Наше направление — поддержка государственной политики, способствующей устойчивому развитию экономики и социальной сферы страны.

Астанада екі жол-көлік оқиғасына себепкер болған Toyota Land Cruiser жүргізушісі ұсталды. Полиция рөлде бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов болғанын растады. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші бірнеше көлікпен соқтығысып, оқиға орнынан кетіп қалған. Жедел іздестіру барысында аталған көлік Достық көшесінде тоқтатылды.

Қазір тексеріс жүріп жатыр. Оның нәтижесі бойынша жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, заң аясында тиісті шаралар қабылданады. «Жауапкершілік адамның танымалдылығына немесе жетістіктеріне қарамай, бәріне бірдей қолданылады», – деп мәлімдеді полиция.

Adilet-ақпарат

Share.
Leave A Reply

Exit mobile version