Астанада екінші әуежайдың құрылысы 2027 жылы басталады.
Астана қаласында жаңа екінші әуежай салынады. Оның құрылысы келер жылы басталады. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, алдағы үш жыл ішінде еліміздегі әуежайлардың инфрақұрылымын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіледі. Қазіргі уақытта Елорда әкімдігі тарапынан тиісті дайындық жұмыстары басталып кетті. Министр Н. Сауранбаев жаңа нысанның құрылыс мерзімін, бюджетін және әуежай алаңының қай жерде орналасатынын әзірге нақтыламады.
«rus.adilet.tv» — ақпарат
