Наше направление — поддержка государственной политики, способствующей устойчивому развитию экономики и социальной сферы страны.

Шымкентте мобильді байланыс сапасын жақсарту және интернеттің қолжетімділігін арттыру  жұмыстары жалғасып жатыр.

Биыл қалада қосымша 227 жаңа 5G базалық станциясын орнату жоспарланған дейді жауапты басқарма басшысы.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласында да жаңа цифрлық жобалар іске қосылады. Енді бірінші санатқа жататын шұғыл шақыртулар бойынша тұрғындар жедел жәрдем көлігінің қозғалысын Яндекс карта арқылы бақылай алады. Жүйе арқылы көліктің нақты орналасқан жері мен келу уақытын көрсетеді. Бірінші санаттағы шақыртулар дегеніміз емдеуді шұғыл қажет ететін,ауыр жағдайдағы науқастар.

Мамандардың айтуынша, цифрлық инфрақұрылымды дамытуға тұрғындардың қолдауы қажет. Өйткені, кей жағдайда базалық станцияларды орнатуға қарсылық білдіретіндер көп. Байланыс сапасын жақсартып жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамту үшін станциялар қажет.

Саят Айдосұлы

 

 

 

 

 

Share.
Leave A Reply

Exit mobile version