тексеру жоспардан тыс болды; 167 тексеру профилактикалық бақылау шеңберінде жүргізілді. Прокуратураның талабы бойынша 106 тексеру басталды. Әр түрлі ұйымдар тексерілді. Тексеру барысында келесі ұйымдар қамтылды: Мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар: 56; Денсаулық сақтау нысандары: 23; Білім беру мекемелері: 94; Әлеуметтік қорғау ұйымдары: 238; Мәдениет объектілері: 12; Спорт нысандары: 1; Көлік инфрақұрылымының объектілері: 3; Тамақтану объектілері: 5; Сауда объектілері: 29; Басқа ұйымдар: 29.…

Read More