Түркістандық тәртіп сақшылары рейдке шықты.
Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылында үш көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Апатқа «Газель», BMW және Toyota маркалы автокөліктері ұшырады. Жол апаты Жібек-жолы көшесінде болған. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Көліктерге механикалық зақым келген. ——- Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының полицейлері мен прокурорлары қоғамдық тамақтану орындарының бірінде рейд өткізді. Тексеру барысында заңнамалық тыйымға қарамастан келушілерге кальян сатылғаны анықталды. Кафе қызметкерлері тексеру жұмыстарына кедергі келтіріп, кіру есігін жабуға әрекет жасады. Олардың бұл әрекеті нәтижесіз болды.


