«Дрифт жасаған», «Мемлекеттік нөмірсіз көлік басқарған».
Түркістан – Шымкент тас жолында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз қозғалып жүрген автокөлікті тоқтатты. Құқық бұзушылық Темірлан ауылының маңында анықталды. Тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын мемлекеттік нөмірлік белгілерсіз басқарғаны белгілі болды. Сайрам ауданындағы Манкент ауылында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері ауыл орталығында BMW маркалы автокөліктің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, дрифт жасағанын анықтады. Тәртіп сақшылары аталған көлікті тоқтатып, жүргізушіні жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік материалдарды жинақтады. Құжаттар заң талаптарына сәйкес сотқа жолданды.
