Автор: sayasat_admin

Мамыр айының соңында Алматы қаласында «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында шағын футболдан іріктеу ойындары өтті. Оған «Жұлдыз», «Ялян», «Алатау», «Арыстан», «Бақорда», «Қырғауылды», «Кенжехан», «Арлан», «Алтын орда», «Саламат», «Барыс», «Байсат», «Қазына», «Тастақ» және тағы басқа сауда орталықтарында жұмыс істейтін жастардан құралған 16 команда қатысты. Жыл сайын дәстүрге айналған «Дүйсенбілік спорт» Жобасының тапсырыс берушісі – Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы. Оны ұйымдастыру биыл байқау құжаттарына сәйкес «Social project management» орталығы» қоғамдық қорына жүктелді. Турнир екі алаңда қатар өтті. Алғашқы іріктеу кезінде 16 команда 4 топқа бөлініп, өзара айналма ойындарын өткізді. Бір топта әр команда үш ойыннан өткізіп, ең жоғары ұпай жинаған 2 команда…

Read More

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 20.05.2026–08.06.2026 аралығында «Мектеп – университет – нарық: білім берудің жаңа архитектурасы» атты педагогикалық идеялар фестивалі өтуде. Фестиваль аясында халықаралық симпозиумдар, ғылыми конференциялар, директорлар форумы, цифрлық сауаттылық воркшоптары және халықаралық ұйымдармен бірлескен алаңдар ұйымдастырылып, білім беру жүйесінің жаңа бағыттары талқылануда. Университет басшылығының атынан фестивал қатысушыларын QyzPU-дың Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Суатай Сәбит Құрманжанұлы құттықтап, білім ордасының цифрлық трансформациядағы рөлін атап өтті. «Қазіргі жаһандық өзгерістер кезеңінде университеттердің рөлі тек кәсіби маман даярлаумен шектелмейді. Университет – қоғамның дүниетанымдық, мәдени және интеллектуалдық сапасын қалыптастыратын стратегиялық институтқа айналуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, педагогикалық идеялар фестивалі аясында білім берудің жаңа архитектурасын…

Read More

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Құрылтай – мемлекеттік институт тұғыры» атты конференция өтті. Ғылыми іс-шара университетте бастау алған «Мектеп – университет – нарық: білім берудің жаңа архитектурасы» педагогикалық идеялар фестивалі аясында ұйымдастырылды. Конференция барысында «Құрылтай феномені» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті. Зерттеу жұмысының бастамашысы әрі кітап авторы – мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Директорлар кеңесінің төрағасы, экономика ғылымдарының докторы Омархан Нұртайұлы Өксікбаев. Автор шығыстанушы, түрколог-лингвист ғалым Зәріпбай Жұманұлы Оразбаймен бірлесіп, ортағасырлық деректерді жүйелеген. Сондай-ақ еңбекте адамзат тарихындағы алғашқы құрылтай дәстүрлерінен бастап қазіргі Қазақстандағы саяси жаңғыру үдерісіне дейінгі тарихи сабақтастық ғылыми тұрғыда талданған. Омархан Нұртайұлы бүгінгі таңда…

Read More

2026 жылғы мамырдан бастап Қазақстанда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға арналған білім беру ұйымдарының педагогтерін оқыту басталады. Оқытуды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының 47 тренері жүргізеді. Бағдарлама заманауи халықаралық тәжірибелер мен SOS Қазақстан балалар ауылдарының тәжірибесіне негізделген. Бұл бастама балаларды қорғау жүйесін жетілдіруге және қиын өмірлік жағдайға тап болған, травмалық тәжірибе алған балалармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін енгізуге бағытталған. Бағдарламаға еліміздің барлық өңірлерінен жетім балаларға арналған білім беру ұйымдарының педагогтері, тәрбиешілері, психологтері, әлеуметтік педагогтері, әдіскерлері мен басшылары қатысады. Бүгінде еліміздегі жетім балаларға арналған білім беру ұйымдарында 1945 маман жұмыс істейді. Мамыр мен…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бейнебайланыс режимі арқылы Түркияда бой көтерген Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу салтанатына қатысты. Газиантеп провинциясының Нурдагы қаласында орналасқан заманауи білім ошағында 32 бастауыш және 4 мектепке дейінгі сынып қарастырылған. Ғимараттың жалпы ауданы – 6 мың шаршы метр. Білім беру кешені мамандандырылған оқу кабинеттерімен, зертханалармен, мәжіліс залымен, кітапханамен жабдықталған. Мектеп аумағында амфитеатр, спорт және балалар ойын алаңдары мен қазақтың ұлттық киіз үйі стилінде жасалған шатырлар бар. Құрылыс барысында жоба Түркияның қауіпсіздік талаптары мен қазіргі нормаларына сай жетілдіріліп отырды. Өңірдің ерекшелігіне бейімделген инженерлік шешімдер арқылы сейсмикалық қауіпсіздік, ылғалдан сақтау және жылу үнемдеу жүйелері қолданылды. 2023…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы қоғамдық көлікке, соның ішінде LRT жүйесіне мониторинг жүргізіп, жұмысын реттейтін Бірыңғай диспетчерлік орталықтың қызметімен танысты. Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, LRT жүйесін іске қосу аясында жеңіл рельсті көліктің арнаулы диспетчерлік қызметі жасақталған. Қаладағы қоғамдық көлікке мониторинг жүргізу және оның қызметін реттеумен 21 маман айналысады. Мемлекет басшысы жеңіл рельсті көліктің пайдалануға берілуі Астана мен еліміз үшін ерекше маңызды оқиға екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев елорда келешекте Еуразияның көлік хабына айналуға тиіс екенін айтты. Сондай-ақ жобаны табысты жүзеге асырған қытайлық компания тарапына ризашылық білдірді. Мемлекет басшысы LRT құрылысын жүргізіп жатқан қытайлық компания өкілдері мен CTS Transportation, Astana LRT жұмысшыларына…

Read More

Түркістан қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластық байланыс және рухани ынтымақтастық нышаны ретінде Түркістанда бой көтерген мешітпен танысты,- деп хабарлайды rus.adilet.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Құлшылық үйінің орталық залында Құран оқылды. Мешіт Өзбекстан Президентінің Түркістан тұрғындары мен барша қазақстандықтарға тартуы ретінде салынған. Ғимаратта дәстүрлі ислам элементтері заманауи құрылыс технологияларымен үйлесім тапқан. Қасбеті мен ішкі аумағы ұлттық ою-өрнекпен және мұсылман каллиграфиясымен безендірілген. Мұнаралардың биіктігі – 61 метр. Ғибадат орны жаңа инженерлік желілермен жабдықталған. Сондай-ақ абаттандырылған аумақта жарықтандыру жүйелері, демалыс аймақтары, субұрқақтар бар.

Read More